«Ақбота» қоғамдық қоры

«Ақбота» қоғамдық қоры
Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңке

Ақмола облысы, Арнасай а. ӘИЖ-2008 «Әлеуметтік жауапты мемлекет- қуатты Қазақстан»

«Дені сау қоғамдастық»

Ұзақ мерзімді, тұрақты және жүйелі жоба, әлі дамуын жалғасыруда. Ақмола облысының Аршалы, Целиноград, Шортанды аудандарының мектеп алды және мектеп мекемелерінің оқу-тәрбие процесінде көру мүшелері ауруларының, сколиоздың, майтабандылықтың алдын алу бойынша  инновациялық денсаулық сақтаушы псхологиялық-педагогикалық технологияларды енгізу  және Аршалы ауданының ауылдық ҮЕҰ арасында жапай спорт түрлерін тарату бойынша Ресурстық Орталық құрылды.

Жоба аясында Арнасай ауылындағы ауданы 286 кв м бос тұрған жертөледен ауыл мектептерінің, балабақшалардың асханасын дәруменмен байытылған тағамдармен жыл бойы қамтамасыз ететін көкөніс өнімдерін алу үшін фитожарық диодты жарықтандыруды қолданатын жер асты жылыжайы құрылды.

Жалпылама практикалық нәтижелер, жоба идеологиясын аймақтық және облыстық деңгейде таратуға мүмкіндік берді.