Ғылыми зерттеулер гранттары

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА ГРАНТТАР

Грант ғылым, технология және техниканың басым бағыттары бойынша қолданбалы зерттеу саласында ғылыми-зерттеу жобалары мен жұмыстарын қаржыландыру үшін жас ғалымдарға беріледі. Бұл жұмыстардың анық көрінетін импорталмастырушы әлеуеті, инновациялық пен әлеуметтік маңыздылықтың жоғары дәрежесі болуы тиіс.

Грант бөлу байқау негізінде жүзеге асырылады.

ЖҰМЫС БАҒЫТТАРЫ

Байқау келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

  • Физика, математика, инженерлік ғылымдар;
  • Экология, жер туралы ғылымдар, ауыл шаруашылығы ғалымдары;
  • Химия, технология, техникалық ғылымдар;
  • Медицина және биология;
  • Қоғамдық -гуманитарлық ғылымдар
  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тәуелсіз Қазақстаның құрылуы мен қалыптасуындағы рөлі туралы.

ҮМІТКЕРЛЕР

Байқауға ғылыми зерттеулерге белсенді қатысатын Қазақстанның азаматтары болып табылатын 40 жастан аспаған, оқу дәрежесі болатын (ғылым кандидаты не ғылым докторы, не философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор) ғылыми қызметкерлер (ғылыми ұйымдарда, жоғары оқу орнында немесе ұйымның ғылыми бөлімшесінде жұмыс істейтін тұлғалар) және ЖОО-ның бітіруші курстарының (магистратура, бакалавриат) студенттері қатыса алады.

ӨТІНІМ БЕРУ

Көрсетілген мерзімде үміткер қажетті құжаттар тізімімен бірге байқау өтінімдерін беруді жүзеге асырады (Ғылыми –зерттеу жұмыстарына Қордың грант бөлу ережелерін қараңыз). Өтінім барлық қоса берілетін құжаттармен ізденушінің қолымен расталған бір данада беріледі.

Байқау өтінімдерінің тұсаукесері жыл сайынғы «Инновациялық даму және қазіргі заманғы Қазақстанда ғылымға қажеттілік» Халықаралық конференциясының шеңберінде «Ғылым және жастар инновациясы» Қазақстанның жас ғалымдарының ғылыми жетістіктері көрмесінде ізденушілермен өткізіледі.

ГРАНТ БЕРУ

Грант иегерлері құрамынде құрамында кемінде 5 мүше болатын Қордың байқау комиссиясымен анықталады. Комиссия шешімі қарапайым ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

ГРАНТ БӨЛУ

Грант Қор мен алушы (ЖОО немесе ҒЗИ) арасында грант бөлу туралы шарт жасалғаннан кейін бөлінеді. Қор ғылыми-зерттеу жұмыстарының өткізілуін бақылауды қамтамасыз етеді және мақсатсыз пайдалану фактісі анықталған жағдайда аталған қаражаттардың қайтарылуын талап етуге құқылы.

КЕРІ БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 (727) 220 92 24

E-mail: roza@fpp.kz

Ережені жүктеу