31.10.2018 | Республикалық жастар конкурсының жеңімпаздары белгілі болды

Бүгін Назарбаев орталығында үш республикалық конкурстың жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Олар:

– «N. Nazarbayev Fund Schools Challenge» конкурсы;

«Шапағат» өнертапқыштар конкурсы;

«Болашақ сенің қолыңда: ойлан тап та, жасампаз бол» атты оқушылар арасындағы конкурс.

Бұл жобаларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, ҚР Тұңғыш Президенті Қоры және Ұлттық зияткерлік меншік институты жүзеге асырды.

«N. Nazarbayev Fund Schools Challenge» – мектеп оқушыларының көлік саласына байланысты білімдерін тереңдетуге және осы салаға деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған. Конкурстың серіктестері «Samruk–Kazyna Trust» корпоративтік қоры мен Ұлттық тасымалдаушы «Эйр Астана».

Конкурсқа Қазақстанның барлық облыстарынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 85 оқушы қатысты.

Іріктеу турларын Крэнфилд (Ұлыбритания) университетінің аэроғарыштық сайыс мектептерінің өкілдері өткізді.

Конкурстың арқасында оқушылар әуе көлігі инженериясы саласында өз білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алды. Үшкүндік турдың нәтижесінде Ақтөбе мен Қызылорда облыстары оқушыларының командалары, сондай-ақ, еліміздің түрлі өңірлерінен келген оқушылар жеңімпаз деп танылды. Финалға қатысушылар Ұлыбританияға барып, аэроғарыштық Крэнфилд университетінде тағылымдамадан өтті.

Іс-шара барысында республикалық «Шапағат» өнертапқыштар конкурсының жеңімпаздары марапатталды. Конкурсқа қатысушылар патенттелген өнертабысқа, пайдалы модельдерге және өнеркәсіп үлгілеріне арналған өз бейнероликтерін тапсырды.

Бұл конкурстың бес өнертапқыш-жеңімпазы онлайн дауыс беру арқылы анықталды. Олар – құрылыс, өрт қауіпсіздігі, ветеринария мен медицина салаларында өнертабыс ұсынған талантты жастар.

Үшінші конкурс – «Болашақ сенің қолыңда: ойлан тап та, жасампаз бол» атты оқушылар арасындағы республикалық конкурс.

Оның мақсаты – оқушылар арасында шығармашылық белсенділікті ынталандыру, зияткерлік меншік саласындағы білімді танымал ету және тарату, жеткіншектердің бойында патенттік мәдениеттің негіздерін қалыптастыру. Бұл конкурсқа 8-11 сыныптардың оқушылары қатысты.

Республиканың түкпір-түкпірінен конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде 500-ден астам эссе тапсырылды.

Жастар жобаларын жүзеге асырудың маңыздылығын көрсете отырып, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов өзінің құттықтау сөзінде «Жастар жобаларын жүзеге асыруда ҚР Тұңғыш Президенті Қорының, Әділет министрлігі мен Ұлттық зияткерлік меншік институтының тығыз қарым-қатынасының арқасында еліміздің әр жерінен келген жүздеген талантты балалар анықталды. Біздің бірлескен конкурстарымызға қатысу балалардың қабілеттерін дамытудың ең тиімді ынталандырушы факторы болғанына сенімдімін. Бұл конкурстар оқушылардың өз өмірлеріне қажетті тәжірибе жинауына, идеяларының іске асуына үлкен мүмкіндік туғызды», – деп атап өтті.

Поделиться: