02.11.2017 | Шығармашыл жастардың «ЖасSTAR» сегізінші фестивалі «Париж өмірі» француз опереттасымен аяқталады

3 қарашада /жұмада/ Мемлекет Басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Қоры ұйымдастырған шығармашыл жастардың «ЖасSTAR» VIII хлықаралық фестивалі аяқталады.

Осы жылғы фестиваль 25 қазан мен 3 қараша аралығында, сегіз күн ішінде өтті. Еліміздің болашағы бар талантты жастарына арналған мәдени-ағартушылық шара 3 000-нан астам қатысушылардың басын қосты.  Оларға арнап өнердің белгілі қайраткерлері кескіндеме, арт-менеджмент, кинематография, музыка және ғаламторда табысты юморлық роликтерді жасау жөнінде шеберлік сабақтары мен шығармашылық кездесулерін өткізді.

Фестивальдің бірінші күнінде 8 қарашаға дейін созылатын Қордың алматылық өкілдігінде жас суретшілердің «Болашаққа көзқарас» көрмесі ашылды. Станокты кескіндеме, портрет және пейзаж секілді жанрларда орындаған өздерінің жұмыстарын Қазақстанның, Ресейдің, Украинаның, Қырғызстан мен Өзбекстанның талантты өкілдері ұсынды.

Өзінің шығармашылық жолындағы табыс құпиясы мен қазақстандық жастар мамандығының шеберлігі жайында кесіндемеші Ғани Баянов, белгілі «Жігіттер» бойз-бенді, әлеуметтік желіде танымал вайнерлер және кино әртістері Нұрлан Батыров пен Шәріп Серік, арт-менеджменттегі стратегиялық басқару жөніндегі канадалық тренер Лидия Варбанова, Венгер операсының балеринасы Әлия Танықпаева, театр және кино әртісі Берік Айтжанов, «Ёлки» отбасылық комедиясын түсірген кинорежиссёр Александр Котт және Франциядан келген белгілі дирижёр Филипп Юи айтып берді.

Сонымен бірге, фестиваль аясында қазақстандық анимацияның 50-жылдығына орай отандық мультфильмдердің көрсетілімі«Қазіргі жастар киносының жаңа үрдісінің бағыты, көркемдік деңгейі мен мәселелері» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Шеберлік сабақтарының тығыз кестесі міне, екінші рет фестивальдің қалаға шығуына мүмкіндік берді. Шара тек Қордың ғимаратында ғана емес, сонымен бірге, шығармашылық жоғары оқу орындарының негіздерінде — Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында, А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде, П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде, Тұран университетінде және Кұрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өтті.

Фестивальдің сегізкүндік бағдарламасы кешке Жак Оффенбахтың «Париж өмірі» опереттасымен аяқталады. Оны жұмыс қорытындысы бойынша Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері Филипп Юи дирижердың сүйемелдеуімен көрсетеді.

Филипп Юиді музыка әлемінде аралас-құралас дирижер ретінде жақсы біледі. Ол симфониялық оркестрде, балетте, опера немесе опереттада бірдей табыспен жұмыс жасайды. Париж Операсы Ұлттық оркестрінің дирижёры,  «Екі Әлем» филармониясының негізін қалаушы және дирижер, Францияда, сол секілді ел шегінен тысқары көптеген фестивальдардың қалаулы қонағы.

***

Құрметті журналистер, сіздерді 3 қараша күні сағат 19:00-де Абылай хан даңғылы, 90, (Үлкен концерт залы) мекен-жайындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына, «Париж өмірі» опереттасы кешіне шақырамыз..

!!! Орын шектеулі, сондықтан төменде көрсетілген байланыс бойынша тіркеуден өту қажет.

 

Н.Назарбаев Қорының баспасөз қызметі

Артур Жумашев, PR-менеджер

+7 727 2 700 641, +7 708 960 56 13

a.zhumashev@fpp.kz

Поделиться: