«Кітапқұмар» қоғамдық бірлестігі

«Кітапқұмар» қоғамдық бірлестігі
Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңке

Өскемен қ.

ӘИЖ-2010

«Интеллектуалдық жасампаз қоғам: білімдер мен жаңа технологиялар»

«Көмекші мектепке арналған мультимедиялық оқу құралдары»

№ 21 көмекші мектепке арналған мультимедиялық құралдар жасалды.

Мектепте ақыл-есі кем балалар оқиды, оларды оқыту арнайы оқу бағдарламалары мен жоспарлары бойынша құрылады. Оқу орнында плакаттар, буклеттер, макеттер, иллюстративтік материалдар, яғни оқу процесін қызықты әрі біршама тиімді ететін заттар болған жоқ. Мұндай өнімдер ешқашан жасалмаған және, сәйкесінше, мектепте ол ешқашан болмаған.

Жобаны іске асыру нәтижесінде мектеп педагогтарының оқу бағдарламалры мен ұсыныстарына сәйкес дайындалған электрондық оқу құралдары берілді.

Бұл – қазақ тілі, әлемді тану, әдебиет, еңбекке баулу, әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу бойынша мультимедиялық құралдар. Жоба аясында әзірленген электрондық оқу құралын қосымша республиканың тағы 16 көмекші оқу орны алды.