Ғылыми зерттеулерге гранттар конкурсы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры 40 жасқа дейінгі жас қазақстандық ғалымдарға арналған ғылыми зерттеулерге гранттар конкурсын жариялайды.

Грант ғылым, технология және техниканың басым бағыттары бойынша жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жобалары мен жұмыстарын қаржыландыру үшін беріледі.

Байқауға қатысу үшін ғылыми дәрежесі бар ғылыми қызметкерлер және ғылыми зерттеулермен белсенді айналысатын ғылым докторлары шақырылады.

Конкурстық бағдарламаның мақсаты – Қазақстан Республикасының импорт алмастырушы әлеуеті, инновациялылық деңгейі және әлеуметтік маңыздылығы жоғары жас ғалымдарының неғұрлым перспективалы ғылыми әзірлемелеріне қолдау көрсету.

Конкурс келесі бағыттар бойынша өтеді:

  • Физика, математика, инженерлік ғылымдар;
  • Экология, Жер туралы ғылымдар, ауылшаруашылық ғылымдары;
  • Химия, технология, техникалық ғылымдар;
  • Медицина және биология;
  • Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар;

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының тәуелсіз Қазақстан құрудағы және тұрғызудағы рөлі туралы.

Өтінімдер беру мерзімі: 30 мамыр – 30 маусым 2019 ж.

Конкурс туралы толық ақпарат ережелерде.

Өтінімдер беру мекен-жайы: Индекс A25T0H5, Алматы қ., Иванилов к-сі 12А.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры

Байланыс ақпараты: roza@fpp.kz

Т. 220-92-24

Поделиться: