ЖАҢАЛЫҚТАР
20/07/2010
Иерусалимде ежелгі жазу үлгісі табылды
Израильде археологтар Иерусалим аумағындағы қазба жұмыстарының барысында ежелгі аккад тіліндегі саз тақтайша табылды. Мамандар бұл олжаның жасы 3,4 мың жылға жуық екенін анықтады.

20/07/2010
КХДР шекарасын бұдан былай оңтүстік корейлік роботтар күзетеді
Оңтүстік Корея шекарасын ҚХДР-дың жанжалынан арнайы робот-қарауылдар күзететін болады. Әзірге күзетті 2 робот жүргізеді, олар шекара бұзушылардың қозғалысын бақылауға және қажет болса оқ атуға да қабілетті.

20/07/2010
Мамонттың сойдақ тісі - Павлодардағы мектеп мұражайының жаңа экспонатына айналды
Павлодар облысы Григорьевка ауылының мұражайы жаңа экспонатпен толықты, деп хабарлайды мұражайды құрған педагог Еркін Ысқақов. Ертіс өзенінде балықшылардың торына бір метрден астам ұзындықтағы мамонттың сойдақ тісі түскен.

20/07/2010
Сингапурде әлеуметтік роботтар жасалды
Сингапурдің ASTAR ғылым, технологиялар және зерттеулер агенттігі жаңа жасалымдарын ұсынды, олардың ішінде алғашқы екі Olivia және Lucas әлеуметтік роботы бар. Бұл жаңалықтар Singapore Robocup 2010 дәстүрлі жарыстарында көрсетілді.

20/07/2010
Қарағанды облысында «Алтын адамды» тапқан археологтар өз олжаларын сенсацияға балап отыр
Қарағанды облысының Талды-2 көмбесіндегі қазба жұмыстары кезінде табылған олжа шынында да жаңалық әрі сенсация.

Н.Ә.Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры, Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

1960 – 1969 жылдары - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1969 – 1973 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973 – 1977 жылдары - Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

1977 – 1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы.

1979 – 1984 жылдары - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

1984 – 1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

1989 – 1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

1990 жылдың 24 сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті.

1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті.

Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жеңіске жетті.

1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды.

2005 жылдың 4 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Қазақстан Халқы ассамблеясының төрағасы. Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы.

Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.