|
|
|
|
ЖАҢАЛЫҚТАР |
|
| |
20/07/2010
Иерусалимде ежелгі жазу үлгісі табылды
Израильде археологтар Иерусалим аумағындағы қазба жұмыстарының барысында ежелгі аккад тіліндегі саз тақтайша табылды. Мамандар бұл олжаның жасы 3,4 мың жылға жуық екенін анықтады.
20/07/2010
КХДР шекарасын бұдан былай оңтүстік корейлік роботтар күзетеді
Оңтүстік Корея шекарасын ҚХДР-дың жанжалынан арнайы робот-қарауылдар күзететін болады. Әзірге күзетті 2 робот жүргізеді, олар шекара бұзушылардың қозғалысын бақылауға және қажет болса оқ атуға да қабілетті.
20/07/2010
Мамонттың сойдақ тісі - Павлодардағы мектеп мұражайының жаңа экспонатына айналды
Павлодар облысы Григорьевка ауылының мұражайы жаңа экспонатпен толықты, деп хабарлайды мұражайды құрған педагог Еркін Ысқақов. Ертіс өзенінде балықшылардың торына бір метрден астам ұзындықтағы мамонттың сойдақ тісі түскен.
20/07/2010
Сингапурде әлеуметтік роботтар жасалды
Сингапурдің ASTAR ғылым, технологиялар және зерттеулер агенттігі жаңа жасалымдарын ұсынды, олардың ішінде алғашқы екі Olivia және Lucas әлеуметтік роботы бар. Бұл жаңалықтар Singapore Robocup 2010 дәстүрлі жарыстарында көрсетілді.
20/07/2010
Қарағанды облысында «Алтын адамды» тапқан археологтар өз олжаларын сенсацияға балап отыр
Қарағанды облысының Талды-2 көмбесіндегі қазба жұмыстары кезінде табылған олжа шынында да жаңалық әрі сенсация.
|
|
| |
|
|
|
|
|
|
|
Қызмет нысанасы |
|
| |
Қор қызметінің нысаны: - қазақстандық патриотизм мен мемлекеттілік идеясын насихаттау;- қоғам өмірінде өнегелілікті күшейту, мәдениетті, ғылым мен білімді дамыту; - Қазақстан Республикасы егемендігі мен мемлекеттілігін нығайтуда, Қазақстан халқын біріктіруді қамтамасыз етуде, мемлекеттер арасындағы достықты нығайтуда, экономика, мәдениет, ғылым, ағартушылық пен денсаулық сақтау саласын дамытуда өзіндік үлес қосқан жеке азаматтарды қолдау;- талантты жастарды ынталандыру, сол сияқты жекеленген ғалымдардың, шығармашылық қызметкерлердің, студенттер мен ғылыми ұжымдардың ең маңызды зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету; - халықаралық қызметті жүзеге асыру, бірлескен халықаралық бағдарламаларға, түрлі жобаларға, халықаралық конгрестерге, симпозиумдарға, басқа да шараларға қатысу; - қайырымдылық және баспалық қызметті жүзеге асыру. Қор жанында мыналар жұмыс істейді: Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ), Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы, ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасы, Жас ғалымдар кеңесі және Шығармашылық жастар кеңесі. Әлемдік экономика мен саясат институты. Институттың қызметі әлемдік экономика, халықаралық қатынас, геосаясат, интеграция, еуразияшылдық мәселелерін ғылыми тұрғыда зерттеуге және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қызметін, оның халықаралық қатынасқа және тұрақтылық пен бейбітшілікті қалыптастыруға қосқан үлесін зерттеуге бағытталған. Сонымен қатар, институт қызметіне елде және шетелде Қазақстан туралы шынайы, обьективті ақпаратты насихаттау да кіреді. Халықаралық қарым-қатынас орнатып, алыс және жақын шетелдегі жетекші ғылыми және аналитикалық мекемелермен ынтымақтастықты қалыптастыру, халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылыққа үлес қосу да көзделген. Жас ғалымдар кеңесі. Қазақстан мен шетелдегі зерттеу ұйымдарымен және ғалымдармен байланыс орнатуға бағытталған консультативті-кеңестік орган. Кеңес мемлекеттік ғылыми-техникалық инновациялық саясат мәселесі жөнінде ұсыныстарды талқылауға міндетті. Кеңестің құрамын республикамызда және шетелдегі ғылыми-зерттеу орталықтарында жұмыс істейтін отандық ғалымдар құрайды. Өз қызметі аясында Жас ғалымдар кеңесі дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, ғылыми конференциялар, форумдар мен пресс-конференциялар, семинарлар мен тренингтер, презентациялар, байқаулар, акциялар өткізіп, әлеуметтік зерттеулер жүргізеді. Кеңестің негізгі қызметіне сонымен қатар, жас ғалымдардың мәліметтер банкін, жоғарғы оқу орындар, ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарында жас ғалымдар желісін құру кіреді. Шығармашылық жастар кеңесі. Қазақстан жастарының шығармашылық мүмкіндігін ашып көрсететін және шоғырландыратын консультативті-кеңестік орган. Кеңестің құрамына республикамыздың түрлі шығармашылық одақтарының өкілдері кіреді. Олар Сәулетшілер одағы, Кинематографистер одағы, Дизайнерлер одағы, Жазушылар одағы, Суретшілер одағы және басқалар. Өз жұмысының аясында Шығармашылық жастар кеңесі түрлі көрмелер, байқаулар, фестивальдар мен концерттер, конференциялар ұйымдастырады. |
|
| |
|
|
|