Қызмет

Өзінің Миссиясын сәтті жүзеге асыру үшін үш негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді:

  • ЖАСТАР БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

Қор қазақстандық жастардың зерттеулері мен жобаларын қолдап, сондай-ақ ғылыми және шығармашылық іс-шаралар өткізіп, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ашуға және жүзеге асыруға көмектеседі.

  • ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Қор нақты әлеуметтік және қоғамдық маңызды мәселелерді шешетін идеялар мен жобаларды жүзеге асыруға ұмтылады. Қайырымдылық шаралары жүйелі түрде жүргізіледі.

  • АНАЛИТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ

Қор өзінің құрылымында «ми орталығы» — Әлемдік экономика және саясат институтын дамытады. Бұл — өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті, халықаралық қатынастарды талқылайтын ашық алаң.

Біз Қордың тиімді қызметі ойластырылған стратегия мен қоғам қажеттіліктерін айқын пайымдауға тәуелді екеніне сенімдіміз. Біз өзіміз үшін президент қорының үздік тәжірибесінен тұратын және басқа ұйымдардың қызметін қосарламайтын жеке моделді таңдадық.

Қордың негізгі Мақсаты – Қазақстанның гүлденуі үшін Тұңғыш Президент идеялары мен жобаларына біздің азаматтарды біріктіру.

Бүгінде біз үш басты міндетті орындауға шоғырландық:

  • талантты жастарды қолдау;
  • әлеуметтік-бағытталған жобаларды жүзеге асыру;
  • бәсекеге қабілетті ғылыми-сараптамалық орталықты дамыту.

БІЗДІҢ ҮЗДІК ЖОБАЛА

ASTANA CLUB

ASTANA CLUB (Астана клубы) – бұл Еуразия өңірін дамыту мәселелері бойынша халықаралық пікірталастық сараптама алаңы. Бұл әлемнің алуан елдерінен келген беделді сарапшылар, бизнес жетекшілері мен саясаткерлер арасындағы диалог тұғырнамасы. Клуб ұйымдастырушысы — Әлемдік Экономика және саясат институтымен жұмыс істейтін Тұңғыш Президент қоры. Клуб әріптестері Carnegie Endowment, DGAP, КАСМО және Ресей халықаралық істер жөніндегі кеңесі.

Қазақстан Республикасының Батыс пен Шығыс арасындағы көпір сияқты айрықша жағдайы мен тарихи рөлі Астана клубына заманауи әлемнің ең өзекті проблемаларын талқылау үшін тәуелсіз, бейтарап және ашық алаңын ұсынуға мүмкіндік береді. Клубтың бірінші отырысы 2015 жылдың қарашасында өтті, оған Батыс Еуропадан, Ресейден, Қытайдан, АҚШ-тан, Ираннан, Оңтүстік Кореядан, Түркиядан келген зияткерлік және саяси қауымның шамамен 50 жетекші өкілі, сондай-ақ, Премьер-Министр К.Мәсімов, Қазақстан Үкіметінің басшылығы мен елдің сараптама қауымдастығының жетекші өкілдері қатысты.

ӘЛЕУМЕТТІК ИДЕЯЛАР ЖӘНЕ ЖОБАЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

ӘЛЕУМЕТТІК ИДЕЯЛАР ЖӘНЕ ЖОБАЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІ – ҮЕҰ әлеуметтік жобаларын қолдауға арналған жыл сайынғы байқау. Қордың 2005 жылдан бері өткізілетін ең белгілі және ауқымды жобасы.

Жоба шеңберінде екі жүзден астам жоба жүзеге асырылды, олардың көбісі мәдениет, білім беру, спорт саласындағы мүмкіндігі шектеулі адамдар мен әлеуметтік мекемелердің балаларын қолдау сияқты өзекті меселелерді шешеді.

Жәрмеңке ҮЕҰ мен әлеуметтік кәсіпкерлер үшін білім беру алаңы болды. Қатысушылар тамаша шеберлік сағаттарына қатысады және өз идеяларын жүзеге асыру бойынша тәжірибелік ұсыныстар алады.

Жұмыс істеу барысында Жәрмеңке форматы өзінің тиімділігін дәлелдеді. Жыл сайын қатысушылардың географиялық қамтуы өсіп, ұсынылған бастамалар саны мен сапасы едәуір арта түсті.

АМАН КЕЛЕШЕК

АМАН КЕЛЕШЕК – бұл жыл сайын өтетін балалар мәдени-спорт фестивалі, Қордың ең ашық және маңызды шараларының бірі. Фестиваль 2015 жылдан өткізіледі. ТМД бойынша «Аман Келешек» форматының баламасы жоқ. Оның міндеті – белсенді социумға мүмкіндіктері шектеулі балаларды тарта отырып, инклюзивті қоғамды дамыту.

Фестиваль шеңберінде өткізілетін шеберлік сағаттары балаларға болашақ мамандығын анықтауға, жаңа ермек табуға, шығармашылық ойлауы мен спорт дағдыларын дамытуға көмектеседі.

