|
|
|
|
ЖАҢАЛЫҚТАР |
|
| |
20/07/2010
Иерусалимде ежелгі жазу үлгісі табылды
Израильде археологтар Иерусалим аумағындағы қазба жұмыстарының барысында ежелгі аккад тіліндегі саз тақтайша табылды. Мамандар бұл олжаның жасы 3,4 мың жылға жуық екенін анықтады.
20/07/2010
КХДР шекарасын бұдан былай оңтүстік корейлік роботтар күзетеді
Оңтүстік Корея шекарасын ҚХДР-дың жанжалынан арнайы робот-қарауылдар күзететін болады. Әзірге күзетті 2 робот жүргізеді, олар шекара бұзушылардың қозғалысын бақылауға және қажет болса оқ атуға да қабілетті.
20/07/2010
Мамонттың сойдақ тісі - Павлодардағы мектеп мұражайының жаңа экспонатына айналды
Павлодар облысы Григорьевка ауылының мұражайы жаңа экспонатпен толықты, деп хабарлайды мұражайды құрған педагог Еркін Ысқақов. Ертіс өзенінде балықшылардың торына бір метрден астам ұзындықтағы мамонттың сойдақ тісі түскен.
20/07/2010
Сингапурде әлеуметтік роботтар жасалды
Сингапурдің ASTAR ғылым, технологиялар және зерттеулер агенттігі жаңа жасалымдарын ұсынды, олардың ішінде алғашқы екі Olivia және Lucas әлеуметтік роботы бар. Бұл жаңалықтар Singapore Robocup 2010 дәстүрлі жарыстарында көрсетілді.
20/07/2010
Қарағанды облысында «Алтын адамды» тапқан археологтар өз олжаларын сенсацияға балап отыр
Қарағанды облысының Талды-2 көмбесіндегі қазба жұмыстары кезінде табылған олжа шынында да жаңалық әрі сенсация.
|
|
| |
|
|
|
|
|
|
|
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры» 2009 жылдың қаңтар – маусым айларында атқарылған жарты жылдық жұмыс есебі. |
|
| |
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры» 2009 жылдың қаңтар – маусым айларында атқарылған жарты жылдық жұмыс есебі. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының есеп беру кезеңі 2009 жылға жоспарланған жұмыс тәртібіне сәйкес атқарылып, жарғылық ережелерді орындауға бағытталған. Кесте бойынша бекітілген шаралар толық көлемде іске асырылды.Барлығы 43 іс-шара өткізілді, соның ішінде 4 ғылыми конференциялар мен форумдар, 6 дөңгелек үстел, 8 байқау, 4 жас ғалымдар Кеңесінің отырысы және 5 өнерпаз жастар Кеңесінің отырысы өтті. Өткізілген шараларға 8320-дан астам адам қатысты. 2009 жылдың 15 қаңтарында «Төзімділік - әлем мәдениетіне бастар жол» деп аталатын балалардың республикалық көркем шығармашылық байқауында жоғары бағаланған суреттердің тұсаукесер - көрмесі өтті. Байқау Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорымен «Мәдениет әлемі» клубының жас өнер қайраткерлерімен бірге 2008 жылдың 1-ші қыркүйегімен 1-ші қараша аралығында өтті. Байқаудың мақсаты – балалардың әлемдік мәдениет, ұлтаралық және дінаралық біліктілігін арттырып, төзімділікке баулу болып табылады. Байқауда Қазақстанның барлық аймақтарынан 1000-нан астам балалармен жасөспірімдердің жұмыстары көрсетілді. Кішкентай балғындардың суреттерін суретшілермен өнер зерттеушілерден және шетелдік ұйымдардың өкілдерінен құрылған қазылар алқасы бағалады.Тұсаукесер - көрмеге 54 ең үздік деп танылған жұмыстар қойылды. Байқау қорытындысы бойынша 9 жас жеңімпазға дипломдармен құнды сыйлықтар табыс етіліп, 45 байқауға қатысушы жақсы жұмыстары үшін 6 номинация бойынша мақтау қағаздарын алды. Жеңімпаздарды марапаттау салтанатына дипломаттық корпус, халықаралық мекемелер, ұлттық-мәдени орталықтармен Алматы қаласының сурет студияларының өкілдері, білім мекемелері және т.б, барлығы 220 адам қатысты.Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында «Көңілді мәре» атты балаларға арналған спортты-мерекелік шара ұйымдастырылды. Іс-шараға жетім балалармен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, Алматы қаласы және Алматы облысының балалар үйлерінің балалары қатысты. Қатысушылардың саны – 180 адам.Үш команда эстафета, дартс, арқан тартудан сайысқа түсті. Балалардың спорттық қабілеттеріне баға беруші қазылардың арасында Олимпиада жеңімпазы Ольга Шишигина болды. Өткізілген шараның нәтижесінен кейін - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жетім балалар үшін осындай іс-шараларды ұйымдастырып тұруды дәстүрге айналдыру туралы шешім шығарды.2009 жылдың 10 ақпанында «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан» газеттерінде және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының веб-сайтында Қазақстандық жас ғалымдарды қолдау мақсатында Қордың өткізетін байқаулары туралы хабарландыру жарияланды:- жас ғалымдар арасында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге берілетін гранттар үшін:- жас ғалымдардың Қазақстанда және шет елдерде өткізілетін ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға, семинарларға және конгрестерге қатысуына мүмкіндік беретін «Іс-сапарлар үшін гранттар» үшін:- студенттер арасында табиғи, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша үздік ғылыми жұмыстар үшін.2009 жылдың 27 ақпанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорында, Қордың қаржылай қолдауымен: Ұлы Отан соғысының ардагерлері Ф.Волков пен К.Абеновтың мемуарлары(ғұмырнама-естелікнама), «Фортепианные произведения молодых композиторов Казахстана» жинағы, Б.Мұхамеджановтың жетекшілігімен авторлық ұжымның «Стандарты качества жизни в странах Европейского Союза, России и Казахстана» атты ақпараттық-аналитикалық жинағы жарыққа шығып, тұсаукесер рәсімдері өтті. Шараға 50 адам қатысты. Қазіргі таңда кітаптар кітапханаларға, жалпы білім беру мектептеріне, өлкетану мұражайларына, ардагерлік және қоғамдық мекемелерге тарту етілген.Жас шығармашылық қайраткерлерді қолдау бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры мен Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы жыл сайын дипломдық жобаны іске асыруға және Кино және телевидениенің болашақ мамандарының кәсіптік шеберліктерін жетілдіруге байқау ұйымдастырылып, гранттар қарастырылады. Осы жылы дипломдық жобаны іске асыру үшін 17 студентке қаржылай көмек көрсетілді: 6 анимациялық фильм, 6 деректі фильм, 5 ойын фильм.2009 жылдың 24 ақпанында – Кино және телевидениенің болашақ мамандарына дипломдық жобаны жүзеге асыру үшін гранттар бөлу салтанаты өтті. Салтанатты жиынға Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының шығармашылық және шеберлік жетекшілері, оқытушылар, мәдениет және өнер қайраткерлері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы шығармашыл жастар кеңесінің мүшелері қатысты. Қордың атынан байқау Лауреаттарына сертификаттармен естелік сыйлықтар табыс етілді. Жиынға 67 адам қатысты.2009 жылдың 3 наурызында мәдениет және өнер саласындағы шығармашылық жастарын қолдау бағдарламасы аясында байқау өтетіндігі туралы «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланды:- Қазақстандық жас өнер мен мәдениет қайраткерлерінің, шығармашылық ұжымдарының Қазақстан Республикасында және шет елдерде өткізілетін байқаулар мен фестивальдерге қатысуға гранттар алуға;- мәдениет және өнер саласындағы шығармашылық жобалардың іске асуына қолдау көрсетуге гранттар алуға.Мәдениет және өнер саласындағы шығармашылық жобалардың іске асуына қолдау көрсетуге гранттар бөлу байқауына 34 шығармашылық жобалары көрсетілді. Байқау комиссиясының қорытындысы бойынша 8 жұмыс таңдап алынды. Марапаттау рәсімі мамыр айында өтті.Шет елдерде өтетін байқауларға қатысуға арналған гранттар іздестіру 2009 жылдың 2-ші қазанына дейін жалғасады.11-12 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат Институтымен бірге және Карнеги Қоры «Ауғанстан маңайындағы аймақтық қауіпсіздік: лаңкестікпен күрес қаншалықты нәтижелі?» атты халықаралық бейбітшілік үшін (АҚШ) Халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылып өткізілді. Конференцияға АҚШ, Ресей, Қытай, Ауғанстан, Тәжікстан және Қазақстанның басты ғылыми орталықтарының өкілдері қатысты. Қатысушылардың саны 150 адам. Ағымдағы жылдың 16 наурызында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының ғимаратында жалпы білім беру мектептері оқушыларының Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. «Қарасай аудандық білім қоры» ұйымдастырған аудандық Олимпиадаға 48 аудандық мектептердің 10-11 сыныптарынан 300 оқушы қатысқан.Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының атынан Олимпиада жеңімпаздарына мақтау қағаздарымен естелік сыйлықтар табыс етілді. Жалпы қатысушылар саны 50 адам.19-20 наурызда «Халық денсаулығы – Қазақстанның дәулеттілігі» 5-ші республикалық әлеуметтік идеялармен жобалар жәрмеңкесі өтті. Ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Халықаралық қазіргі саясат институты.140-тан астам Қазақстанның барлық аймағынан қатысушылармен, Қырғызстан және Ресейден келген өкілдер өзара тәжірибе бөлісуге, идеялар алмасуға, түрлі мәселелерді ортаға салуға мүмкіндік алды. Жәрмеңке барысында көрме-тұсаукесері, үш дөңгелек үстел, төрт шеберлік-кластары өтті.Сарапшылар комиссиясы мүшелерінің шешімімен байқауға әлеуметтік маңызы бар жобаларын ұсынған 21 мекеме Жәрмеңкенің жеңімпаздары болып танылды. Жобаларды жүзеге асыруға арналған қайырымдылық көмектің жалпы құны 16684570 теңгені құрады.Жәрмеңке жұмысына 450 адам қатысты. Шараны ұйымдастырудың жалпы бюджеті 2016273 теңгені құрайды.2009 жылдың 26 наурызында «Жас суретшілердің Қазақстандағы және әлемдегі тіршілік шарты, мемлекеттік қолдау мәселесі» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қазақстанның суретшілер Одағының өкілдері, дизайнерлер, БАҚ және Қор жанындағы шығармашылық Кеңес жастары қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар саны 50 адам.2009 жылдың 14-ші сәуірінде №2–ші Резиденция ғимаратында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының атқарушы директорының 2008 жылы атқарған жұмыс есебі Елбасының қатысуымен тыңдалды.Жиналыста берілген тапсырмалар бойынша Қордың ағымдағы жылдағы жұмыс жоспарына сәйкес өзгерістер енгізілді. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының міндетіне кіретін негізгі жобалардың басымдылығы анықталды. Қосымша, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 70- жылдығын тойлауға дайындық бағдарламасы барысында Қордың өткізетін іс-шараларының саны артты.Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының грант иегерлері мен жас ғалымдар кеңесі өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Елбасы кеңестің қызметімен және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының өткізген іс-шаралары туралы ақпараттармен танысты. Осы жылдың 14-15 сәуірінде Қазақстан дизайнерлер Одағымен бірге «Жаңа қала, жаңа Қазақстан» атты республикалық Форум өтті. Форумда «Қала және дизайн» байқауының қорытындысы шығарылды. Қатысушылардың жалпы саны 400 адам.2009 жылдың 16 сәуірінде жас ғалымдар Кеңесімен Қазақстан Республикасы Президенті Қоры жанындағы шығармашылық жастар Кеңесімен мәжіліс өтті. Шараға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының Директоры Д.Н.Назарбаева, жас ғалымдар Кеңесінің және Қазақстан Республикасы Президенті Қоры жанындағы шығармашылық жастар Кеңесінің мүшелері қатысты. Қор Директоры Д.Н.Назарбаева орта және ұзақ мерзімді жұмыс жоспарларының артықшылығын анықтап, болашаққа бағыт берді. Жиынға қатысушылар саны 40 адам. 2009 жылдың 27 сәуірінде «Қазіргі пьесаны құрудағы кездесетін мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Қазақстандағы жас талантты драматургтердің шығармаларының сапасын арттыру, қазақстандық театрлардың назарын қазіргі драматургияға аудару, жақсы пьесаларды театр сахнасына шығару мәселелері талқыланды.Шараға Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер қайраткерлері, жас шығармашылық Кеңесінің мүшелері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны – 50.2009 жылдың 30 сәуірінде «Дарынды қолдау» Қоғамдық Қорының дайындауымен Қазақстан бейнелеу өнерінің «Жас серпін» көрмесі өтті. Көрме Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының 2008 жылғы шығармашылық жобаларды қолдау байқауының лауреаты «Дарынды қолдау» - жобасының бірінші кезеңін қорытындылау бойынша өткізілді. Көрмеге Алматы, Астана, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент, Талдықорған қаларынан келген жас суретшілер мен мүсіншілердің 250-ден астам шығармалары қойылды. Қатысушылардың жалпы саны 300 адам.2009 жылдың 5 мамырында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының мәдениет және өнер саласындағы шығармашылық жобаларды қолдауға арналған байқаудың грант иегерлеріне <>грантты салтанатты табыстау рәсімі өтті. Байқауда 100 ғылыми және шығармашылық жобалар көрсетілді. Ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлерінен құрылған комиссияның шешімімен 11 жұмыс таңдалып алынды. «Шетелге баруға гранттар» үшін 2009 жылдың ақпан-сәуір айларында қазақстандық жас ғалымдардан 7 өтінім түсіп, демеушілік қолдау 2 ғалымға көрсетілген, ал мәдениет және өнер ұжымдарынан 8 өтінім түсіп, демеушілік көмек 6-на көрсетілген.2009 жылдың 6 мамырында «Жас серпін» атты Қазақстанның бейнелеу өнері көрмесіне қатысушыларға дипломдармен сыйлықтар табыс ету салтанаты өтті. Көрме қорытындысы бойынша 5 жұмыс таңдалып алынып, олар халықаралық «Астана – Амстердам» көрмесіне қатысатын болды, сондай-ақ, бес суретші жеке көрме ұйымдастыру мүмкіндігін алды.7 мамыр күні Қор Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, Ұлы Жеңіс күнінің 64-жылдығына арнап мерекелік концерт ұйымдастырды. Концертке Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ауған соғысының жауынгерлері, «Казахстанская правда» газеті атындағы Халықаралық майдан клубының мүшелері, Қазақстан Республикасының генералдар Кеңесі және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының атынан соғыс ардагерлеріне құнды сыйлықтар және гүлдер табыс етілді. Қатысушылардың жалпы саны 210 адам.Жеңіс Күнінің құрметіне әлеуметтік идеялар және жобалар Жәрмеңкесінің жобалар-жеңімпаздарын қолдау барысында, Қордың демеушілігімен Ұлы Отан соғысының ардагері М.Мединскаяның «Не рвите цветы на курганах» кітабы жарыққа шыққан.2009 жылдың 19-21 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорында «Жастар ғылымда – 2009» атты Екінші Халықаралық жастар форумы өтті. Форумға 600 адам қатысты.Форумның ең маңызды тұсы табиғи, техникалық, гуманитарлық ғылымдар бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмыстарын таңдап, конкурс Лауреаттарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі. Байқауда Қазақстанның негізгі жоғарғы білім беру орталықтарынан келген студенттердің 192 жұмысы көрсетілді. Аталмыш байқаудың жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының медальдарымен және дипломдарымен марапатталды. Байқау лауреаттары болып Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Шымкент қалаларының басты 10 ЖОО-ның 18 студенті танылды.Екінші Республикалық табиғи, техникалық, гуманитарлық ғылымдар бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмыстарының қорытындысы бойынша мақалалар жинағы әзірленуде. 22 мамырда Қор Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігімен бірге: «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы ақпартану жүйесіндегі көкейкесті сұрақтар» тақырыбында ғылыми – тәжірибелік семинар өткізді. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы бірыңғай ақпартану жүйесі» баяндамасымен Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінен вице-министр Е.А.Біртанов шықты.Шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Алматы қаласының мәслихат депутаттары, облыстық және қалалық денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдері, қоғамдық ұйымдар және т.б қатысты. Қатысушылар саны 220 адам. 22 мамыр мен 22 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры «Параграф» Ақпараттық Жүйесімен бірге республиканың медицина мекемелеріне «Медицина» кәсіби ақпараттық дерекқорларын орнату қамқорлық акциясын ұйымдастырды. Қамқорлық акциясының өту барысында Қазақстанның 90 денсаулық сақтау мекемесінде дерекқорлар орнатылды. Енді дерекқорларды ақысыз пайдалануға болады және жыл сайын тегін жаңартылып тұрады.2009 жылдың 23 мамырында «21 ғасыр балалар алақанында» атты Алматы қаласы және Алматы облысының балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық концерт өтті. Іс-шара Халықаралық балаларды қорғау күніне арнап ұйымдастырылған. Концертте: джаз оркестрі, музыкалық ертегі, театрлық қойылымдар, хореографиялық композициялар, фольклорлық ансамбль, заманауи музыка ансамблі, түрлі аспаптарда ойнайтын ансамбльдер өнер көрсетті. Қатысушылардың жалпы саны 350 адам.2009 жылдың 25 мамырында «Казахстанская правда» газетінің атындағы Халықаралық майдан клубының үндеу жолдауына байланысты Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры Совет Одағының батыры С.К Нұрмағамбетовтың 85-жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысып, <>«От огненных лет до суверенной армии» атты С.К Нұрмағамбетовтың естелік жинағын шығаруға қаржылай көмек көрсетті.Ағымдағы жылдың 27 мамырында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры «Аяла» және «Дара» қорларының ұйымдастыруымен өткен <>«Күлкі күні 2009» қамқорлық акциясына қатысты. Мерекеге Алматы қаласы және Алматы облысының балалар үйлерінің тәрбиеленушілері қатысты. 2009 жылдың 30 мамырында Қор «ДУИ «Фонд-Инвест» ЖШС мен бірге <>«21 ғасырдың Олимпиада үміттері» атты балалар спорттық мерекесін ұйымдастырды. Шараға Алматы қаласының жалпы білім беру мектептерімен балалар спорт мектептерінің оқушылары қатысты.Балаларды қорғау күніне ұйымдастырылған мерекелік іс-шара өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір сүруге, маскүнемдік пен нашақорлықтың алдын-алуға бағытталған. Шара бағдарламасы бойынша балғандар минифутбол және үлкен теннистен сайысқа түсті. Құрметті қонақтардың ішінде қазақстандық белгілі спортшылар және футбол ардагерлері болды. Жеңіске жеткендер дипломдармен, спорттық кубоктар және құнды сыйлықтармен марапатталды. Қатысушылардың жалпы саны 300-ден астам адам.1 маусым күні Қордың қолдауымен және Марат Оспанов атындағы Қоғамдық Қорының бастамасымен Алматы қаласының балалар құқығын қорғау департаментімен бірге <>«Мейірім - Жұлдыздарын жағады» фестивалі өтті. Аталмыш жоба республикалық әлеуметтік идеялар мен жобалар 2009 <>«Халық денсаулығы – Қазақстанның дәулеттілігі» Жәрмеңкесінің «Көмек қолын созайық» номинациясының жеңімпазы болып табылады. Қордың арнайы 31500 теңгелік сыйлығы №8-ші түзету мектеп-интернатының балаларымен жетім балаларына, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға берілді. Іс-шараға қатысушылардың саны 1000 адам.2009 жылдың 4-маусымында Казакстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қоры мен «Бірге қатерлі дертке қарсы» Қоғамдык қоры онкологиялық ауруды тексеріп, алдын-ала шаралар колдануға септігін тигізетін заманауи диагностикалық құрал-жабдыктың тұсау кесерін өткізді. Айта кету керек, 2008 жылдың 4 желтоқсанында Казакстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қорымен «Бірге қатерлі дертке қарсы» Қоғамдык қоры бірлесіп, «Қазақстан – мейірбандық заманы» атты қайырымдылық акциясын өткізген болатын. Жиналған қаржыға ИФА (иммунды-ферментті анализатор) диагностикалық құрал-жабдығы сатып алынды. Сондай-ақ, 4 онколог - дәрігерге Мәскеу және Будапешт қалаларында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берілді. Іс-шараны өткізудің мақсаты: Қоғам мен мемлекет басшыларының еліміздегі белең алып бара жатқан онкологиялық аурулар мәселесіне назарын аудару болып табылады. Аталған шараға Алматы қалалық әкімшілігінің, денсаулық сақтау мекемелерінін өкілдері және қоғамдық ұйымдар қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 60 адам. Осы жылдың маусым айында «Қазақстандағы Киберспорт Қауымдастығы» Қоғамдық Бірлестігінің жолдаған үндеуін қарап, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры 11-12 маусым аралығында Алматы қаласында «Киберспорт нашақорлыққа қарсы 2009» ұранымен өткен компьютерлік ойындардан Алғашқы Ашық Турнирге қолдау көрсетті. Турнирге 30 топтан тұратын, шамамен 400 ойыншы қатысты. Турнир жеңімпаздарына Қордың атынан жалпы құны 35100 теңге тұратын спорттық кубоктар табыс етілді.2009 жылдың 15 маусымында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры кезеңдік қазақ романстарын құруға арналған байқау жариялады. Байқау туралы «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде және Қордың веб-сайтында жарияланды. 