ЖАҢАЛЫҚТАР
20/07/2010
Иерусалимде ежелгі жазу үлгісі табылды
Израильде археологтар Иерусалим аумағындағы қазба жұмыстарының барысында ежелгі аккад тіліндегі саз тақтайша табылды. Мамандар бұл олжаның жасы 3,4 мың жылға жуық екенін анықтады.

20/07/2010
КХДР шекарасын бұдан былай оңтүстік корейлік роботтар күзетеді
Оңтүстік Корея шекарасын ҚХДР-дың жанжалынан арнайы робот-қарауылдар күзететін болады. Әзірге күзетті 2 робот жүргізеді, олар шекара бұзушылардың қозғалысын бақылауға және қажет болса оқ атуға да қабілетті.

20/07/2010
Мамонттың сойдақ тісі - Павлодардағы мектеп мұражайының жаңа экспонатына айналды
Павлодар облысы Григорьевка ауылының мұражайы жаңа экспонатпен толықты, деп хабарлайды мұражайды құрған педагог Еркін Ысқақов. Ертіс өзенінде балықшылардың торына бір метрден астам ұзындықтағы мамонттың сойдақ тісі түскен.

20/07/2010
Сингапурде әлеуметтік роботтар жасалды
Сингапурдің ASTAR ғылым, технологиялар және зерттеулер агенттігі жаңа жасалымдарын ұсынды, олардың ішінде алғашқы екі Olivia және Lucas әлеуметтік роботы бар. Бұл жаңалықтар Singapore Robocup 2010 дәстүрлі жарыстарында көрсетілді.

20/07/2010
Қарағанды облысында «Алтын адамды» тапқан археологтар өз олжаларын сенсацияға балап отыр
Қарағанды облысының Талды-2 көмбесіндегі қазба жұмыстары кезінде табылған олжа шынында да жаңалық әрі сенсация.

Жобалар

Жобалар

- Азаматтық қоғамның дамуына септігін тигізу

- Қоғамдық потенциалды жұмылдыру, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу үшін қоғамның мемлекеттік, коммерциялық және азаматтық институттары арасындағы шынайы әріптестікке ықпал ету мақсаты болып табылатын Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесін ұйымдастырып өткізу.

- Ғылыми, білім беру, мәдени жобалар

- Қазақстандық жас ғалымдарға Қазақстан мен шетелде өткізіліп жатқан ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға, семинарлар мен конгрестерге, сонымен қатар, ғылыми сынақтарға байқау негізінде қатысуға қаржылай көмек беру.

- Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары мен жоғарғы оқу орындарында жас ғалымдар арасында ғылым мен техниканың, технологияның басым бағыттары бойынша іргелі ғылыми зерттеулер өткізетін жылсайынғы байқаулар өткізу.

- Жас ғалымдарға ғылыми саладағы үздік зерттеулері үшін сыйақы тағайындау.

- Гуманитарлық, техникалық, жаратылыстану ғылымдары бойынша ең мықты ғылыми жұмыстарға республикалық байқау жариялап, өткізу. Бұл шараның мақсаты – жастардың кәсіби дамуы мен шығармашылық қабілетін арттыру жолында қолдау көрсету, соның негізінде Қазақстан Республикасының интеллектуалдық потенциалын жоғарылату, Қазақстан жастарының ғылымын дамыту үшін жоғарғы оқу орны студенттерін ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға ынталандыру.

- Қазақстанның шығармашылық жастарының халықаралық байқауларға, фестивальдарға, көрмелерге конкурстық негізде қатысуын қаржыландыру.

- Әлеуметтік және қайырымдылық жобалар

- Қайырымдылық шараларын ұйымдастыру және өткізу.

- Ана мен баланы қорғау бағдарламасын қолдау, жүзеге асыру.

- Мүгедектердің әлеуметтік өмірге бейімделуіне көмектесу.

- Халықаралық және гуманитарлық жобалар

- Халықаралық конгресс, конференция және басқа шараларды ұйымдастырып, бірлескен жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру.

Қор қазақстандық және шетелдік ұйымдармен жұмыс істеуге дайын.