Ең Үздік Жас Ғалымдар Кеңесі

«Ең Үздік Жас Ғалымдар Кеңесі» — ҚР ғылыми ұйымдарында және ЖОО-да үздік ЖҒК атағына Қор байқауы. Байқау мақсаты — жас ғалымдардың бастамаларын қолдау және оларға өздерінің ғылыми әлеуетін жүзеге асыруға көмектесу. Жеңімпаздар кеңес қызметін қолдауға және дамытуға бөлінетін гранттары бар дипломдармен марапатталады.

ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ

Байқау іріктемесі келесі талаптар бойынша өткізіледі:

  • ЖҒК жұмысының белсенділігі және нәтижелігі;
  • Жүзеге асырылатын іс-шаралардың ерекшелігі, маңыздылығы мен болашағы.

ӨТІНІШ БЕРУ

Оқу орны көрсетілген мерзімде қажетті құжаттардың тізімімен бірге байқау өтініштерін беруді жүзеге асырады («Ең Үздік ЖҒК» атағына Қордың байқау өткізу ережесін қараңыз). Оқу орнының мөрімен расталған бір дана өтініш барлық қосымша құжаттармен беріледі.

ЖЕҢІМПАЗДЫ АНЫҚТАУ

Байқау жеңімпазын Қордың байқау комиссиясы анықтайды. Комиссия шешімі ашық дауыс беру жолымен жүзеге асырылады. Жеңіс кемінде 3/4 дауыс жинаған ізденушіге беріледі.

ГРАНТ БЕРУ

Ақшалай қаражат түрінде грант гранттың бөлінуі туралы шарт жасағаннан кейін бөлінеді. Қор оны пайдалануды бақылауға құқылы және мақсатсыз пайдалану фактісі анықталған жағдайда аталған қаражаттарды қайтаруды талап етуге құқылы.

КЕРІ БАЙЛАНЫС

Алматы қ., Иванилов к., 12а.

E-mail: сму@fpp.kz

Жүктеу: байқау өткізу ережесі және өтінім нысаны