«Алтын Тобылғы» Сыйлығы

2015 жылы Қор мемлекеттік тілді дамыту Қоры және Қазақстан жазушылары Одағымен серіктесе отырып Қазақстандағы бірегей «Алтын Тобылғы» әдеби сыйлығын жария етті. Сыйлық байқау негізінде 18 бен 35 жас аралығындағы жас жазушылардың бұрында басылмаған үздік туындыларына тартылады.

Жас әдебиетшілердің сайысы бес номинация бойынша өткізіледі: үздік проза, үздік поэззия, үздік драматургия, балаларға арналған үздік шығарма және арнайы номинация (жыл сайын анықталады).

«Алтын Тобылғы» сыйлығы Қазақстанның заманауи әдебиеті және кітап оқуға деген құштарлыққа қызығушылық тудыратынына сенімдіміз.

Алтын Тобылғы-2015

«Алтын Тобылғы» І жылдық Сыйлығына 120-дан астам сайыстық жұмыстар жіберілді. Қазылар алқасы құрамына қазақстандық танымал жазушылар, сценаристтер мен журналисттер кіреді. Олар

авторлық шығарманың саналық түпнұсқалығын және оқиға желісінің дамуын, көркемдік әдемілігі мен эстетикалық әсерліліктің тереңдігіне баға береді.

Астанада өткен «Алтын Тобылғы» сыйлығының салтанатты марапаттауында келесі номинацияларда төрт жеңімпаз анықталды:

  • «Үздік проза» — Арай Ертарғынова, 20 жаста (Өскемен);
  • «Үздік драматургия» — Аннас Бағдат, 31 жаста (Алматы);
  • «Балаларға арналған үздік шығарма» — Алексей Варзаев, 35 жаста (Шахтинск);
  • Арнайы «Мәңгілік ел» номинациясы — Есболат Айдабосын, 34 жаста (Талдықорған).

Жүлдегерлердің әр қайсысы 1 млн. теңге мөлшерінде қаржылай сыйлықақыға ие болды, ал арнайы номинация Сыйлығының иегері 1,5 млн. теңгемен марапатталды.

Алтын Тобылғы-2016

2016 жылдың 1 шілдесі мен 1 қарашасы аралығында «Алтын Тобылғы» ІІ Әдеби сыйлығына үміткерлікке өтініштер қабылдау өткізілді. «ҚР-ның Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған үздік шығарма» арнайы номинациясы жария етілді.

Сайыстың қорытындысы мен марапаттау рәсімі 2016 жылдың желтоқсан айында өткізіледі.