«Болашақ ғалымдары» байқауы

«Болашақ ғалымдары» — бұл Қордың үздік ғылыми жұмыстар байқауы. Ол жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық бағыттар бойынша студенттер арасында өткізіледі. Байқау мақсаты — Қазақстандағы ғылымның одан әрі дамуы мен жастардың әлеуетін ашу.

ҮМІТКЕРЛЕР

Байқауға ғылыми-зерттеу жұмыстарын өз бетімен орындап аяқтаған жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады.

ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАР

Байқау келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

  • Физика және математика;
  • Химия, химиялық технология, техникалық және инженерлік ғылымдар;
  • Биология және медицина;
  • Жер туралы ғылымдар, экология және ауыл шаруашылық ғылымдары;
  • Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар;
  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен қалыптасуындағы рөлі туралы.

БАЙҚАУ КЕЗЕҢДЕРІ

Байқау екі кезеңде өткізіледі:

Байқау екі кезеңде өткізіледі:

  • оқу орнының ішінде атап көрсету үшін үздік студенттерді іріктеу;
  • республикалық турды оқу орындары атап көрсеткен және байқауға жіберілген студенттер арасында Қор өткізеді.

ӨТІНІМ БЕРУ

Оқу орны көрсетілген мерзімде қажетті құжаттардың тізімімен бірге байқау өтініштерін беруді жүзеге асырады («Болашақ ғалымдары» Қордың Республикалық байқауы туралы ережені қараңыз). Оқу орнының мөрімен расталған бір дана өтініш барлық қосымша құжаттармен беріледі.

ЖЕҢІМПАЗДЫ АНЫҚТАУ

Байқау жеңімпазы Қордың байқау комиссиясы анықтайды. Комиссия шешімі қарапайым ашық дауыс беру жолымен жүзеге асырылады.

ЖЕҢІМПАЗДЫ МАРАПАТТАУ

Байқау лауреаттары:

  • Қордың «Үздік ғылыми жұмыстары үшін» медальдерімен;
  • Республикалық байқау лауреаты дипломдарымен марапатталады.

КЕРІ БАЙЛАНЫС

Алматы қ., Иванилов, к., 12а.

E-mail: сму@fpp.kz

Байқау туралы ережені Word форматында жүктеу

Ережеге Қосымшаны Word форматында жүктеу