Батпенова Радина Амандыққызы

Батпенова Радина Амандыққызы
Өнер және мәдениет

«Жас шебер» үйірмесінің жетекшісі, С.Баишев атындағы Ақтөбе университетінде аға оқытушы. Ақтөбе.

Жоба: «Steppe Idea» (дала идеясы)

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған студия мен оқыту-эксперименталдық орталығын ашу. Бейнестудияда мүмкіндігі шектеулі балалар үшін бейнелеу өнері мен декоративтік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік класстары мен сабақтар өткізіледі. Сонымен қатар студияға аз қамтылған отбасынан шыққан балалар да келе алады.

«Steppe Idea» жобасы балаларға бейнелеу өнерінің барлық түрлерімен, түрлі техникаларда эксперимент жасауға, сонымен қатар бірлесе отырып арт-жобалар мен өз жұмыстарының көрмелерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

«Steppe Idea» – бұл Ақтөбе қ. мүмкіндігі шектеулі балармен және аз қамтылған отбасынан шыққан балалармен жұмыс істеуге арналған алғашқы тегін Бейнестудия.

«Steppe Idea» жобасы қосымша көркемөнерлік білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға сапалы білім беру мен әлеуметтендіруге тең мүмкіндік жасайтынын, сонымен қатар бейнелеу өнерін оқытудың арнайы әдістемесін дайындауға мүмкіндік беретінін атап өткеніміз жөн.

http://madeniet.aktobe.gov.kz/ru/node/46184

http://www.rikatv.kz/news/v-aktobe-otkrylas-izostudiya-dlya-detey-s-ogranichennymi-vozmozhnostyami.html

https://www.caravan.kz/news/v-aktobe-otkroyut-pervuyu-v-gorode-izostudiyu-dlya-detejj-s-ogranichennymi-vozmozhnostyami-393671/