ЖАҢАЛЫҚТАР
20/07/2010
Иерусалимде ежелгі жазу үлгісі табылды
Израильде археологтар Иерусалим аумағындағы қазба жұмыстарының барысында ежелгі аккад тіліндегі саз тақтайша табылды. Мамандар бұл олжаның жасы 3,4 мың жылға жуық екенін анықтады.

20/07/2010
КХДР шекарасын бұдан былай оңтүстік корейлік роботтар күзетеді
Оңтүстік Корея шекарасын ҚХДР-дың жанжалынан арнайы робот-қарауылдар күзететін болады. Әзірге күзетті 2 робот жүргізеді, олар шекара бұзушылардың қозғалысын бақылауға және қажет болса оқ атуға да қабілетті.

20/07/2010
Мамонттың сойдақ тісі - Павлодардағы мектеп мұражайының жаңа экспонатына айналды
Павлодар облысы Григорьевка ауылының мұражайы жаңа экспонатпен толықты, деп хабарлайды мұражайды құрған педагог Еркін Ысқақов. Ертіс өзенінде балықшылардың торына бір метрден астам ұзындықтағы мамонттың сойдақ тісі түскен.

20/07/2010
Сингапурде әлеуметтік роботтар жасалды
Сингапурдің ASTAR ғылым, технологиялар және зерттеулер агенттігі жаңа жасалымдарын ұсынды, олардың ішінде алғашқы екі Olivia және Lucas әлеуметтік роботы бар. Бұл жаңалықтар Singapore Robocup 2010 дәстүрлі жарыстарында көрсетілді.

20/07/2010
Қарағанды облысында «Алтын адамды» тапқан археологтар өз олжаларын сенсацияға балап отыр
Қарағанды облысының Талды-2 көмбесіндегі қазба жұмыстары кезінде табылған олжа шынында да жаңалық әрі сенсация.

МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕР САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАС ҚАЙРАТКЕРЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАЛАРЫН ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН ГРАНТТАРДЫ ҮЛЕСТІРУ БАЙҚАУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕР САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАС ҚАЙРАТКЕРЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАЛАРЫН ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН ГРАНТТАРДЫ ҮЛЕСТІРУ БАЙҚАУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚОРЫ Мәдениет пен өнер саласындағы Қазақстандық жас қайраткерлердің шығармашылық жобаларын қолдауға арналған гранттарды үлестіру байқауын өткізетінін жариялайды.

Конкурсқа Мәдениет пен өнер саласында белсенді шығармашылықпен айналысып, өнер шараларының ұйымдастыру-құқықтық талаптарына қарамастан ұйымдастыру жұмыстарымен немесе ғылыми еңбекпен тынбай айналысып жүрген, жасы 40-тан аспаған Қазақстандық жас қайраткерлер қатыса алады.

Гранттар өнердің барлық саласы.

Байқауға қатысу тілегі, 2008-ші жылғы 12 қыркүйек пен 15 қазан аралығында қабылданады.

Мәдениет пен өнер саласындағы қазақстандық жас қайраткерлердің шығармашылық жобаларын қолдау мақсатында гранттар алуға арналған байқауды өткізу туралы

Скачать заявку в формате WORD на соискание грантов по поддержке творческих проектов молодых казахстанских деятелей в области культуры и искусства

 

МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕР САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАС ҚАЙРАТКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН ГРАНТТАРДЫ ҮЛЕСТІРУ БАЙҚАУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚОРЫ Мәдениет пен өнер саласындағы Қазақстандық жас қайраткерлердің Қазақстанда және шетелдерде өткізілетін ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, симпозиумдарға, семинарларға, конгресстерге, конкурстарға, шығармашылық фестивальдерге, концертерге, мастер-класстарға, көрмелерге, жиындарға қатысуын, сондай-ақ іс-тәжірибеден өтуін қолдауға арналған “Жолсапар гранты” атты гранттарды үлестіру байқауын өткізетінін жариялайды.

Конкурсқа Мәдениет пен өнер саласында белсенді шығармашылықпен айналысып жүрген, жасы 40-тан аспаған Қазақстандық жас қайраткерлер қатыса алады.

Байқауға қатысу тілегі, 2008-ші жылғы 12 қыркүйек пен 12 қараша аралығында қабылданады.

Скачать заявку в формате WORD «Грант на поездку»

Байланысу:

“ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры ”

Мекен-жайы: 050013, Алматы қ. Республика алаңы, 13

Телефондар: (727) 270-05-24, 270-05-27, 272-30-91, факс (727) 270-05-50

Е-mail: roza@presidentfoundation.kz