30.12.2019 | Елбасы Қорының 2019 жылғы қызметінің қорытындылары туралы

Өтіп бара жатқан жылды шығарып салып, әрқаймысыз 12 айдың ішінде орын алған басты оқиғаларды есімізге аламыз.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қызметін қорытындылай келе, біз 2019 жылы Қор өткізген маңызды шараларды атап өткіміз келеді.
Жалпы, осы жылы 95 іс-шара өткізілді. Оның басым бөлігі ғылым мен мәдениет саласындағы дарынды жастарды қолдауға, Қазақстан халықтарының құндылықтарын насихаттауға бағытталған.
2019 жылы ІТ-технологиялардағы жастардың қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін іс-шараларды ұйымдастыруға көп көңіл бөлінді. Біздің бастамамызбен ҚР ЖОО арасында робототехникадан «IITU Robocon 2019» бірінші республикалық чемпионаты ұйымдастырылды. 10 жеңімпаз-команда «Smart Zholy» бағдарламасы бойынша өз жобаларын Сингапурдің корпорацияларына ұсынды.
Робототехникадан «KazRoboProject-2019» республикалық жобалар байқауы, «Nazarbayev Fund Schools Challenge» байқауы, «Код сағаты» жаһандық акциясы (350 мың оқушының қатысуымен) өткізілді.
Талантты жастардың дамытып, қабілетін қолдау бойынша «Ел үміті» жобасын жүзеге асыру басталды. Аталған бастаманың белсенді қатысушылары мен Тұңғыш Президент Қорының лауреаттарының Елбасымен кездесуі ұйымдастырылды.
Ерекше қажеттіліктері бар балалардың өзін-өзі дамытуына бағытталған бірқатар ірі шаралар өткізілді: «Аман келешек» инклюзивті фестивалі, «Жеңістерге бірге» – «Вместе к победам» III паралимпиадалық старты және т.б.
«Алтын тобылғы» шығармашылық байқауы аясында үздік ақын-жазушылар анықталды. «ЖасSTAR» халықаралық шығармашылық фестивалі, Елбасы Қоры лауреаттарының «С мечтою в сердце – на пути к вершине!» гала-концерті өтті.
Сонымен бірге Елбасының жаһандық бейбітшілікті сақатау туралы идеяларын насихаттауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.
Осы және басқада да жобалар 2019 жылы жүздеген жасты қолдауға, келісімді сақтауға мүмкіндік берді.
Өтіп бара жатқан жылдың кейбір ірі әрі маңызды жобалары туралы келесі жазбада айтатын боламыз.
Әрине, 2019 жылы үшінші рет өткізілген жас ғалымдардың халықаралық форумы «Burabay Forum» ерекше назар аударуға лайық.
Қазақстанға 12 елден 120-дан астам қатысушы келіп, өздерінің ұсыныстарымен, инновациялық идеяларымен бөлісіп, бірлескен зерттеулер жүргізу үшін байланыс орнатты.
Форумның нәтижесінде жас ғалымдар зерттеу қызметін дамытуға және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін ғылыми проблемаларды жою бойынша нақты шараларды көрсететін қарар қабылдады.
«Zamannyn` ziatker jastary -vision of the future» – атты болашақ әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің арқасында елде әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған ҮЕҰ-ның 17 жобасы іске қосылды.
Біз олар туралы жыл бойы айтып келеміз. Олардың қатарына Приозерск қаласындағы коворкинг орталығы, «Мәміле» қазақ тілін үйренуге арналған пікірсайыс клубы, Қостанай қаласындағы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға кәсіптік бағдар беру курстары, Атыраудағы инклюзивті шеберхана, мүгедек балаларға арналған сенсорлық жиынтықтар және т.б. кіреді.
Трэвел-гранттардың көмегімен жас ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері көптеген елдерге саяхаттап, шетелдік тағылымдамаларға, форумдарға, фестивальдерге, конкурстар мен симпозиумдарға қатысу арқылы өздерінің шығармашылығын шыңдады.
Шығармашылық жобалар мен ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған гранттар конкурстар дарынды қазақстандықтарға өздерінің ел игілігі жолындағы мүмкіндіктерін көрсетуге жол ашты.
Сондай-ақ, жас ғалым Алма Зәкірованың «Робототехниканы оқытудағы инновациялық тәсіл» ғылыми жобасы мен режиссер Дамир Оразымбетовтің «Қорқыт саяхаттары» балет спектакілін ерекше атап өткіміз келеді.
Біз іс-шараларымызға белсенді қатысқан, жарыстарда бағын сынаған және әлемдік аренада республикамызды абыроймен танытқан баршаңызға алғыс айтамыз.
Жаңа жылда айтулы жеңістер мен жетістіктер тілейміз!
Жаңа жылда айтулы жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

Поделиться: