«Асыл мұра» фотоконкурсына қатысыңыз және жеңімпаз атаныңыз!

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры «Асыл мұра» фотоконкурсын өткізуде. Фотосуреттер ү.ж. 30 қыркүйегіне дейін қабылданады. Жеңімпаздарға «Асыл мұра» конкурсының  Лауреаты атағы беріледі және 350 000 теңге мөлшерінде сыйлықақы тапсырылады. Сыйлық конкурс негізінде мынадай номинациялар бойынша беріледі:

–  «Сәулет»;

– «Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлері»;

– «Астананың 20 жылдығы»;

– «Күнделікті өмірдегі оқиғалар»;

– «Тұлғалар».

Конкурсқа 18 бен 35 жас аралығындағы қазақстандықтар қатыса алады. Фотожұмыс тақырыбы Конкурстың номинацияларына сәйкес келуі тиіс. Бір қатысушы үштен артық емес фотосурет жіберуіне болады. Әрбір автор екі номинацияға қатысуға құқығы бар.

Конкурстың қорытындысы ү.ж. қазан айының басында анықталады. Жеңімпаздарды марапаттау әрі жеңімпаздар жұмыстарының көрмесі Астана қаласында Назарбаев орталығында өтеді.

Поделиться: