Сараптау Орталығы

ӘЭСИ

Бәсекеге қабілетті сараптамалық орталықты дамыту – Қордың үшінші басым бағыты. 2003 жылы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) осы мақсатпен құрылды. Бүгінде бұл Қазақстанның жетекші «ми орталығы» (think tank). Бұл заманауи әлемнің өңірлік және ғаламдық міндеттерін талқылауға арналған ашық тәуелсіз сараптама алаңы.

Институт әлемдік экономика, геосаясат, қауіпсіздік, біріктіру және еуразиялық мәселелер бойынша қоғамдық пікірталастарға белсенді қатысады. Халықаралық деңгейде Қазақстан мен оның сыртқы саясаты туралы анық және дұрыс ақпаратты таратып, шетелдік сараптамалық орталықтармен ынтымақтаса отырып жұмыс істейді.

Институттың сарапшылар тобын Салтыбаев Ержан Айдарұлы басқарады.

Барлық аналитикалық материалдар – журналдар, мақалалар, баяндамалар мен басқалары – қолжетімді. ӘЕСИ қызметімен ресми сайтта толығырақ танысуға болады.

ASTANA CLUB

ASTANA CLUB (Астана клубы) – бұл Еуразия өңірін дамыту мәселелері бойынша халықаралық пікірталастық сараптама алаңы. Бұл әлемнің алуан елдерінен келген беделді сарапшылар, бизнес жетекшілері мен саясаткерлер арасындағы диалог тұғырнамасы. Клуб ұйымдастырушысы — Әлемдік Экономика және саясат институтымен жұмыс істейтін Тұңғыш Президент қоры. Клуб әріптестері Carnegie Endowment, DGAP, КАСМО және Ресей халықаралық істер жөніндегі кеңесі.

Қазақстан Республикасының Батыс пен Шығыс арасындағы көпір сияқты айрықша жағдайы мен тарихи рөлі Астана клубына заманауи әлемнің ең өзекті проблемаларын талқылау үшін тәуелсіз, бейтарап және ашық алаңын ұсынуға мүмкіндік береді. Клубтың бірінші отырысы 2015 жылдың қарашасында өтті, оған Батыс Еуропадан, Ресейден, Қытайдан, АҚШ-тан, Ираннан, Оңтүстік Кореядан, Түркиядан келген зияткерлік және саяси қауымның шамамен 50 жетекші өкілі, сондай-ақ, экс-Премьер-Министр К.Мәсімов, Қазақстан Үкіметінің басшылығы мен елдің сараптама қауымдастығының жетекші өкілдері қатысты.

ASTANA CLUB ресми сайты