«Аман Келешекті» танымал қоғам қайраткерлері, қазақстандық спортшылар – Олимпиада жеңімпаздары мен чемпиондары, танымал заманауи әртістер мен әншілер, билік, бизнес және интернет-қауымдастық өкілдері қолдайды.

Фестиваль жыл сайын шамамен 4000 мектеп оқушыларын біріктіреді.

ЖАСSTAR

ЖАСSTAR – бұл 2009 жылдан бері өткізіліп келе жатқан шығармашылық жастардың жыл сайынғы халықаралық фестивалі. Бұл ашық алаң заманауи қазақстандықтарды креативті жобалар тудыруға шабыттандырады. Фестиваль қатысушылары танымал кино, музыка, әдебиет, театр және би қайраткерлері өткізетін шеберлік сағаттарына, кездесулер мен шығармашылық дәрістерге қатысады. Мұның барлығы «ЖасStar» талантты жастар үшін басты мәдени оқиғалардың бірі деп санауға мүмкіндік береді.

Фестиваль жыл сайын шамамен 1000 қатысушы жинайды.

БЕЛГІСІЗ ҚАЗАҚСТАН

БЕЛГІСІЗ ҚАЗАҚСТАН – 2012 жылы Қор қолдап, қазақстандық жас фотографтар тобы іске асырған бірегей жоба. Илья Афанасьев, Василий Михайлин, Константин Киквидзе және басқа энтузиасттар біздің тамаша жеріміздің сөз жетпейтін табиғатын, мәдениеті мен тарихын ашып, бүкіл әлемге Қазақстанның әсем жерлерінің сирек кадрларын паш етті.

«Белгісіз Қазақстан» фотокөрмесі АҚШ-та, Оңтүстік Кореяда, Ресейде, Қытайда, Грузияда, Венгрияда және Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде болып және үлкен құрмет алып, еліміздің өзіндік «төлқұжаты» атанды.

Біздің жобаларымыздың қатарында бірлескен жобалар аз емес, олардың көбісі ұзақ мерзімдік әріптестікке өрбіді. Бұл жобалардан зор болашақ күтеміз, өйткені олар Тұңғыш Президент Қорының мақсатымен үндес.

«Жандану Әлемі» Қорымен бірлескен жоба

БАЛА ДАУЫСЫ

«Бала дауысы» — бұл 2016 жылдан бастап өткізілетін, 7 жастан 13 жасқа дейін балаларға арналған ұлттық ән байқауы. Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстандағы музыкалық шығармашылықты дамыту және жас таланттарды ашу.

Байқау еліміздің барлық өңірлерінде іріктеу түрінде өтеді. Оның нәтижесінде 16 үздік әнші сольфеджио, хореография мен актерлік шеберлікті тереңнен зерттеу үшін Жазғы Музыка мектебіне шақырылады.

«Бала дауысы» финалдық концерті Астана қаласында өтеді, онда қазылар алқасы сайланады және Байқау жеңімпаздары марапатталады.


 

Балет пен ұлттық биді дамыту және қолдау қорымен бірлескен жоба

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ

«Халықаралық балет әртістерінің байқауы» — бұл 17 жастан 26 жасқа дейінгі жастарға арналған хореографиялық байқау. Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстанда би өнерін дамыту және классикалық балет дәстүрін сақтау.

Байқауға Қазақстаннан, Ресейден, Қытайдан, Жапониядан және Еуропа елдерінен келген әртістер қатысады. Көрсетілім нәтижесі бойынша байқау қазылары гран-при иегері мен арнайы номинация жеңімпаздарын анықтайды.

Іс-шара «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры базасында өткізіледі.


 

ЮНЕСКОМЕН бірлескен жоба

БАЛАЛАР ӘЛЕМДІ БЕЙНЕЛЕЙДІ. АЗИЯ

«Балалар әлемді бейнелейді. Азия» — бұл 3 және 17 жас аралығындағы жас суретшілерге арналған халықаралық фестиваль. Іс-шараның басты мақсаты – әр түрлі елден келген қатысушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту және дарынды жастарды қолдау.

2016 жылы «Балалар әлемді бейнелейді. Азия» фестивалі Алматы қаласының 1000 жылдығын тойлауға арналды. Оған Қазақстаннан, Үндістаннан, Кореядан, Қырғызстаннан, Моңғолиядан, Ресейден, Тәжікстаннан, Өзбекстаннан және Жапониядан келген 7 мыңнан астам үміткер қатысты. Қатысушылар мен іс-шара қонақтары мерекелік концертті көрді, Алматының тарихи орындарына экскурсия жасады және «Белгісіз Қазақстан» фотокөрмесін тамашалады.

Іс-шара ЮНЕСКО Қазақ Ұлттық Клубтар Федерациясының жетекшілігімен өтеді.


 

А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі мен Еуразиялық қормен бірлескен жоба

ӨРЛЕУ

«Өрлеу» — бұл хореографиялық оқу орындарының халықаралық фестивалі. Ол 2008 жылдан бастап өткізіліп келеді және қазақстандық балет өнерін қолдайтындар үшін еліміздің мәдени өміріндегі айрықша оқиға болды.

Байқау алаңдары үнемі тұлғалық дамуға мүдделі және жаңа есімдерді жария етеді. Бұл әсіресе шығармашыл жастар үшін өте маңызды, себебі мұндай алаңдарда ерекше атмосфера орнайды – мұнда жаңа дүниені көріп, әріптестер шеберлігінен шабыт алуға болады, рухани байып, өз жетістіктерін көрсете алады.

«Өрлеуге» жыл сайын Қазақстан, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа елдердің оқу орындары қатысады.

Фестиваль шеңберінде хореографиялық өнердің жетекші қайраткерлері классикалық және заманауи би бағыттары бойынша шеберлік сағаттарын өткізеді. «Өрлеудің» ерекше аяқталуы Фестиваль қонақтарының концерттік бағдарламасынан құрылады.


 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасымен бірлескен жоба

ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ

«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» — бұл журналисттердің ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тақырыптық байқауы. Оның мақсаты – тәуелсіздік жылдарындағы елдің жетістіктерін түсіндіру, «Назарбаев моделін», сондай-ақ Елбасының идеялары мен бастамаларын әйгілеу.

Байқауға кәсіби журналистер жеке және ұжым атынан қатыса алады. Қазақстанның танымал журналистері, көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткерлері қазылық етеді.

Байқау қатысушыларын салтанатты түрде марапаттау жиырма бесінші Тәуелсіздік күніне орай өтеді.


 

«Қазақстан Барысы» Қазақ күресін дамыту Қорымен бірлескен жоба

Қазақстан Барысы

 «Қазақстан Барысы» — бұл қазақ күресі бойынша 2011 жылдан өткізіліп келе жатқан республикалық турнир. Оның басты мақсаты – ұлттық күрес түрін дамыту және салауатты ұрпақ тәрбиелеу.

Жыл сайын іріктеу жарыстарына Қазақстанның барлық облыстарынан үздік балуандар қатысады. Астана қаласындағы «Қазақстан Барысы» турнирінің финалдық кезеңінде чемпион белдігі мен «Тайтұяқ» олжасының иегері – жеңімпаз анықталады.

Қор құрылымында 3 дербес қор жұмыс істейді:

  • Әлемдік экономика және саясат институты;
  • Мемлекеттік тілді дамыту қоры;
  • Қарасай ауданының білім беру қоры.

Олар өзінің жарғылық міндеттерін орындай отырып, Тұңғыш Президент Қорының миссиясын жүзеге асыруға көмектеседі.

Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) 2003 жылы құрылды және Қазақстанның жетекші «ми орталығы» саналады. Бұл заманауи әлемнің өңірлік және ғаламдық міндеттерін талқылауға арналған ашық тәуелсіз сараптама алаңы.

Институт әлемдік экономика, геосаясат, қауіпсіздік, біріктіру және еуразиялық мәселелер бойынша қоғамдық пікірталастарға белсенді қатысады. Халықаралық деңгейде Қазақстан мен оның сыртқы саясаты туралы анық және дұрыс ақпаратты таратып, шетелдік сараптамалық орталықтармен ынтымақтаса отырып жұмыс істейді.

Институт сарапшыларының тобын Салтыбаев Ержан Айдарұлы басқарады.

Барлық сараптамалық материалдар – журналдар, мақалалар, баяндамалар және басқалары – қолжетімді. ӘЕСИ қызметімен ресми сайтта толығырақ танысуға болады.

 

Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстанда және одан тыс жерде қазақ тілін дамыту жобаларын қолдайды. Ол 2008 жылы Президенттің жеке бастамасымен құрылды. Бұл Қор байқау бағдарламалары және гранттар арқылы мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениетті зерттеп, таратуға қоғамды тартады.

Қор жеке жобаларын жүзеге асырады. Олардың көбісі қазақ тілін зерттеу үшін танымал құралға айналды: онлайн-курс «soyle.kz», бірінші қазақстандық мессенджер «iTys», онлайн-сөздік «sozdik». Ал «Менің Қазақстаным» мобильді қосымшасында осы патриоттар үшін фотография топтамасы жиналды. Қордың тағы бір танымал жобасы «Кім ақылдырақ?» онлайн-викторинасы қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен және дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік береді.

Қарасай ауданының білім беру қоры 2007 жылы құрылды. Оның басты мақсаты – Алматы облысының талантты мектеп оқушыларын оқытуға гранттар бөлу, түрлі байқаулар мен олимпиадалар өткізу, аз қамтылған отбасыларға, жетім балаларға, балалар үйі мен мектеп-интернаттың тәрбиеленушілеріне көмек көрсету арқылы қолдау. Бұл Қор барлық күшін жергілікті мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастырып, олардың үздіктеріне көмектесуге бағыттайды

Бұл Қордың еншісінде Алматы облысы мектептерінің ең белсенді және талантты оқушылары анықталатын көптеген шаралар, мектептік пән олимпиадалары, мектеп ансамбльдерінің шығармашылық байқаулары, поэзия байқаулары және т.б. шаралар бар.