|
|
|
|
ЖАҢАЛЫҚТАР |
|
| |
20/07/2010
Иерусалимде ежелгі жазу үлгісі табылды
Израильде археологтар Иерусалим аумағындағы қазба жұмыстарының барысында ежелгі аккад тіліндегі саз тақтайша табылды. Мамандар бұл олжаның жасы 3,4 мың жылға жуық екенін анықтады.
20/07/2010
КХДР шекарасын бұдан былай оңтүстік корейлік роботтар күзетеді
Оңтүстік Корея шекарасын ҚХДР-дың жанжалынан арнайы робот-қарауылдар күзететін болады. Әзірге күзетті 2 робот жүргізеді, олар шекара бұзушылардың қозғалысын бақылауға және қажет болса оқ атуға да қабілетті.
20/07/2010
Мамонттың сойдақ тісі - Павлодардағы мектеп мұражайының жаңа экспонатына айналды
Павлодар облысы Григорьевка ауылының мұражайы жаңа экспонатпен толықты, деп хабарлайды мұражайды құрған педагог Еркін Ысқақов. Ертіс өзенінде балықшылардың торына бір метрден астам ұзындықтағы мамонттың сойдақ тісі түскен.
20/07/2010
Сингапурде әлеуметтік роботтар жасалды
Сингапурдің ASTAR ғылым, технологиялар және зерттеулер агенттігі жаңа жасалымдарын ұсынды, олардың ішінде алғашқы екі Olivia және Lucas әлеуметтік роботы бар. Бұл жаңалықтар Singapore Robocup 2010 дәстүрлі жарыстарында көрсетілді.
20/07/2010
Қарағанды облысында «Алтын адамды» тапқан археологтар өз олжаларын сенсацияға балап отыр
Қарағанды облысының Талды-2 көмбесіндегі қазба жұмыстары кезінде табылған олжа шынында да жаңалық әрі сенсация.
|
|
| |
|
|
|
|
|
|
|
Мәдениет пен өнер саласындағы жас қазақстандық қайраткерлер үшін байқаудың сыйлығын алуға |
|
| |
Мәдениет пен өнер саласындағы жас қазақстандық қайраткерлер үшін байқаудың сыйлығын алуға ХАБАРЛАНДЫРУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚОРЫ барынша дарынды, жаңашылдығымен және біртумалығымен ерекшеленетін туындылар, бағдарламалар, жобалар үшін арналған сыйлықтардан үміткер еңбектердің байқауын жариялайды.Байқауға 40 жастан аспаған мәдениет пен өнер саласындағы жас қайраткерлер, олардың авторлық және шығармашылық ұжымдары (көп дегенде 8 адам) қатыса алады.Өтінімдерді беру мерзімі: 2008 жылғы 23 қыркүйектен 2008 жылғы 3 қарашаға дейін.Байланысу:Мекен-жайы: 050013, Алматы қ. Республика алаңы, 13Телефондар: (727) 270-05-24, 272-30-91, факс (727) 270-05-50Е-mail: roza@presidentfoundation.kz ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚОРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ Мәдениет пен өнер саласындағы жас қайраткерлерге арналған СЫЙЛЫҚТАР ТУРЛЫ ЕРЕЖЕ 1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры» Қоғамдық қорының (бұдан әрі – Қор) шығармашылықты ынталандыру мақсатында мәдениет пен өнер саласындағы жас қазақстандық қайраткерлерге арналған сыйлықтардан үміткер туындыларды ұсынудың, сыйлықтарды беру туралы шешім қабылдаудың тәртібін айқындайды.2. Сыйлықтар барынша дарынды, жаңашылдығымен және біртумалығымен ерекшеленетін, жұртшылықтың арасында кеңінен таралған, республиканың мәдени өміріне айтарлықтай үлес қосқан туындылар, бағдарламалар, жобалар үшін, мәдениет, өнер мен әдебиет саласындағы биік жетістіктер үшін беріледі. 3. Сыйлықтың мөлшерін қор белгілейды. 4. Сыйлықтар байқау негізінде жылына бір рет төмендегі бағыттар бойынша беріледі: (01) музыка өнері; (01) театр өнері; (01) бейнелеу өнері; (04) кино-бейне өнері; (05) көркем әдебиет; (06) журналистика, радио және телевидение; (01) хореография өнері; (08) эстрада және цирк өнері; (09) мұражай ісі; (10) кітапхана ісі.5. Сыйлықтарды алу бойынша байқаудың жеңімпаздарын айқындауды құрамын Қор бекітетін комиссия жүзеге асырады.6. Қор сыйлықтардың және байқау бөлімдерінің санын айқындайды.7. Байқауға қатысуға мәдениет пен өнер саласындағы жас қайраткерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ жыл ішінде тиісті салада елеулі жетістіктерге жеткен, 40 жасқа дейінгі авторлық, шығармашылық және басқа да ұжымдар (бұдан әрі – сылықтардан үміткерлер) жіберіледі.Бір адамдарға, ұжымдарға сыйлықтар бірнеше дүркін берілуі мүмкін.8. Сыйлықтардан үміткер болуға ұсынылатын еңбектер өтінімдер қабылдана бастағанға дейін кем дегенде бір жыл бұрын іс-тәжірибеде жүзеге асырылған (жарияланған немесе басқа бір тәсілмен көпшілікке жария етілген) болуға тиіс.9. Байқауға қатысатын еңбектерге қойылатын талаптар:Байқауға ұсынылатын еңбектер жеке дара немесе ұжымдық болуы мүмкін. Байқауда ұжымдық еңбек жеңіп шыққан жағдайда, сыйлық авторлық ұжымның мүшелерінің арасында тең бөліктермен үлестіріледі.10. Сыйлықтардан үміткерлерді ұсынуды шығармашылық одақтар, мемлекеттік басқару органдары, ғылыми ұйымдар, мәдениет пен өнер саласындағы мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар, жоғары білім беруді қамтамасыз ететін мекемелер, бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары, баспагерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар мен кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ жұмыскерлер ұжымдары (бұдан әрі - ұйымдар) жүзеге асырады. 