Аман Келешек

Фестиваль девизі:
«Аман рух – Аман келешек» – «Здоровый дух – здоровое будущее»

«Аман Келешек» — бұл мектеп оқушыларын спорт пен шығармашылыққа дағдыландыратын шеберлік сағаттарының инклюзивті фестивалі. Фестиваль 2014 жылдан бастап өткізіледі. Бұл Қордың ең ашық және ауқымды балалар іс-шарасы. Оның ерекшелігі Фестивальге түзету мектеп-интернаттарынан, балалар үйлерінен, сондай-ақ мамандандырылған және жалпы білім беретін мектептерден балалар қатысуында.

Іс-шара бағдарламасы көрермендерге тамаша шоу ұсынатын споршылар, черлидерлер, гимнасшылар мен бишілердің салтанатты шеруінен басталады. Жыл сайын Фестивальде робототехника, волейбол, шахмат, астрономия, стрит-данс, жауынгерлік және цирктік өнер, граффити, кинотүсіру және басқа бағыттар бойынша кәсіби бағдарлау алаңдары өтеді.

«Аман Келешекті» қазақстандық Олимпиада спортшылары мен чемпиондар, танымал әртістер, сондай-ақ кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері қолдайды. Василий Жиров, Юрий Мельниченко, Илья Ильин, Дариға Шакимова, Мақсұт Жұмаев, Назым Қызайбай, Болат Жұмаділов салауатты өмір салты мен сүйікті іспен айналысу артықшылықтарын балаларға жеке мысалмен көрсетті.

ТМД елдерінде «Аман Келешек» жобасының баламасы жоқ. Жыл сайын оған шамамен 4 мың бала қатысады.

Біз бүгінде спортпен айналысатын, зияткерлік дамытатын және өнермен айналысатын жас қазақстандықтар – бұл болашақтағы бай және дені сау ұлт екеніне сенеміз.