Қор туралы

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент – Елбасы Қоры – Қазақстандағы Президент қоры. Бұл еліміздегі қызметі кәсіби басқару қағидаларын ұстанып, барлық жобалардың жүйелілігіне құрылатын ірі коммерциялық емес қор.

Қор 2000 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен құрылды. Бүгінде Қор адам капиталының бәсекелесу қабілетін арттыруға және қазақстандық жаңа ұрпақтың қалыптасуына бағытталған Президент идеяларын мақтанышпен жүзеге асырып жатыр.

Қор жұмысы талантты жастарды қолдауға, әлеуметтік жобалар мен азаматтық бастамаларды дамытуға, бәсекеге қабілетті сараптама-талдау орталығын дамытуға бағытталған.

Біздің Миссиямыз – талантты жастарға көмектесу, қоғамдық маңызды әлеуметтік жобаларды қолдап арқылы қоғамымыздың шексіз әлеуетін дамыту.

Біз ғылым және өнер жолындағы талантты жастарды қолдау үшін жан-жақты қолайлылық тудыруға тырысамыз.

Біз қазақстандық қоғамдағы маңызды әлеуметтік мәселелерді шешетін үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын жүзеге асыруға ықпал етеміз.

Біз саясат, экономика, халықаралық қатынастар және қауіпсіздік сияқты мәселелер бойынша диалог тұғырнамасын қалыптастырамыз.

Миссиямызды қолдана отырып, біз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басты идеяларына қазақстандықтардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының бейілділігін нығайтуға тырысамыз.

Өз жұмысымызда барлық мүдделі тараптарға ашықпыз.

dnn

Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Елбасының қорының
директоры

KN

Жұмабаев Қанат Несіпбайұлы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Елбасының қорының
атқарушы директоры

Тұңғыш Президент Қорының тарихы басталатын Алматы қаласында тұрақты өкілдігі бар.

Бұл Қор жобалары мен іс-шаралары жүзеге асырылатын маңызды алаң.

Өкілдікте:

— Қор қызметі және жобалары туралы толық ақпаратты алуға;

— Қордың ашық іс-шараларына қатысуға;

— Қордың байқау бағдарламаларына қатысу үшін ұсыныстар мен құжаттар беруге болады.

Өкілдіктің байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., Махатма Ганди к. 10

Тел. +7 (727) 270 04 17
Факс. +7 (727) 270 05 21
e-mail: office@fpp.kz

Тұңғыш Президент Қорының «Назарбаев орталығы» бірегей кешені – британ сәулетшісі Норман Фостердің жобасы бойынша салынған Астана сәулетінің шедеврі.

«Назарбаев Орталығы» Президент орталығы ретінде салынды және 2013 жылы ашылды. Қордың жаңа үйі ретінде «Назарбаев Орталығы» біздің қызметіміздің жаңа кезеңін айқындады.

«Назарбаев орталығының» басты сәулет ерекшелігі функционалдығы, әдемілігі мен маңыздылығының қосындысына негізделеді. Аспанға қараған алып көз сипатты ғимараттың айрықша келбеті заманауи Қазақстанның жетістігі мен өмірлік қуатын бейнелейді.

Орталықтың жалпы ауданы 30 мың шаршы метр. Осы құрылыстың техникалық бірегейлігі – шыны күмбездің ерекше құрылымы. Аралық диаметрі 81 метрге жетеді. Кешеннің барлық ішкі құрылымы диаметрі 26 метр және ауданы 535 шаршы метр орталық атриум айналасында шоғырланады. Атриум периметрі бойынша орналасқан 9 қабат құрылыстың көлемі мен әсемдігін толық сезінуге мүмкіндік береді. Бүгінде мемлекет үшін ең салтанатты және маңызды іс-шаралар, конференциялар мен көрмелерді «Назарбаев орталығы» өткізеді.

Астана

Қазақстан Республикасы, 010018, Астана қаласы, Бөкейхан көшеci, 10, «Назарбаев Орталығы»

Қабылдау тел. +7 (7172) 70 83 04
Факс. +7 (7172) 70 8343
e-mail: Astana_fond@fpp.kz

 

Алматы
Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қаласы, Махатма Ганди көшесі, 10

Қабылдау тел. +7 (727) 270 04 17
Факс. +7 (727) 270 05 21
e-mail: office@fpp.kz