10.1. Сыйлықтан үміткер ретінде авторлық ұжым ұсынылған кезде оның құрамына тек шығармашылық үлесі айқын басым болған негізгі авторлар ғана енгізіледі (көп дегенде 8 адам).10.2. Сыйлықтардан үміткерлерді ұсыну туралы шешім алқалардың, атқарушы комитеттердің, төралқалардың, басқармалардың редакциялық-баспагерлік, ғылыми кеңестердің және басқа да алқалы органдардың хатшылықтарының отырыстарында, жұмыскерлер ұжымдарының жиналыстарында, жоғары талаптылық пен жариялылық жағдайында қабылданады.10.2. Сыйлықтардан үміткерлерді жұмыскерлердің ұжымынан ұсыну туралы шешімді ұйымда жұмыс істейтін адамдардың кем дегенде 51 пайызы қабылдауға тиіс.10.3. Әр үміткердің жыл сайынғы байқауға тек бір ғана өтінімді беруге құқығы бар.11. Байқау комиссиясына ұсынылатын материалдардың құрамы:11.1. Мәдениет пен өнер саласындағы ұйымдардың басшылары сыйлықтарды алудан үміткерлердің кандидатураларын ұсынғаннан кейін Қорға төмендегі құжаттарды береді:· сыйлықты алудан үміткерді ұсыну туралы өтінім-хат;· сыйлықты алудан үміткерді ұсыну туралы алқалы органның отырысының, жұмыскерлер ұжымының жиналысының хаттамасы;· сыйлықты алудан үміткердің немесе жұмыскерлерінің ұжымы сыйлықты алудан үміткер ретінде ұсынылған ұйымның қызметі мен шығармашылық жетістіктері туралы ақпарат;· сыйлықты алудан үміткер қандай еңбектер үшін ұсынылса, солардың басылымдары, жарияланымдары, фотосуреттері, репродукциялары, дыбыстық және бейне жазбалары; · сыйлықты алудан үміткердің өмірбаяндық деректері және оның куәлігінің көшірмесі, жұмыскерлерінің ұжымы сыйлықты алудан үміткер ретінде ұсынылған ұйымның құрылтай құжаттарының көшірмелері және оның басшысының өмірбаяндық деректері;· сыйлықты алудан үміткердің еңбегінің жұртшылықтың арасында кеңінен танылғанын дәлелдейтін, бұқаралық ақпарат құралдарындағы пікірлердің, басқа құжаттардың көшірмелері (көп дегенде 5).· еңбекті ұсынған ұйымнан алынған анықтама, оның басшысы қол қоюға, мөр арқылы куәландырылуға тиіс, ол байқауға ұсынған еңбектің (еңбектер тізімінің) бұрын сыйлықтарды иеленбегенін куәландырады.· кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ, жұмыс орнында куәландырылады немесе оқитын жерінен алынған анықтама (аспиранттар мен докторанттар);· Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі;· зейнетақы қорымен жасалған шарттың көшірмесі және әлеуметтік дара кодының бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі.12. Комиссияның шешімі еңбектерді комиссия мүшелерінің сараптамалық бағалауы әдісімен, дауыс беру жолымен қабылданады. Комиссияның шешімі отырысқа оның мүшелерінің кем дегенде үштен екі бөлігі қатысып отырған жағдайда толық құқылы деп саналады, хаттамамен рәсімделеді және Қордың шешімімен бекітіледі.13. Сыйлықтар мен тиісті дипломдарды салтанатты жағдайда Қордың Директоры, ал болмаған жағдайда – Қордың Атқарушы директоры тапсырады.14. Байқаудың жеңімпазына «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының сыйлығының лауреаты» атағы беріледі, лауреаттың дипломы, төсбелгісі және ақшалай сыйлық тапсырылады. Сыйлықтың ақшалай бөлігінің мөлшерлерін жыл сайын Қордың Қорғаншылық Кеңесі бекітеді.15. Байқауға қатысушы дайындаған байқауға қатысу туралы өтінім Қор айқындаған пішінде, мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде беріледі.Еңбектер осы Ереженің жағдайлары бұзыла отырып ұсынылған жағдайда, Байқау комиссиясының осы еңбектерді Республикалық байқауға қатыстырудан бас тартуға құқығы бар.Байқауға қатысуға электрондық почта және факс арқылы жіберілген өтінімдер қабылданбайды. Осы Ережеге 1-ші Тіркеме Тіркеу нөмірі _________________ Келіп түскен күні_______________ Байқауға қатысушының өтініміМен, _____________________________________________, мәдениет пен өнер саласындағы жас қайраткерлерге арналған сыйлықтар туралы ережені оқып шықтым және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры өткізетін байқауға қатысамын. Тіркеме: байқауға қатысуға арналған, ________ парақтағы құжаттар.Байқауға қатысушы _______________________________________________(қолтаңба)Толтырылған күні «___»________ 2008 года |
|
| |
|
|
|