ЖАҢАЛЫҚТАР
20/07/2010
Иерусалимде ежелгі жазу үлгісі табылды
Израильде археологтар Иерусалим аумағындағы қазба жұмыстарының барысында ежелгі аккад тіліндегі саз тақтайша табылды. Мамандар бұл олжаның жасы 3,4 мың жылға жуық екенін анықтады.

20/07/2010
КХДР шекарасын бұдан былай оңтүстік корейлік роботтар күзетеді
Оңтүстік Корея шекарасын ҚХДР-дың жанжалынан арнайы робот-қарауылдар күзететін болады. Әзірге күзетті 2 робот жүргізеді, олар шекара бұзушылардың қозғалысын бақылауға және қажет болса оқ атуға да қабілетті.

20/07/2010
Мамонттың сойдақ тісі - Павлодардағы мектеп мұражайының жаңа экспонатына айналды
Павлодар облысы Григорьевка ауылының мұражайы жаңа экспонатпен толықты, деп хабарлайды мұражайды құрған педагог Еркін Ысқақов. Ертіс өзенінде балықшылардың торына бір метрден астам ұзындықтағы мамонттың сойдақ тісі түскен.

20/07/2010
Сингапурде әлеуметтік роботтар жасалды
Сингапурдің ASTAR ғылым, технологиялар және зерттеулер агенттігі жаңа жасалымдарын ұсынды, олардың ішінде алғашқы екі Olivia және Lucas әлеуметтік роботы бар. Бұл жаңалықтар Singapore Robocup 2010 дәстүрлі жарыстарында көрсетілді.

20/07/2010
Қарағанды облысында «Алтын адамды» тапқан археологтар өз олжаларын сенсацияға балап отыр
Қарағанды облысының Талды-2 көмбесіндегі қазба жұмыстары кезінде табылған олжа шынында да жаңалық әрі сенсация.

Шығармашылық жастар кеңесі

Шығармашыл жастар кеңесі

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы шығармашыл жастар кеңесі дарынды, талантты шығармашылық жастармен бірігуге күш беретін, шығармашылықтағы жастардың қызметін координациялауға, отандық игілік болып саналатын,ұлттық мәдениеттің дұрыс қалыптасуына және Қазақстан Республикасының көркеюіне жүргізілетін процестердің іске асуына бағыт беретін орын болып табылады.

Шығармашыл жастар кеңесінің құрамына Қазақстанның шығармашылық орталықтарының мүшелері – дизайнерлер, кинематографистер, сазгерлер, жазушылар, суретшілер, театр қызметкерлері, бишілер, сондай-ақ, Қазақстанның және шетелдің атақты орындаушылар мен әртістері кіреді. Барлығы 15 адам. Төрағасы, Қазақстан сазгерлер Одағының мүшесі Біржан Хасанғалиев.

Кеңестің негізгі мақсаты және міндеттері:

  • Жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасау, шығармашылық мүмкіндігін ашу, Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның отанды сүю және рухани адамгершілік негізінде қазақ халықының құндылықтарын құрметтеуге, елдің өркендеуіне көмектесу.
  • Шығармашыл жастардың зияткерлік, рухани және мәдени ынталарының жандануына ықпал ету.
  • Қазақстандық қазіргі заман мәдениетіне ендіруге жастарға жаңа әсерлі механизмдер арқылы ықпал жасау.
  • Шығармашылықтағы жаңартпаларды кеңейту және мәдениет пен өнерге түрлі бағыттар енгізу.
  • Жастардың шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту.
  • Қазақстандық жастардың шығармашылықтағы жетістіктерін насихаттау және оларды нарықтық қарым-қатынаста қолдану мүмкіндіктерін қарастыру.
  • Көрмелер, фестивальдер, байқаулар, және тағы басқа шаралар ұйымдастыру.
  • Шығармашылық жобалар мен мәдени бастамалар жасау және іске асыру.

Положение о Совете творческой молодежи при Фонде Первого Президента Республики Казахстан далее...

Шаралар шығармашыл жастар кеңесі

Балқия Жамбурчинова Сеулде өткен II Халықаралық балет әртістерінің байқауында дипломант атанды

Алып Қазақстан Эйндховенде. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының қолдауымен 2009 жылдың мамыр айында Эйндховен қаласында (Нидерланды) жас суретшілердің «Алып Қазақстан» атты көрмесі өтті. Әлемді төрт жылдан бері саяхаттап жүрген аталған жылжымалы көрмені «HAS SANAT» галереясы ұйымдастырған.