30.04.2019 | Қазақстанда Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған үстел ойыны пайда болады

Алматыда Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының Қоры мен Қор жанындағы ғылым бойынша Кеңес ұйымдастырған «Тірегі сендер елімнің» атты V студенттік фестиваль аясында «Жас толқын» республикалық олимпиадасы өтті.

Олимпиада міндеттерінің бірі қазақстандық жастардың зияткерлік потенциалын дамыту және спортты дәріптеу.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар қалаларының жеті студенттік командалары екі күн бойы инновациялар саласында Тұңғыш Президент Қорының гранты үшін сайысқа түсті. «Жас толқын» олимпиадасы келесі конкурстық тапсырмалардан тұрады-«Миллион тұратын идея» инновациялық жобалар қорғау, жалпы білім беру пәндері бойынша тестілеу, студенттік өмір туралы бейнероликтер көрсету және физикалық дайындық бойынша президенттік тесттер тапсыру.

Құзыретті қазылар алқасы, оқу орнындағы өмір туралы роликтерді құрудағы бірегей тәсіл мен ерекше көзқарас, студенттердің сөз сөйлеудегі шешендік қабілеттері, инновациялық жобаларды қорғаудағы жаңашылдығы, сондай-ақ қатысушылардың физикалық дайындығы секілді критерийлерге сүйене отырып, командалардың жұмысына баға берді.

Студенттердің инновоациялық бизнес-жобалар ретінде ұсынған идеялары, өмірдің көптеген салаларын қамтиды. Мысалы «Тұран» университетінің «Креатив» командасы өздерінің жоғары оқу орындарындағы салауатты тамақтану буфетінің жобасын көрсетті. Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университетінен келген «Адреналин» командасының пайымдауы бойынша күнкөрісі төмен отбасыларға көмектесуге арналған сайт, көмекке мұқтаж жандардың кейбір проблемаларын шешуге және оларға қоғам назарын аударуға көмектеседі. Сондай-ақ студенттер ауыз су шығаратын құрылғы, фитоқабырға, қоқысты бөлек жинау жүйесі, ұлттық тамақ өнімдерінің өндірісін ұсынды.

Алайда Каспий Университетінің студенттері- «Caspian`s Age» командасының идеясы ең инновациялық болып шықты. Олар жастардың қаржыық сауаттылығын арттыруға арналған «Age of Business» (Бизнес дәуірі) үстел ойынын құруды ұсынды.

— Сайыстар әдеттегідей жоғары деңгейде өтті. Жеңіс үшін біз әр түрлі бағыттарда: спорт, эрудиция, жалпы білім берудегі білімдеріміз бойынша бар ынтамызбен жаттықтық. Бірақ біз үшін ең маңызды сәт, бізге осы жеңісті алып келген инновациялық жобамызды таныстыруымыз болды,- деп өз әсерімен бөлісті «Age of Business» командасының капитаны Данияр Серікқанов. — «Age of Business» — бұл бизнес-процестердің элементтерін, сондай-ақ қаржылық, экономикалық және инвестициялық сұрақтары бар арнайы викторинаны үйлестіретін үстел ойыны. Ойынның қағидасы ойын өрісін үш секторға: шағын, орта және ірі бизнеске бөлуден тұрады. Сектор арасында өту Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бизнестің ресми жіктелуіне сәйкес қажетті қызметкерлер штатына қол жеткізген жағдайда жүзеге асады.   

Ойын қатысушыларына бизнестің сәйкес секторының өзекті өкілдері болып табылатын ұйымдар түріндегі активтерді сатып алуға жұмсауға болатын бастапқы капитал беріледі. Мысалы, дүкендер мен кондитерлік дүкендер, орта бизнесте гипермаркет пен кафеге дейін кеңеюі мүмкін шағын бизнес саласындағы активтер болады. Ақшаларды қолданудың екінші нұсқасы – сұрағы бар карточка алу, дұрыс жауап берген жағдайда ойыншы кәсіпкерлік қызметтен алынатын табысқа қарағанда бірнеше есе артық ойын ақшаларының сомасын алады, және солайша ойыншыларды сұрақтар викторинасына қатысуға ынталандыратын жағдайлар жасалады.

Өз идеяларын өмірде жүзеге асыру үшін студенттер Тұңғыш Президент Қорынан бір миллион теңге көлемінде грант алды. Өз жобасын дамытудағы сәттіліктерімен студенттер әлеуметтік желі арқылы бөлісетін болады, сондай-ақ ойын дайын болғанда презентация өткізеді. Қор жанындағы ғылым бойынша Кеңестің мүшесі, бизнес-жаттықтырушы, «Атамекен» ҰКП қатысушы мүшесі Ғани Абадан жобаны іске асыруда көмектесуге ниет білдірді.

Олимпиада қорытындысы бойынша, қалған алты команда жүлделі орындармен және сыйлықтармен марапатталды:

  • I орын — С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті.
  • II орын — Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық мемлекеттік университеті; Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы.
  • III орын — Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық универсиеті; Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті; «Тұран» университеті.

Еске сала кетейік, биылғы жылы бесінші студенттік «Тірегі сендер елімнің» фестивалі дәстүрлі екі күннің орнына алты күн бойы қаланың әр түрлі аулаларында өтті. Фестиваль бағдарламасында «Жеке құқықтық өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, «Маркетинг және логистикадағы цифрлық технологиялар» республикалық студенттік конференциясы, «Жас толқын» республикалық студенттік олимпиадасы және «SIRIUS CUP III» халықаралық дебат турнирі өткізілді.

ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

Поделиться: