|
|
|
|
ЖАҢАЛЫҚТАР |
|
| |
20/07/2010
Иерусалимде ежелгі жазу үлгісі табылды
Израильде археологтар Иерусалим аумағындағы қазба жұмыстарының барысында ежелгі аккад тіліндегі саз тақтайша табылды. Мамандар бұл олжаның жасы 3,4 мың жылға жуық екенін анықтады.
20/07/2010
КХДР шекарасын бұдан былай оңтүстік корейлік роботтар күзетеді
Оңтүстік Корея шекарасын ҚХДР-дың жанжалынан арнайы робот-қарауылдар күзететін болады. Әзірге күзетті 2 робот жүргізеді, олар шекара бұзушылардың қозғалысын бақылауға және қажет болса оқ атуға да қабілетті.
20/07/2010
Мамонттың сойдақ тісі - Павлодардағы мектеп мұражайының жаңа экспонатына айналды
Павлодар облысы Григорьевка ауылының мұражайы жаңа экспонатпен толықты, деп хабарлайды мұражайды құрған педагог Еркін Ысқақов. Ертіс өзенінде балықшылардың торына бір метрден астам ұзындықтағы мамонттың сойдақ тісі түскен.
20/07/2010
Сингапурде әлеуметтік роботтар жасалды
Сингапурдің ASTAR ғылым, технологиялар және зерттеулер агенттігі жаңа жасалымдарын ұсынды, олардың ішінде алғашқы екі Olivia және Lucas әлеуметтік роботы бар. Бұл жаңалықтар Singapore Robocup 2010 дәстүрлі жарыстарында көрсетілді.
20/07/2010
Қарағанды облысында «Алтын адамды» тапқан археологтар өз олжаларын сенсацияға балап отыр
Қарағанды облысының Талды-2 көмбесіндегі қазба жұмыстары кезінде табылған олжа шынында да жаңалық әрі сенсация.
|
|
| |
|
|
|
|
|
|
|
Жас қазақстандық ғалымдар үшін байқаудың сыйлығын алуға |
|
| |
Жас қазақстандық ғалымдар үшін байқаудың сыйлығын алуға ХАБАРЛАНДЫРУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚОРЫ ғылым мен техника саласындағы ең үздік ғылыми зерттеулер үшін жас қазақстандық ғалымдарға арналған сыйлықтардан үміткер еңбектердің байқауын жариялайды.Байқауға 40 жастан аспаған жас ғалымдар және олардың ұжымдары (көп дегенде 3 адам) қатыса алады.Өтінімдерді беру мерзімі: 2008 жылғы 23 қыркүйектен 2008 жылғы 3 қарашаға дейін.Байланысу:Мекен-жайы: 050013, Алматы қ. Республика алаңы, 13Телефондар: (727) 270-05-24, 272-30-91, факс (727) 270-05-50Е-mail: roza@presidentfoundation.kz ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚОРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ Ғылым мен техника саласындағы ең үздік ғылыми зерттеулер үшін жас ғалымдарға арналған СЫЙЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры» Қоғамдық Қорының Қазақстан Республикасының ең дарынды жас ғалымдары мен мамандарына арналған жыл сайынғы сыйлықтары (бұдан әрі – сыйлықтар) төмендегі ғылыми бағыттардың бірі бойынша ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын жас ғалымдар мен мамандардың шығармашылық қызметін ынталандыру мақсатында белгіленеді:(01) Физика, математика, инженерлік ғылымдар.(02) Экология, Жер туралы ғылымдар, ауыл шаруашылығы ғылымдары.(03) Химия, технология, техника ғылымдары.(04) Медицина және биология.(05) Қоғамдық және ізгілік ғылымдары.БАЙҚАУДЫҢ ШАРТТАРЫ 1. Жалпы ережелер1.1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры» Қоғамдық Қорының ғылым мен техника саласындағы ең үздік ғылыми жетістіктер үшін жас ғалымдарға арналған кезекті жылдың сыйлықтарынан үміткер еңбектер Сыйлықтарды алуға арналған еңбектер байқауы туралы қыркүйекте айында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап 30 қазанға дейін қабылданады.1.2. Байқауға өзекті ғылыми мәселелерді шешу бойынша зерттеулер жүргізуге белсенді ат салысып жүрген, байқау өткізілетін жылы 40 жастан аспаған жас ғалымдар, аспиранттар, докторанттар, ғылым кандидаттары мен докторлары қатыса алады.1.3. Сыйлықтар жыл сайын жаратылыстану ғылымдары саласындағы ең мәнді жетістіктер – жаңалықтар, өнертабыстар, әзірленген және сынақтан өткізілген жаңа технологиялар, теориялық және іс-тәжірибелік үлкен маңызы бар жекелеген ғылыми еңбектер, біртұтас тақырыптағы ғылыми еңбектер тізбектері үшін; ізгілік ғылымдары саласында – теориялық және іс-тәжірибелік үлкен маңызы бар, зерттеулердің жаңашылдығымен және өзектілігімен ерекшеленетін, Республиканың экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына ықпалдасатын еңбектер үшін беріледі.1.4. Сыйлықтарды алу үшін ұсынылатын еңбектер олардың нәтижелері еңбектерді қабылдау мерзімі өткенге дейін кем дегенде бір жыл бұрын, яғни алдыңғы жылдың 30 қазанына дейін іс-тәжірибеде жүзеге асырылған болса қабылданады.1.5.Сыйлықтарды алу үшін соңғы бес жылда, соның ішінде байқау жарияланған жылдың алдындағы жылы іске асырылған, ғылыми жұртшылықтың арасында кеңінен танылған, ұйымдардың ғылыми кеңестерінде (ғылыми, ғылыми-техникалық, техникалық) жан-жақты талқылаудан өткізілген, жарияланған еңбектер ұсынылады.1.6. Бұрын Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы Мемлекеттік сыйлығын және республикалық бюджеттен төленетін басқа сыйлықтарды, сондай-ақ шетелдік мемлекеттердің сыйлықтарын алған еңбектер осы сыйлықты алуға арналған байқауға қатысуға жіберілмейді. Сыйлықты алуға арналған еңбек көп дегенде екі рет қана ұсынылады.Осы сыйлықтың лауреатының жаңа жетістіктері болған жағдайда, сыйлық осының алдында берілгеннен кейін бас жыл өтпей тұрып, екінші қайтара оған берілмейді. 1.7. Байқаудың жеңімпаздарын айқындауды Байқау комиссиясы айқындайды, оның құрамын «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры» Қоғамдық Қоры бекітеді.1.8. Комиссия мүшелерінің саны тақ саннан құралуға тиіс. Комиссияның отырыстары оның құрамының кем дегенде 2/3 бөлігі қатысып отырғанда толық құқылы деп саналады. Байқау комиссиясының құрамына тиісті бейіндегі мамандар кіреді, олар тұрғылықты жері мен жұмыс орнының қандай екенінен тәуелсіз, белсенді жұмыс істеп жүрген ғалымдар қатарындағы жоғары білікті, үздік құзырлығы әрі әділдік қасиеттерімен қатар кең ауқымды дүниетанымы бар, ғылыми және адамгершілік адалдығымен ерекшеленетін мамандар ретінде танылған болуға тиіс.Байқау комиссиясының мүшелерін Қор тараптардың келісуі бойынша ақысыз негізде немесе ақылы негізде (келісім бойынша) тартуы мүмкін. Ақылы негізде жұмыс істейтін ғылыми сарапшылар ретінде тартылатын адамдарды таңдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 1.9. Байқаудың қорытындысы бойынша шешім жасырын дауыс беру жолымен қабылданады. Грант отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелерінің дауыстарының кем дегенде 3/4 бөлігін жинаған қатысушыға беріледі. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді.1.10. Байқаудың қорытындысы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.1.11. Байқаудың жеңімпазына «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының сыйлығының лауреаты» атағы беріледі, лауреаттың дипломы, төсбелгісі және ақшалай сыйлық тапсырылады. Сыйлықтың ақшалай бөлігінің мөлшерлерін жыл сайын Қордың Қорғаншылық Кеңесі бекітеді.1.12. Сыйлықтар мен дипломдарды салтанатты жағдайда «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры» Қоғамдық Қорының Директоры, ал болмаған жағдайда – Қордың Атқарушы директоры тапсырады. Байқаудың нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.2. Еңбектерді ұсыну тәртібі 2.1. Қордың сыйлығын алудан үміткер еңбектерді ұсыну құқығы, меншік нысанының қандай екенінен тәуелсіз, Қазақстан Республикасының білім беретін және басқа да ұйымдарының (бұдан әрі – ұйымдар) ғылыми кеңестеріне (ғылыми, ғылыми-техникалық, техникалық) беріледі; Қордың сыйлығын алудан үміткер еңбектерді ұсыну туралы шешім сыйлықты алудан үміткер еңбек іске асырылған ұйымдарда белгіленген тәртіпте қабылданады.2.2. Сыйлықтарды алуға арналған еңбектерді ұсыну ақпараттық жариялылық қағидаларына негізделіп іске асырылуға тиіс, бұл төмендегілерден көрінеді: · ұсынылатын еңбек пен оның авторлары туралы ақпараттың жұртшылық үшін ашық болуы;· ғылыми-техникалық қауым еңбекті ұсыну бойынша көзделіп отырған талқылаулар мен шешімдер туралы хабардар етілуі;· еңбектің ұсынылуына қоғамдық бақылау жасалуын жүзеге асыру.Сыйлықтарды алу үшін ұсынылып отырған зерттеулер мен әзірленімдердің нәтижелерін өздерінде қолданатын ұйымдардың өкілдері еңбектерді талқылауға міндетті түрде қатысуға тиіс.2.3. Қордың сыйлықтарын алудан үміткерлер ретінде жеке авторлар, авторлық ұжымдар (көп дегенде 3 адам) – Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жас ғалымдардың еңбектерін ғана ұсынуға болады. Әр авторлар немесе авторлық ұжымдар байқауға тек бір ғана еңбекті ұсынуға құқығы бар.3. Еңбектерді рәсімдеу мен ұсыну тәртібі 3.1. Байқауға төмендегі құжаттар ұсынылады (бір данада, нөмірленген түрде ұсынылып, тігіледі және қолтаңбамен куәландырылады):1) ғылыми еңбектің сипаттамасы (20 парақтан аспауға тиіс), онда еңбектің мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңашылдығы, негізгі ғылыми нәтижелері, олардың мәнділігі және ғылымның әлемдік деңгейіне сәйкестігі, оларды келешекте пайдалану мүмкіндіктері.Сипаттамаға тақырыптық парақ (мемлекеттік тілде және орыс тілінде) қоса тіркеліп, еңбекті ұсынып отырған ұйымның атауы, еңбектің атауы, үміткердің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп, үміткердің қолы қойылады; 2) қысқаша аннотация (2 бетке жазылған), онда төмендегі мәлімет болуға тиіс: беттік жағында – еңбектің мемлекеттік тілде және орыс тілінде жазылған атауы: ұсынып отырған ұйымның толық атауы; автордың тегі, аты, әкесінің аты, оның жұмыс істейтін жері, лауазымы, ғылыми дәрежесі мен атағы; сыртқы бетінде – еңбектің қысқаша мазмұны және алынған нәтиженің маңызы, еңбектің авторының қолтаңбасы;3)ұсыныс-негіздеме, ұйымның басшысы қол қояды (ресми бланкте), еңбектің (еңбектер тізбегінің) ғылыми өзектілігі, Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін оның маңызы көрсетілуге, сондай-ақ үміткердің ғылыми қызметіне қысқаша сипаттама берілуге тиіс; 4) алқалы органның отырысының хаттамасынан үзінді көшірме, еңбекті ұсынған ұйымның мөрімен куәландырылуға тиіс;5) негізгі ғылыми еңбектердің тізімі (көп дегенде 10), үміткердің негізгі жұмыс орнындағы ұйымның мөрімен куәландырылуға тиіс; 6) еңбекті ұсынған ұйымнан алынған анықтама, оның басшысы қол қоюға, мөр арқылы куәландырылуға тиіс, ол байқауға ұсынған еңбектің (еңбектер тізімінің) байқау шарттарының 1.6.-тармағында аталған сыйлықтарды бұрын иеленбегенін куәландырады. 7) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ, жұмыс орнында куәландырылады немесе оқитын жерінен алынған анықтама (аспиранттар мен докторанттар);8) жеке бас куәлігінің көшірмесі;9) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі;10) зейнетақы қорымен жасалған шарттың көшірмесі және әлеуметтік дара кодының бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі.3.2. Байқауға қатысушы дайындаған байқауға қатысу туралы өтінім Қор айқындаған пішінде, мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде беріледі.Еңбектер осы Ереженің жағдайлары бұзыла отырып ұсынылған жағдайда, Байқау комиссиясының осы еңбектерді Республикалық байқауға қатыстырудан бас тартуға құқығы бар.Байқауға қатысуға электрондық почта және факс арқылы жіберілген өтінімдер қабылданбайды. Осы Ережеге 1-ші Тіркеме Тіркеу нөмірі ____________________Келіп түскен күні _______________ Байқауға қатысушының өтініміМен,______________________________________________________, ғылым мен техника саласындағы ең үздік ғылыми зерттеулер үшін жас ғалымдарға арналған сыйлықтар туралы ережені оқып шықтым және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры өткізетін байқауға қатысамын. Тіркеме: байқауға қатысуға арналған, _______ парақтағы құжаттар.Байқауға қатысушы ________________________________________________(қолтаңба)Толтырылған күні «___»________ 2008 года |
|
| |
|
|
|