Жастар бағдарламалары

ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ

Талантты жастарды қолдау – Қор қызметінің басым бағыттарының бірі. Жастар бағдарламасының негізгі векторлары ғылым мен мәдениет болды. Жас ғалымдар, сондай-ақ мәдениет және өнер қайраткерлері үшін байқау негізінде гранттар, сыақылар мен шәкіртақы жүйесі құрылды.

2007 жылдан бастап осы бағыттарды үйлестіретін Жас ғалымдар кеңесі мен Шығармашылық жастар кеңесі тұрақты жұмыс істейді.

Біз жастарға арналған байқауларымыздың жеңімпаздар әлеуетіне – Қазақстанның болашақ зияткерлік және шығармашыл қауымына сенеміз!

ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІ

ЖҒК – бұл Қазақстанның жас ғалымдары арасында тәжірибе біріктіру және алмасуына арналған Қордың кеңестік-ақылдас органы. Кеңес құрамына ең алуан ғылым саласынан 17 ғалым – олардың ішінде физиктер мен математиктер, химиктер мен философтар, экономисттер мен филологтар, кеншілер кіреді. Олардың міндеті – Қазақстанда жетекші ғылыми мектептерді қолдау үшін жобаларды дамыту және тақырыптық конференциялар, форумдар мен көрмелер өткізу.

Өзінің әлеуетін өсіру үшін Кеңес Қазақстанның және шетелдің ірі зерттеу орталықтарымен ынтымақтастық етеді.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАСТАР КЕҢЕСІ

ШЖК – бұл елдің шығармашыл жастарының арасында тәжірибе біріктіру және алмасуына арналған Қордың кеңестік-ақылдас органы. Кеңес құрамына шығармашылық кәсіптерінің 11 өкілі – олардың ішінде әртістер мен дизайнерлер, кинематографтар мен композиторлар, жазушылар мен суретшілер, театр қайраткерлері мен хореографтар кіреді. Олардың міндеті – шығармашылық бастаманы қолдау, заманауи қазақстандық мәдениетті дамыту және тақырыптық фестивальдер, байқаулар мен көрмелерге бастамашы болу. Бұл Кеңес біздің еліміздің заманауи мәдениетін қалыптастыратын қызықты шығармашылық жобаларды ашуға және жүзеге асыруға көмектеседі.

Ғылым

Біз Қазақстанның жас ғалымдарының әлеуетін ашуға және жүзеге асыруға көмектесеміз, оларға жеке студенттік шәкіртақылар, зерттеуге және ғылыми конференцияларға (форумдарға, съездерге) не ғылыми тәжірибеге барып келуге гранттар береміз.

Осы бағдарламаның қатысушылары ғылыми қызметкерлер және мамандандырылған бағыттағы ЖОО студенттері бола алады.

Шығармашылық

Біз еліміздің шығармашылық дарынды жастарын қолдаймыз. Қор оларға шығармашылық жобалар мен тақырыптық іс-шараларға, конкурстарға және фестивальдерде қатысу сапарларына гранттар, жеке студенттік шәкіртақылар береді.

Осы бағдарламаның қатысушылары шығармашылық мамандық қызметкерлері және мәдениет пен өнер саласындағы оқу орнының оқушылары бола алады.