30.05.2019 | Алматыда алғаш рет Қазақстан Республикасының заңнамасына прецедентті құқық элементтерін енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет, Сорбонна-Қазақстан Институты «Астана» ХҚО және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорымен бірігіп «Қазақстан Республикасына прецедентті құқық элементерін енгізу перспективалары туралы. «Астана» ХҚО тәжірибесі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Іс-шараға: Игорь Иванович Рогов – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры атқарушы директорының орынбасары, Еуропа Кеңесінің Венециандық Комиссиясының Қазақстан Республикасы атынан мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор, Шейх Билал Хан — «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығындағы ислам қаржылары бойынша директор, «Астана» ХҚО Халықаралық арбитраждық орталығының арбитрлар алқасының мүшесі, «Астана» ХҚО ислам қаржылары бойынша Консультативтік кеңесінің мүшесі, Англия мен Уэльстың жоғары соттарының қорғаушысы, исламдық қаржылар бөлімінің серіктесі және жаһандық жетекшісі, Алматы қ. жоғары оқу орындарының қазақстандық ғалымдары, құқық және қаржылар саласындағы француз мамандары, сондай-ақ «Франция-Қазақстан» Сауда-өнеркәсіптік палатасының сарапшылары, тәжірибеші-сарапшылар қатысты.

Халықаралық дөңгелек үстел аясында алғаш рет Қазақстан Республикасының заңнамасына прецедентті құқық элементтерін енгізу мәселелері талқыланды, сондай-ақ прецедентті құқықтың шетелдік тәжірибесі зерттелді.

Игорь Рогов айтып кеткендей: «Қазіргі таңда Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ішінде бірінші болып прецедентті құқық нормаларын енгізуде, себебі халықаралық жаһандық компаниялардың өз инвестицияларын қауіпсіздендіру қажеттіліктерін түсінеді. Сондай-ақ ағылшын құқығының қағидаларын қазақстандық құқық жүйесіне енгізудің мақсаты бәсекеге қабілеттілікті сақтауға ұмтылумен және әлемдік стандарттарды ұстану қажеттілігімен түсіндірілетіндігін атап кеткеніміз жөн. АХҚО құру, әлемде беделге ие болған және дүниежүзілік державалар мен қаржылық орталықтарда пайдаланылатын құқық көзін енгізу және қолдану арқылы ұлттық әділеттілік жүйесін жетілдіру, Қазақстанда прецедентті құқықты енгізудің бірінші, және алғашқы нәтижелер көрсеткендей, тиімді қадамдар болып табылады».

Өз сөзінде Шейх Билал Хан прецедентті жүйе мен оны Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізудің маңыздылығын мұқият түсіндіріп өтті. Сонымен қатар ол аудиторияға прецедентті құқықтың барлық қырларын, әсіресе оның артықшылықтарын ашып берді: «Жылдам. Жалғасып келе жатқан. Дамушы». «Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде халықаралық нарықтар үшін ХҚО қалай ашу керектігіне байланысты өзінің көзқарасын айтқан болатын. Және әлемдік нарыққа шығудың ең үздік тәсілдерінің бірі ағылшын құқығы болып табылады. Бұл құқықпен әлемнің көптеген елдеріндегі өзара қарым-қатынастар реттеледі. Біз Еуропа мен Еуразиялық экономикалық одақтың азаматтық, сондай-ақ экономикалық процестерін, экономика мен коммерцияның кез келген орта кіруі мүмкін әр түрлі салаларындағы дауларды қарастыра аламыз», — деді Шейх Билал Хан.

Өз сөзінде халықаралық дөңгелек үстелдің модераторы, Сорбонна-Қазақстан Институтының директоры (Қазақстан), Қазақстан Ресубликасының Конституциялық кеңесі жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңес мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Сәбитова Айнұр Әлімханқызы халықаралық дөңгелек ұстелдің барлық қонақтары мен қатысушыларын құттықтай отырып былай деді: «Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан Институтында 2019 жылдың 23 сәуірі «Астана» Халықаралық қаржы орталығымен бірге «Cases law» Орталығы ашылды, және серіктестік туралы келісімге қол қойылды. «Cases law» Орталығының мақсаты болашақ халықаралық заңгерлерді, халықаралық және еуропалық құқық, халықаралық қатынастар саласындағы мамандарды, сондай-ақ экономикалық блок мамандарын даярлау болып табылады. «Cases law» орталығының ашылуы Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан Институтының маңызды даму көрсеткіші және жетекші халықаралық компаниялар, қаржылық институттар, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындары үшін диалогтық алаң болып табылады. Сорбонна- Қазақстан Институты заманауи білім стандарттарына жаңа инновациялық тәсілдерді апробациялау орталығы болып табылады. Біз Халықаралық «Астана» қаржы орталығына және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасының Қорына көрсеткен қолдауы үшін шын жүректен алғыс айтамыз!».

Сондай-ақ Делойт халықаралық консалтингтік компаниясының мәмілелерді сүйемелдеу бойынша менеджері Бауржан Шалбаев: «Финтэк- сын-тегеуріндер және мүмкіндіктер» тақырыбында сөз сөйледі. Ол техникалық даму салдарынан пайда болған онлайн-төлемдер, блокчейн және т.б. секілді қаржы ортасындағы үрдістер туралы айтып берді. «Бұл ортада жекешелендіру, тиімділік пен өнімділікті арттыру жүріп жатыр. Заманауи технологиялық шешімдер қаржы ортасында жаңа сын-тегеуріндер қояды, бірақ сонымен қатар олар жаңа мүмкіндіктерді де ашады»,- деді Бауржан Шалбаев.

Поделиться: