Қор Лауреаттарының Концерті

Қор Лауреаттарының Концерті – дарынды қазақстандық әртістер мен сыйлықтар иегерлері және де Қор гранттарының иегерлерінің қатысуымен өтетін жыл сайынғы концерт. Аспапшылар, балет әртістері, әншілер, ақындар өздерінің үздік шығармаларын көрермендер назарына паш етеді.

Олардың арасында — Ермек Курманаев, Аида Аюпова, Жанна Орынбасарова, заманауи би труппасы «Самрук», Гаухар Тасбергенова, Андрей Трегубенко, Балкия Жамбурчинова, Жамиля Серкебаева, Олег Татамиров, «Інжу Маржан» ансамблі және басқа да танымал орындаушылар. Әдеттегідей іс-шара Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық Опера және Балет Театры сахнасында «Жүректегі арман асуларға жетелеген!» ұраны аясында өткізіледі. Лауреаттардың концерттері Қазақстанның дарынды жастарын қолдау мен олардың қайраткерлігін насихаттауда жарқын нышандардың бірі болып келеді.