29.11.2019 | 100-ден астам шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары Жерді дамыту және прогресс идеяларын талқылады

Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер қабылдаған орнықты даму мақсаттарының (ОДБ) міндеттерін қалай іске асыру туралы өз идеяларын, жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары «Студенттер мен жас оқытушылардың орнықты даму мақсаттарына қосқан үлесі-2030» халықаралық конференциясы барысында айтты.

Конференция Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті -Елбасы Қорының қолдауымен Нұр-сұлтан қаласында өткізілді.  Оның ұйымдастырушылары – G-Global Хатшылығы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, QS Worldwide, Жібек жолы университеттерінің Желісі (SUN), әлеуметтік жауапкершілік (USRN) және т.б.

Іс – шараның басты мақсаты – БҰҰ-ға мүше елдердің жастарын ОДБ-ны іске асыруға тарту, планетаның прогрессивті дамуына бағытталған саясат пен іс-шараларда жастардың белсенділігін арттыру.

Конференцияға қатысушылар осы мақсаттарды жүзеге асыру әр түрлі елдердің ЖОО-лары арасында әріптестікті орнатпай мүмкін еместігін атап өтті.

Өз кезегінде, Елбасы Қорының атқарушы директоры Асет Исекешев «Адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін, бұл көптеген міндеттер, тек жастардың ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың бірлескен талпыныстары мен күш-жігері маңызды. Сіздердің әрқайсыңыз осы міндеттерді шешуге өз үлестеріңізді қоса аласыздар. Сіздің қандай салада жұмыс істейтініңізді анықтау маңызды. Біреу бизнес, IT-технологиялар саласында, біреу-экологияны жақсарту саласында және т.б. еңбек ететін болады. Кез келген салада мақсат қойып, оған қол жеткізу маңызды»,- деп атап өтті. Ол жастарды белсенді болуға және әрқашан Елбасы Қорының жаңа біліміне ұмтылуға шақырды.

Конференцияның барлық мазмұнды бөлігі «Адамдар», «Планета», «Өркендеу», «Әлем», «Серіктестік» деп аталатын бес блокқа бөлінді. Осы блоктар шеңберінде 2030 жылға қарай орнықты, инклюзивті және тұрақты қоғамға қол жеткізу мүмкіндіктері, климаттың, жұмыссыздықтың, кедейшіліктің, гендерлік теңсіздіктің, жанжалдардың және көші-қонның өзгеру салдарын қоса алғанда, тұрақты дамуға қауіп-қатер мен сын-қатерлердің алдын алу туралы пікірталастар өтті.

Поделиться: