Ғылыми іс-шаралар

«Қазіргі Қазақстандағы ғылымның инновациялық дамуы мен талап етілуі» халықаралық конференциясы

«Қазіргі Қазақстандағы ғылымның инновациялық дамуы мен талап етілуі» конференциясы — Қордың маңызды ғылыми іс-шараларының бірі. Бұл шара жалпы ғылым-білім кеңістігін құру  үшін жүздеген жас ғалымдарды біріктіреді. Сонымен қатар Конференция олардың әлеуетін дамытады және заманауи ғылымның өзекті міндеттерін шешуге тартады.

Жыл сайын іс-шараға  Қазақстаннан, Ресейден, Беларусиядан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Армениядан, Үндістаннан, Бангладештен және Италиядан бес жүз ғалымға дейін қатысады.

Конференция жұмысы ғылымдағы негізгі трендтер мен проблемаларды көрсететін секциялар бойынша өтеді. Кейін онда оқылатын баяндамаларды Қор басып шығарады.

Іс-шара аясында Қазақстанның жас ғалымдарының ғылыми жетістіктер көрмесі, «Үздік Жас Ғалымдар Кеңесіне» Республикалық байқау салтанаты мен Конференция қатысушыларына арналған шеберлік сағаттары өтеді.

Жас ғалымдардың Еуразиялық форумы «YES-Forum»

«YES-Forum» — бұл жас ғалымдардың мәселелері мен өзара қатынасын талқылауға арналған алаң. Қазақстанда Форум алғаш рет 2016 жылы өтеді. Оның ұйымдастырушылары: Қордың жас ғалымдар кеңесі, Ресей ғылым академиясының жас ғалымдар кеңесі, Беларуссия Ұлттық ғылым академиясының жас ғалымдар кеңесі мен Армения Республикасының Ұлттық ғылым академиясының жас ғалымдар кеңесі.

«YES-Forum» басты мақсаты — Қазақстанның, Ресейдің, Беларусияның, Арменияның жас ғалымдары арасында ғылым мен техниканың басым саларындағы ынтымақтасты реттеу. Сонымен бірге Форум білім беру кеңестігін кеңейтуге және соңғы ғылыми жетістіктерін көрсетуге шақырады.

Форум бағдарламаларына қатысушылар жобасының тұсаукесері, әйгілі ғалымдардың дәрістері, жастар сыйақысы лауреаттарының сөздері, постер сессиясы, сондай-ақ бірқатар дөңгелек столдар мен ғылыми зерттеулердің басым бағыттары бойынша форсайт-сессиялар жатады.

«Биология, медицина және фармация перспективалары» халықаралық конференциясы

«Биология, медицина және фармация перспективалары» — бұл осы салаларда өзекті проблемалар мен зерттеулерді талқылауға арналған Қордың жыл сайынғы ғылыми іс-шарасы.

Конференция 2013 жылдан бастап Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясымен бірлесіп өткізіледі. Оның басты мақсаты – биология, медицина және фармация саласындағы әзірленімдерді талқылау, сондай-ақ конференция қатысушылары арасында өзара тиімді ынтымақтастықты реттеу.