Әлеуметтік іс-шаралар

Жыл сайын Қордың әлеуметтік іс-шаралары мен қайырымдылық акциялары 15 мыңнан астам адамды қамтиды. Олардың көбісі дәстүрге айналды және қазақстандық спортшылар, әртістер және қоғам қайраткерлері тарапынан қолдау тапты.

Соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған іс-шаралар

Біз шайқас даласында мерт болғандарды ұмытпаймыз және аман қалғандарды құрметтейміз. Біз халқымыздың ерлігі туралы есімізде сақтаймыз және осы естелікті ұрпақтан ұрпаққа жеткіземіз.

Жауынгерлік атақ залдары мен мұражайларының байқауы

“Жады эстафетасы: есте сақтаймыз және құрметтейміз” – бұл Ұлы Отан соғысының 70 жылдығын тойлауға арналған жауынгерлік даңқ залдары мен мұражайлар байқауы. Оған Алматының отыз жеті білім мекемесі қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қатысушыларына құрмет көрсету, сондай-ақ балалар мен жастар арасында патриотизм сезімін нығайту. Тоғыз жауынгерлік даңқ залы жеңімпаз атанды. Олардың жетекшілері соғыс ардагерлерінің қолынан жеке өз сыйлықтарын алды.

Ардагерлерге құрмет көрсету

9 мамыр күні Қор Жеңістің 70 жылдығын тойлауға орай қабылдау ұйымдастырды. Астанадағы Отан Қорғаушыларының алаңына Қазақстанның барлық өңірлерінен ҰОС ардагерлері шақырылды. Әр ардагер естелік сыйлықтар алды. Олар үшін ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлерінің орындауында әскер жылдарындағы әндер концерті өткізілді.

 

Бір халық, бір ел, бір тағдыр

«Бір халық, бір ел, бір тағдыр» — бұл қазақстандық тарихтың атаулы және драммалық эпизодтары туралы әлеуметтік роликтер сериясы.

Ұлы Отан соғысы, саяси қуғындар, Қазақстанға халықтарды күштеп аудару, қиын 90-жылдар – осы тақырыптардың әрқайсысына жеке фильм арналды. Жоба әр қазақстандықтың жүрегінен орын тапты, сондай-ақ Берлиндегі, Киевтегі және Бішкектегі әлеуметтік жарнамалардың беделді фестивальдерінде марапаттарға ие болды.

 

Жаңа жыл шыршасы

Қор жыл сайын Алматы қаласында балаларға арналған жаңа жылдық шырша өткізеді. Мерекелік іс-шара балалар үйінің, түзетуші мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілерін, сондай-ақ көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларын жинайды. Кішкентай қонақтарды тамаша концерттік бағдарлама, би, қызықты ойындар, байқаулар және Аяз Ата мен Ақшақардан сыйлықтар күтеді.

Балаларға арналған қысқы спорт ойындары

Балаларға арналған қысқы спорт ойындары алғаш рет 2016 жылы өтеді. Бұл Қордың жаңа әлеуметтік жобасы балалар арасында салауатты өмір салтын дамыту үшін құрылған.