| |
«Төзімділік – әлем мәдениетіне бастар жол» атты балалар көркем шығармашылығының республикалық байқауында жоғары бағаланған суреттердің тұсаукесер көрмесі 15-қаңтарда сағ.: 10:30-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының ғимаратында «Төзімділік – әлем мәдениетіне бастар жол» атты балалар көркем шығармашылығының республикалық байқауында жоғары бағаланған суреттердің тұсаукесер көрмесі ашылды. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры мен «Әлем мәдениеті» жас өнер қайраткерлері клубы бірлесіп ұйымдастырған бұл байқау 2008 жылдың 1 қыркүйегі мен 1 қарашасы аралығында өткізілді. Аталған шара 2008 жылғы Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің аясында өткен байқаудың жеңімпазы болып табылады. Байқаудың негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің бойында мәдени, рухани, діни біліктілікті, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін, өзге адамдарға қатысты төзімділік пен өзара сыйластық, әлем мәдениетін танып-білуге ұмытылысты қалыптастыру болып табылады. Байқауға республикамыздың барлық аймағынан 1000-нан астам балалар мен жасөспірімдер қатысты. Балалар шығармашылығының туындыларын суретшілерден, өнер зерттеушілерінен, ҮЕҰ мен халықаралық ұйымдардың өкілдерінен құралған комиссия бағалап, қорытындылады. Байқауға түскен шығармалар негізінен көркемдік тұрғыдан бағаланды. Негізгі өлшемдер: көркемдік бейнелеу айшықтығы, өзгешелігі және орындау шеберлігі, тақырыпты пластикалық құралдармен аша білуі. Тұсаукесер-көрмеге 54 үздік жұмыс қойылды. Байқаудың қорытындысы бойынша 9 жеңімпазға диплом және бағалы сыйлықтар табыс етілді, ал 45 бала 6 номинация бойынша мақтау қағаздарымен марапатталды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдардың, ұлттық-мәдени орталықтардың, Алматы бейнелеу студияларының, білім беру мекемелерінің өкілдері және басқалар қатысты. Көрме аясында Оқушылар сарайының балалар көркем шығармашылығы ұжымдарының, Алматы қаласындағы №28 лицейдің оқушыларынан құралған көркемөнерпаздардың қатысуымен үлкен концерт берілді. Қордың атқарушы директоры Бектас Мұхамеджанов марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде өнер шекара мен ұлтқа бөлінбейтіндігін, оған дініне, нәсіліне қарамай әркімнің де таласы барлығын, бүгінгі көрмеге қойылған туындылар осыған нағыз айғақ болатындығын атап өтті. Ол сондай-ақ, әлем мәдениетінің бай да алуан түрлі келбетін көрсететін осындай шараларды өткізіп тұрудың маңыздылығы мен қажеттігіне тоқталды. Фотоесеп: балалар шығармашылығының көрмесінен «Төзімділік – әлем мәдениетіне бастар жол» атты балалар көркем шығармашылығының республикалық байқауы жеңімпаздарының көрмесі Кішкентайлар тобы (7-9 жас.)
I орын: Самарцева Валерия, 8 жас. «Наурыз», қ., аралас техника. Тараз қ., № 40 гимназия, жет.: И.В. Вольф. II орын: Приходько Елизавета, 7 жас., «Республика мерекесі», қ., аралас техника, Алматы қаласы, «Зейнеп» ҚО , жет.: Сатылғанова Л.В.
III орын: Жармұханбетова Малика, 8 жас. «Солтүстік тұрғындары», қ., аралас техника, Өскемен қ., «Сурет» бейнелеу студиясы, жет.: К.Д. Нұрсадықов.
Ортаңғылар тобы (10-13 жас.) I орын: Сержанова Гүлмәриям, 12 жас. «Ғасырлар бойы достықта», қ., аралас техника, Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаих қ., №1Н.А. Островский атындағы орта мектеп.
II орын: Чернышов Радион, 13 жас. «Бейбіт Қазақстанда», қ., гуашь, Кәмелетке толмағандарға арналған балалар үйі, Астана қ.
III орын: Рыльская Виктория, 12 жас. «Сәт сапар», қ., гуашь, Риддер қ., Шығыс Қазақстан облысы, БКМ, жет.: Т.С. Титова.
Ересектер тобы (14-16 жас.) I орын: Райымбаев Танат, 16 жас. «Біз біртұтаспыз», қ., гуашь, Рудный қ., Қостанай обл., № 2 гимназия, жет.: Л.Н. Бекмұрзина.
II орын: Серикова Томирис, 14 жас. «Жүк тасушы. Еңбектің бәрі қадірлі», кенеп, акрил, Алматы қ., «Бөбек» гимназиясы, жет.: А.Н. Царева.
III орын: Хажина Анар, 16 жас. «Немере», қ., акварель, Ақсай қ., БҚО, № 5 ОМ, жет.: Л.Н. Даниленка.
Номинациялар бойынша үздік жұмыстар I. Кішкентайлар тобы (7-9 жас.) 1. Петухова Евгения, 8 жас.«Достықта жоқ шекара» («Өзге нәсілділер»), қ., акварель. Номинация: «Өзге ұлттың адамдары»,Қарағанды облысы, Жезқазған қ., Балалар мен жасөспірімдер сарайы, жет.: Э.П. Ахметова.
2. Шәймерденова Әлиза, 8 жас. «Біздің отбасының бақыты». Номинация: «Басқа жастағы адамдар», қ., аралас техника, Алматы, № 111 гимназия, жет.: О.В. Сорокина
3. Штурмина Полина, 9 жас. «Қалалық бақта», («Басқа жастағы адамдар»), қ., фломастер. Номинация: «Басқа жастағы адамдар», Павлодар қ., № 1 БКМ, жет.: Г.М. Әділова.
4. Ратушная Софья, 8 жас. «Түрлі ұлт өкілдерін баурына басқан мекен», қ., гуашь. Номинация: «Өзге ұлттың адамдары», Алматы, «Апельсинка» шығармашылық даму студиясы, жет.: К.А. Попова.
5. Шура Элеонора, 8 жас. «Мен және менің анам». Номинация: «Басқа жастағы адамдар», қ., аралас техника, Қостанай облысы, Жетіқара қ., Балалар өнер мектебі, жет.:Л.Н. Невндрова.
6. Ли Игорь, 9 жас. «Фермада», («Басқа мамандық иелері»), қ., фломастер, Тараз қ., № 40 гимназия, жет.: И.В. Вольф.
7. Ермолина Маша, 8 жас. «Мен және әжем», («Басқа жастағы адамдар»), қ., гуашь, Павлодар қ., БКМ, жет.: Е.С. Тарасова.
8. Назаренко Семен, 9 жас. «Менің атам, әкем және ағам», («Басқа жастағы адамдар»), қ., аралас техника, Ақмола облысы, Степногорск қ., БКМ, жет.: И.А. Семенкова.
9. Ким Тамара, 9 жас. «Кәріс биі», («Өзге ұлттың адамдары»), Қарағанды қ., № 1 өнер мектебі, жет.: Л.В. Паналоти.
10. Кузьменко Лиза, 9 жас. «Солтүстік таңы», қ., аралас техника, («Басқа ұлттың адамдары»). Алматы, «БЭСТ» мектебі, жет.: И.В. Киянова.
11. Дроздова Милана, 9 жас. «Біз бейбіт аспан астында өмір сүреміз», қ., пластилин, («Өзге ұлттың адамдары») Қарағанды қ., № 93 бейнелеу студия-гимназиясы, жет.: Л.Д. Дроздова.
12. Қарабек Көркем, 8 жас. «Халықтар достығының мерекесі», қ., акварель, («Өзге ұлттың адамдары») Қостанай облысы, Лисаковск қ., мектеп-гимназия, жет.: Т.З. Процко.
13. Есембаева Гүлім, 8 жас. «Өзбек жерінде», қ., гуашь, номинация: «Өзге нәсілділер», Ақтөбе облысы, Хромтау қ., жет.: К.Т. Рычкова.
14. Ғұбашева Алина, 9 жас. «Бүкіл әлемде бейбітшілік болсын», қ., аралас техника, («Өзге ұлттың адамдары») Тараз қ., № 24 гимназия, жет.: Т.Л. Миденко.
15. Құлжанова Наргиза, 9 жас. «Мен және құрбым», қ., гуашь. Номинация: «Өзге нәсілділер», Тараз қ., БКМ, жет.: Г.Ч. Каспарова.
II. Ортаңғылар тобы (10-13 жас.) 1. Қайырлинова Шұғыла, 10 жас, «Бір шаңырақ астында», номинация: «Басқа ұлттың адамдары» қ., аралас техника, Өскемен қаласы, «Сурет» бейнелеу студиясы, жет.: Нұрсадықов К.Д.
2. Тұрғанбеков Әлжан, 12 жас. «Төзімділік», қ., гуашь, номинация: «Өзге ұлттың адамдары», Қостанай қ., № 23 орта мектебі.
3. Әлмырзаева Гүлсезім, 11 жас. «Достық», қ., гуашь, номинация: «Өзге ұлттың адамдары», Ақтөбе облысы, Алға ауданының Қайнар ауылы, Тоқмансай орта мектебі, «Алтын қалам» бейнелеу студиясы, жет.: А.М. Әмірбаев.
4. Скородумов Александр, 12 жас. «Өрлеу», қ., гуашь, номинация: «Басқа мамандық иелері», Қостанай облысы, Жетіқара қ., балалар өнер мектебі, жет.: А.Н. Жиенқұлова.
5. Ляпунова Анна, 10 жас. «Қонақжай өлке», қ., аралас техника, номинация: «Өзге ұлттың адамдары», Өскемен, № 24 балалар өнер мектебі, жет.: Т.П. Колесова.
6. Киль Иван, 10 жас. «Үндістердің салт-дәстүрлері», қ., аралас техника, номинация: «Өзге нәсілділер», Қостанай облысы, Лисаковск қ. жет.: Л.А. Шеффер.
7. Нұртазина Дәрия, 12 жас. «Сіңілім Сая және Нұрай», қ., гуашь, номинация: «Басқа жастағы адамдар», Ақмола облысы, Ақкөл қ., Балалар шығармашылығы үйі, «Палитра» бейнелеу студиясы, жет.: Б.Б. Ахметқалиева.
8. Борисова Анастасия, 13 жас. «Еңбек еселі – тұрмыс берекелі», қ., гуашь, номинация: «Басқа мамандық иелері», Павлодар қ., №1 БКМ – «ЮНЕСКО» клубы, жет.: Л.Б. Илларионова.
9. Неженцева Татьяна, 12 жас. «Біз біргеміз», қ., акварель, номинация: «Өзге ұлттың адамдары», Ақмола облысы, Степногор қ., жет.: А.Ж. Есілбаева.
10. Әбдірахманова Жұлдыз, 12 жас. «Әжем және біз», қ., гуашь, номинация: «Басқа жастағы адамдар», Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадалин ауылы, жет.: Н.Ф. Ермолаева.
11. Кенжебай Баян, 13 жас. «Түрлі жастағылар», қ., аралас техника, номинация: «Басқа жастағы адамдар», Қарағанды облысы, Жезқазған қ., «АРТ» бейнелеу студиясы, жет.: Р.К. Жұмабаева.
12. Тұңғышбаева Джулиана, 10 жас.«Құрбылар» қ., гуашь, номинация: «Өзге нәсілділер». Балалар мен жасөспірімдер сарайы, «Ала гүлдер» үйірмесі, жет.: С.С. Рычкова.
13. Қуатова Айжан, 12 жас. «Халықтар достығы», қ., акварель, номинация: «Басқа тілде сөйлейтіндер», Маңғыстау облысы, Ақтау қ., Абыл Тарақұлы атындағы бейнелеу өнері мектебі.
14. Серікқазина Тоғжан, 13 жас.«Кросс», қ., гуашь, номинация: «Басқа мамандық иелері», Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз қ., Әуезов атындағы өнер мектебі, жет.: Б.Т. Ысқақов.
15. Рощин Илья, 11 жас. «Ел кезген сайқымазақ», қ., аралас техника, номинация: «Басқа мамандық иелері», Қарағанды, №1 өнер мектебі, жет.: А.В. Голубева.
III. Ересектер тобы (14-16 жас.) 1. Мацегора Анастасия, 15 жас. «Халықтар достығы», қ., аралас техника, номинация: «Басқа тілде сөйлейтіндер», Қостанай облысы, Рудный қ., жет.: Г.П. Коломиец.
2. Ашимбаева Элина, 14 жас. «Менің жанұям», қ., гуашь, номинация: «Басқа жастағы адамдар», Алматы қ., № 111 гимназия, жет.: О.В. Сорокина.
3. Қарабаева Тиыштық, 14 жас. «Халықтар достығы», қ., аралас техника, номинация: «Өзге ұлттың адамдары», Ақмола облысы, Степногорск қ., жет.: Ю.И. Захарова.
4. Сарайкина Анастасия, 15 жас. «Мамандықтың бәрі қадірлі, бәрі қажет», қ., аралас техника, номинация: «Басқа мамандық иелері», Көкшетау қ., Абай атындағы БКМ, жет.: Н.А. Булгакова.
5. Садықова Лилия, 16 жас. «Мақта жинау», қ., гуашь, номинация: «Басқа мамандық иелері», Тараз қ., БКМ, жет.: Г.Ч. Каспакова.
6. Несветеева Евгения, 14 жас. «Ассалаумағаликум, Еуропа!», қ., аралас техника, номинация: «Өзге нәсілділер», Қарағанды қ., «Ала гүлдер» бейнелеу студиясы, жет.: С.С. Рычкова.
7. Орынбаева Нұржамал, 14 жас. «Ерекше мамандық иелері», қ., гуашь, номинация: «Басқа мамандық иелері», БҚО, Ақжайық ауданы, Чапаев атындағы ауыл, Балалар шығармашылық орталығы.
8. Фирсова Татьяна, 14 жас. «Бақытты отбасы», қ., аралас техника, номинация: «Басқа жастағы адамдар», Қостанай облысы, Лисаковск қ., БКМ, жет.: В.М. Богатко.
9. Нұрғалиева Динара. 15 жас. «Өзге ұлттың адамдары», Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы.
10. Көбеев Нұртілеу, 15 жас. «Достар биі», қ., гуашь, номинация: «Өзге нәсілділер», Ақмола облысы, Қорғалжын ауылы, Шығармашылық үйі, «Муравейник» үйірмесі.
11. Печерица Александра, 14 жас. «Жапон қызы», қ., аралас техника, номинация: «Басқа тілде сөйлейтіндер», Алматы қ., «Умай» БКМ, жет.: М.В. Осьминина.
12. Исатаева Гүлстан, 15 жас. «Басқа ұлттың адамдары», қ., гуашь, Ақмола облысы, Павлов ауылы, ОМ, жет.: Х.М. Әбдірахманова.
13. Камалова Томирис, 14 жас. «Достық тілі», қ., акварель, номинация: «Басқа тілде сөйлейтіндер», Тараз қ., жет.: Г.Ж. Махамбетова.
14. Латкина Полина, 15 жас. «Шығыс әуені», қ., гуашь, номинация: «Өзге нәсілділер», Өскемен қ., № 12 ОМ, жет.: М.А. Матвеева.
15. Қасымбекова Жанат, 14 жас. «Басқа ұлттың адамдары», қ., гуашь, Қарағанды облысы, Жезқазған қ., Балалар мен жасөспірімдер сарайы, «АРТ» бейнелеу студиясы, жет.: Р.К. Жұмабаева.
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Төзімділік – әлем мәдениетіне бастар жол» атты балалар көркем шығармашылығының республикалық байқауында жоғары бағаланған суреттердің тұсаукесер көрмесі 15-қаңтарда сағ.: 10:30-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының ғимаратында «Төзімділік – әлем мәдениетіне бастар жол» атты балалар көркем шығармашылығының республикалық байқауында жоғары бағаланған суреттердің тұсаукесер көрмесі ашылды. 2008 жылдың 1 қыркүйегі мен 1 қарашасы аралығында өткізілген байқаудың негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің бойында мәдени, рухани, діни біліктілікті, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін, өзге адамдарға қатысты төзімділік пен өзара сыйластық, әлем мәдениетін танып-білуге ұмытылысты қалыптастыру болып табылады. Байқауға республикамыздың барлық аймағынан 1000-нан астам балалар мен жасөспірімдер қатысты. Балалар шығармашылығының туындыларын суретшілерден, өнер зерттеушілерінен, ҮЕҰ мен халықаралық ұйымдардың өкілдерінен құралған комиссия бағалап, қорытындылады. Байқауға түскен шығармалар негізінен көркемдік тұрғыдан бағаланды. Негізгі өлшемдер: көркемдік бейнелеу айшықтығы, өзгешелігі және орындау шеберлігі, тақырыпты пластикалық құралдармен аша білуі. Тұсаукесер-көрмеге 54 үздік жұмыс қойылды. Байқаудың қорытындысы бойынша 9 жеңімпазға диплом және бағалы сыйлықтар табыс етілді, ал 45 бала 6 номинация бойынша мақтау қағаздарымен марапатталды. Мекен-жайымыз: Алматы, Махатма Ганди көшесі, 10, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры. Қосымша ақпаратты төмендегі телефондар бойынша алуға болады: (727) 270-05-27, 270-04-17, моб. 8-701-418-1599, Гүлнара Ершіманова. «Төзімділік – әлем мәдениетіне бастар жол» атты балалар көркем шығармашылығының республикалық байқауын жариялау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚОРЫ «Төзімділік – әлем мәдениетіне бастар жол» атты балалар көркем шығармашылығының республикалық байқауын жариялайды. Бұл жоба 2008 - Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің аясында өткен байқаудың жеңімпазы болып табылады. Байқаудың мақсаты: § Балалар мен жасөспірімдер бойында мәдениеттераралық, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін, рухани, діни, мәдени біліктілікті қалыптастыру. § Бізден түр-түсі бөлек адамдарға қатысты төзімділік пен сыйластыққа тәрбиелеу. § Көркем шығармашылық білім беруде инновациялық технологияларды пайдалану. § Әлемдік мәдениетті оқып-үйренуге деген ынтаны арттыру. Байқауға 6-16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатыса алады. Жас топтары: А (6–9 жас.), Б (10–13 жас), В (14–16 жас). Байқаудың тақырыбы: § Өзге ұлттың адамдары. § Басқа тілде сөйлейтіндер. § Өзге нәсілділер. § Басқа дінділер. § Басқа мамандықтың иелері. § Басқа жастағы адамдар. Байқауға қатысу шарттары және тиісті материалдарды қабылдау тәртібі: қатысушы байқау тақырыбына сәйкес келетін және атау қойылған екі жұмысын ұсынады. Суреттер ата-анасының немесе мұғалімнің көмегінсіз салынуы тиіс. Орындау техникасы: кез келген. Суреттің көлемі: A3 (420 х 297 мм). Байқауға қатысу үшін жұмыстарды Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына жолдау керек. Суретке байқауға қатысу туралы толтырылған өтінішті қоса жіберу қажет. Байқауға қатысу туралы өтініштің үлгісі жолданады.
Жұмысты пластик қорапқа салу керек (файл АЗ). Ұйымдастырушы байқауға ұсынылған жұмыстарды әлем мәдениетін тарату мақсатында жарнамалық немесе басқадай полиграфиялық материалдарда пайдалануға құқылы. бар. Сараптау комиссиясы: жобаларды суретшілерден, өнер зерттеушілерінен, ҮЕҰ мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен құралған комиссия бағалайтын болады. Басшылыққа алатын негізгі өлшемдер: ең алдымен жұмыстардың көркемдік тұрғыда орындалу сапасына көңіл бөлінеді - көркемдік бейнелеу айшықтығы, өзгешелігі және орындау шеберлігі, тақырыпты пластикалық құралдармен аша білуі. Қорытынды және марапаттау: комиссия жеңімпаздар есімін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының ғимаратында өтетін көрменің салтанатты ашылу рәсімінде жария етеді. Байқау жеңімпаздары дипломдармен, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен, ал байқауға қатысушылар – куәліктермен марапатталады. Өтініштер мына электрондық адрестер: artclub@оk.kz; kzartclub@bk.ru бойынша қабылданады. Қағазда жасалған жұмыстар мен өтініштерді төмендегі адреске жіберу керек: 050008, Алматы қ. , Орал Таңсықбаев атындағы Алматы декоративті-қолданбалы өнер колледжі («Әлем мәдениеті» клубы үшін), Абай д-лы, 56а, тел. 8 (727) 242 64 00. Өтініштер мен жұмыстарды қабылдау мерзімі: 2008 жылдың 1 қыркүйегінен 2008 жылдың 1 қарашасына дейін. Байланыс телефондары: Ершіманова Гүлнара Орынбасарқызы, тел.: 8 (727) 270 05 27 Митрофанова Елена Николаевна, тел.: 8 (727) 242 69 52, моб. 8 777 701 4652 Жұмағұлова Мария Төлегенқызы, тел.: 8 (727) 233 55 64, моб. 8 700 443 1502 |
|