Ғылым: Жол жүріс шығын гранттары

ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯЛАРҒА НЕ ҒЫЛЫМИ ТӘЖІРИБЕ ӨТУГЕ ҚАТЫСУҒА ЖОЛ ЖҮРІС ШЫҒЫН ГРАНТТАР

Грант жас ғалымдар мен студенттерге олардың біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеу нәтижелерін анықтау, отандық және халықаралық зерттеулерге кіру рұқсатын ұйымдастыру, зерттеу және білім институттары арасында байланысты нығайту үшін беріледі.

Грант сомасы жолына және екі аптадан аспайтын мерзім (14 күнтізбелік күн) тұрақтауға кететін шығындардан құралады. Грант бөлу байқау негізінде жүзеге асырылады.

ГРАНТ ТҮРЛЕРІ

Қордың жол жүріс шығын грант түрлері:

  • ғылыми конференцияларға (семинарға, конгреске, съезге) қатысуда жол жүріс шығын гранттары – ғылыми қызметкерлер үшін;
  • ғылыми тәжірибеден өту үшін жол жүріс шығын гранттары – ғылыми қызметкерлер үшін;
  • ғылыми конференцияларға (семинарға, конгреске, съезге) қатысу үшін студенттің жол жүріс шығын гранты – студенттер үшін.

ҮМІТКЕРЛЕР

Байқауға ғылыми зерттеулерге белсенді қатысатын, 40 жастан аспаған Қазақстан азаматтары, оқу дәрежесі бар (ғылым кандидаты не ғылым докторы, не философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор) ғылыми қызметкерлер (ғылыми ұйымдарда, жоғары оқу орнында немесе ұйымның ғылыми бөлімшесінде жұмыс істейтін тұлғалар) және ЖОО-ның бітіруші курстарының (магистратура, бакалавриат) студенттері қатыса алады.

ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАР

Байқау келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

  • Физика, математика, инженерлік ғылымдар;
  • Экология, жер туралы ғылымдар, ауыл шаруашылығы ғылымдары;
  • Химия, технология, техникалық ғылымдар;
  • Медицина және биология;
  • Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар.

ӨТІНІШ БЕРУ

Көрсетілген мерзімде үміткер тізімдегі қажетті құжаттармен бірге байқау өтініштерін береді (Ғылыми конференцияларға не ғылыми тәжирибеден өтуге қатысу үшін жол жүріс шығын Қор гранттарын бөлу ережелерін қараңыз). Өтініш барлық қосымша құжаттармен бірге ізденуші қолымен расталып бір данада беріледі.

ГРАНТ БЕРУ

Грант иегерлерін Қордың құрамында кемінде 5 мүшесі бар байқау комиссиясы анықтайды. Комиссия шешімдері қарапайым дауыс көпшілігімен ашық дауыс беру жолымен қабылданады.

ГРАНТ БӨЛУ

Грант (демеушілік көмек) бөлу туралы шарт жасалғаннан кейін бөлінеді. Сапардан келгеннен кейін грант иесі ақшалай қаражатты нысаналы пайдалануы туралы есеп береді. Мақсатсыз пайдалану фактісі анықталған жағдайда Қор төленген қаражаттың қайтарылуын талап етуге құқылы.

КЕРІ БАЙЛАНЫС

+7 (727) 220 92 24

E-mail: roza@fpp.kz

Word форматында жүктеу