Грант үшін байқау – 2009 туралы хабарландыру БАЙҚАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ Жас ғалымдар арасында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге берілетін гранттар үшін қосымша байқау жариялайды. Байқауға 40 жасқа дейінгі қазақстандық жас ғалымдар – ғылым кандидаттары мен докторлары, докторанттар, аспиранттар қатыса алады. Өтініш беру мерзімі: 20 мамырдан 2009 жылдың 2 шілдеге дейін. Байқау шарттары туралы ақпаратты Word форматынан алуға болады. Байқауға қатысу туралы өтінішті де Word форматынан алу керек. Бюджеттік өтініш жобасын дайындауға қажетті ақпарат Word форматынан алу керек.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қоры жас ғалымдардың Қазақстанда және шет елдерде өткізілетін ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға, семинарларға және конгрестерге қатысуына мүмкіндік беретін «Іс-сапарлар үшін гранттар» байқауын жариялайды. Байқауға қазақстандық жас ғалымдар – университеттердің оқытушылары және зерттеу орталықтарында жұмыс істейтін, ғылыми атағы бар ғылыми қызметкерлер, сондай-ақ докторанттар (PhD) қатыса алады. Өтініш беру мерзімі: 2009 жылдың 10 ақпанынан 2009 жылдың 30 қазанына дейін. Байқау шарттары туралы ақпаратты Word форматынан алуға болады. Байқауға қатысу туралы өтінішті де Word форматынан алу керек.
Байқаудың қорытындысы 2009 жылдың 20 мамырында жарияланды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қоры студенттер арасында табиғи, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша үздік ғылыми жұмыстар үшін республикалық байқау жариялайды. Байқауға Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері мен студенттік ұжымдары (үш адамнан артық емес) қатыса алады. Өтініш беру мерзімі: 2009 жылдың 10 ақпанынан 2009 жылдың 10 сәуіріне дейін. Байқау шарттары туралы ақпаратты Word форматынан алуға болады. Байқауға қатысу туралы өтінішті де Word форматынан алу керек.
Байланыстар: «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры» Біздің мекен-жайымыз: 050059, Алматы қаласы, Махатма Ганди көшесі, 10. E-mail: cmy@presidentfoundation.kz |