22 маусым күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры 68 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы басталған қайғылы күнді еске алуға арнап, Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен жастардың кездесуін өткізді. Ардагерлер Ұлы Отан соғысының басталуы туралы хабарды естіген күндегі естеліктерімен бөлісіп, майдан шебінде жүріп қаза болған достары мен туыстары туралы баяндап берді. Ал, Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы Республикалық әскери училищесінің курсанттарымен қоғамдық жастар ұйымдарының озаттары қатысып, олар қазіргі жастардың отанға деген сүйіспеншілігімен патриоттық рухының жоғалмауына атқарып жатқан жұмыстарын әңгімеледі. Қатысушылар саны 60 адам.Байқау комиссиясының шешімімен осы жылдың 20 мамыры мен 2 шілдесі аралығында «Ғылыми зерттеулер үшін гранттарға» қосымша байқау жарияланды.2009 жылдың мамыр-маусым аралығында «Шет елдерге байқауға қатысуға бару үшін гранттарға» қазақстандық жас ғалымдардан 14 өтініш, мәдениет қайраткерлерінен және өнер ұжымдарынан 4 өтініш түсті.Байқау комиссиясының ұсынысымен екі жас ғалымға халықаралық конференцияға қатысуға және бір сәулетшіге шығармашылық тәжірибеден өтуге қаржылай көмек көрсетілетін болды.Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің туылған күніне арналған мерекелік іс-шараларды өткізуге дайындық жүргізілуде.Ұйымдастырылған іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының атқарған жұмыстарына ақпараттық-талдау және насихаттау жұмыстары өтіп тұрады.Ағымдағы жылдың басынан бастап республикалық арналарда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының арнайы дайындаған әлеуметтік видеороликтері жүйелі түрде эфирге шығып тұрады. «Хабар» телеарнасында – 72 шығарылым, «Евразия» телеарнасында – 80 шығарылым және «КТК» - 124.Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 70-жылдығын тойлау бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті туралы екі түрлі деректі фильмнің сценариі келісімге жіберілді.Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының кітапханасын және кітапхананың материалды-техникалық қорын дамытуға арналған ұйымдасқан жұмыстар жалғасуда. Кітапханада ИРБИС-64 электронды базасы жасалуда. Қазіргі уақытта 9393 кітап және Қазақстан Республикасы Президентінің жеке кітапханасынан кітап сөрелері меңгеруге берілді, Елбасының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры сақтауға 721 музей экспонаттарын қабылдады. Бұрын Тұңғыш Президенттің мұражайынан берілген экспонаттар Алматы қаласындағы Мемлекет басшысының Резиденциясында сақталған. Сондай-ақ, Қорға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Жеке архивінен электрондық ақпараттар берілді.Аталмыш ақпараттар ақысыз негізде берілген. Ақпараттар мен экспонаттар Қорға толық көлеммен қабылданды, қазіргі таңда оларды жүйеге келтіру жұмыстары жүргізілуде.Насихаттау жұмыстарын жандандыру нәтижесінде есеп беру кезеңіндегі Қордың ресми сайтын көрушілер саны едәуір артты. 2009 жылдың наурыз айында - 5794 қатысушы тіркелсе, маусым айында – <>63781 қатысушыға артқан. Қазақстандық респонденттердің үлесі 55,14 % , сондай-ақ АҚШ, Қытай, Германия, Англия, Түркия, Италия, БАӘ және т.б елдерден тіркелген қатысушылар бар.Қазақстан Республикасы БАҚ-да Қордың ақпараттық қатысуы жылдың басымен салыстырғанда 2 екі есеге артқан.Есеп беру кезеңінде Қордың құрылымдары да жұмыстарын жалғастырды: Әлемдік экономика және саясат институты, «Қарасай аудандық білім қоры», «Мүлікті басқару дирекциясы»ЖШС, «Фонд – Инвест», Жас ғалымдар Кеңесі және Шығармашыл жастар кеңесі.Атқарушы директор: Б.Мұхамеджанов |
|
| |
|
|
|