29.09.2018 | Астанада ең көлемді «RocketFest» жастар Фестивалі өтуде

«Rocket Study» білім акселераторымен бірлесіп, тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған «RocketFest» фестивалі – жастарға арналған кең ауқымды ойын-сауық білім фестивалі.

Шын мәнінде – бұл жастардың өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі таныту идеологиясын насихаттауды, жастардың жеке және кәсіби қасиеттерін дамытуға ықпал етуді көздейтін бірден-бір орын, жастардың тиімді де пайдалы бас қосуы. Фестиваль ең алдымен жас қазақстандықтардың мақсат-мүдделеріне, қажеттіліктері мен талап-тілектеріне бағытталған.

«RocketFest» Қазақстанды дамудың жаңа сатысына көтеретін, жасампаз идеялар мен жобаларды жасауға, оларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

12 мен 22 жас аралығындағы 1000-нан аса жастар Фестивальдың ауқымды бағдарламасына қатысады. Жастардың алдында өмірдің түрлі саласында айтарлықтай жетістіктерге жеткен, арнайы шақырылған спикерлер – ғылым мен білім өкілдері, танымал блогерлер мен вайнерлер, медиа және қоғамдық пікір көшбасшылары, СЕО, IT-стартапперлер, табысты бизнесмендер сөз сөйлейді.

ҚР Тұңғыш Президенті қоры халықаралық бөлімінің басшысы Әлкей Марғұланұлы: «Бәсекеге қабілетті жас ұрпақты қалыптастыру – кез келген мемлекеттің басты міндеті. Жастар белсенді түрде қатыспаса, біз даму жолында айтарлықтай табысқа қол жеткізе алмаймыз. Елдің болашағы Сендерге байланысты! Тұңғыш Президент қоры талантты жастарға үнемі қолдау көрсетіп, жастардың өзін-өзі танытуларына ықпал ететін іс-шараларды, жобаларды жүзеге асырады», – деп атап өтті.

Оның айтуынша, «RocketFest» форматы сөз сөйлеушілердің «өз ауыздарынан» құнды ақпарат алуға, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға бірден «тура осы жерде» жауап алуға мүмкіндік береді. «Келешекте «RocketFest» фестивалінің шекарасын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Фестивальдарды еліміздің түрлі өңірлерінде өткізу мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз. Болашақта мыңдаған жастарды және ІТ, ғылым мен технология салаларында әлемге танылған спикерлерді қатыстыра отырып Фестивальды кең ауқымда өткізу жолдарын ойластырудамыз», – деп атап өтті Әлкей Марғұланұлы.

Фестиваль бағдарламасы «IT», «Әлеуметтік медиа» және «Ғылым» атты үш Модульге бөлінді. Олардың әрқайсысы бірнеше нақты бағыттарды қамтиды.

Мысалы, «А2» супермаркеттер желісін ұйымдастырушы Ілияс Исатаев пен «Astana Hub» IT-стартаптарының халықаралық технопаркінің негізін қалаушы Мағжан Мәдиев бағдарламалау дағдыларын дамыту, бизнесте өз орныңды дұрыс табу жолдары, сондай-ақ, жаңа IT-технологияларының келешегі мен мүмкіндіктері туралы әңгімелейді.

«Әлеуметтік медиа» модулі жұмысының аясында да өзекті мәселелер талқыланады. «Алмата, Штат Небраска» жобасының негізін қалаушылардың бірі Әшім Біржан, маркетолог «Yuframe» Расул Абдуллаев, режиссер, сценарист Куаныш Бейсеков, ТМД елдеріне танымал реңші Виталий Бужан, «Bloggers» агенттігінің негізін қалаушы Абылайхан Камалладин сияқты белгілі тұлғалардың сөйлеген сөздері үлкен әсер қалдырады. Олар әлеуметтік желілерде вирусты контент жасауға, интернет-аудитория үшін сапалы материал дайындауға байланысты өз тәжірибелерімен бөліседі.

Танымал саясаткер, «BeichTech» коммуникация жөніндегі директоры Саясат Нұрбектің, «Rocket Study» білім орталықтарының негізін қалаушы, кәсіпкер  Арслан Даримовтың сөздері де жастардың қызығушылықтарын туғызады. Олар да Фестивальда сөз сөз сөйлейді.

«Ғылым» модулі жұмысын бастаған кезде олар жастармен ғылыми білімдерін soft skills дағдыларын дамыту арқылы тәжірибеде қолдану, мемлекеттік және жеке жобаларға қатысу мүмкіндіктері туралы мәселелерді талқылайды.

Сондай-ақ, сөйлеушілердің қатарында белгілі блогерлер, вайнерлер, ірі іс-шаралардың жүргізушілері болады.

«Rocket Study» білім орталықтарының негізін қалаушы, Фестивальды ұйымдастырушылардың бірі Арслан Даримов шара туралы айта келіп, «Біздің елімізде, осындай ауқымды Фестивальға тең келер іс-шара жоқ деп нық сеніммен айтуға әбден болады. Фестивальды өткізуге Тұңғыш Президент қоры толық қолдау көрсетіп отырғаны көңіл қуантады. Бұл бір күннің ішінде көптеген адамдармен танысып, күш-қуат алатын және жеке тұлға ретінде қалыптасуға көмегін тигізетіндей ақпарат алатын жастардың тамаша бас қосуы. Мұндай шаралардан адамдар көздері оттай жанып, өмірге деген ерекше құлшыныспен шығады»,-деп атап өтті.

Фестиваль жастар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болды. Шараға қатысқысы келгендер көп болды. Фестивальдың ресми сайтына 2000-нан аса жастар тіркелді. Бірақ қатысуға 1000 адам шақырылды. Тіркелген қатысушылар билеттерді 2-ақ күннің ішінде бөліп алды. Ұйымдастырушылар Инстаграмм әлеуметтік желісінде шақыру билеттерін тарататын қосымша конкурстар өткізді. Конкурстың шарты бойынша қатысушылар «Фестивальға неліктен тек мен қатысуым керек?» деген сұраққа жауап берулері тиіс еді.

Көптеген пікірлердің ішінде шынайы және өте әсерлі жазылғандары да болды. Олардың кейбіреулеріне назар аударайық:

– @rocketfestkz барамын. Мен неліктен бұл шараға қатысуым керек? Қысқаша айтқанда, мен пайдалы контент, нетворкинг пен эмоция үшін барамын. Егер бұл өр, білімқұмар жастарға арналған бас қосу болса, менің де сол жерде болғым келеді,- Арайлым;

– Маған осындай деңгейдегі шара не береді? Өзімнің айтқанымдай күш-қуат, ынта-жігер береді, сондай-ақ, сөз сөйлеушілерден көп жаңа ақпарат аламын, олардың жетістіктерімен танысамын. Әсіресе мен Ғалым Исмағұловты, Біржан Әшімді, Мағжан Мәдиев пен Расул Абдуллаевты тыңдағым келеді. Өйткені бұл адамдар жас болса да, жоғары жетістіктерге қол жеткізген жандар. Сондықтан олардың іс-шараға келген жастарды да соған үйрететініне сенемін. Залда болатын жағдай да маңызды, өзім сияқты жастармен танысып, жаңа достар тапқым келеді. Бұл өмірден өз орнын іздеп жүрген жастардың жеке бас қасиеттерін қалыптастыратын іс-шара деп ойлаймын. Ол бізге беріліп отырған тамаша мүмкіндік, сондықтан да осы мүмкіндікті жіберіп алғым келмейді. @fpp_kz және @rocketstudykz ҚР Тұңғыш Президенті қорына өр жастарға арнап осындай ауқымды шара ұйымдастырғаны үшін алғысымды білдіремін, – Мөлдир;

– Мен фестивальға қатысқым келеді. Өйткені бұл мені қызықтыратын күшті жоба. Мен білімқұмар, талапты, өз тағдырыма ғана емес, еліміздің жарқын келешегіне сеніммен қарайтын өршіл жаспын. Неліктен мен осы сұрақты таңдадым? Жауап берейін. Мен 21 жастамын, өз өмірімді енді ғана бастадым. Егер Сіздер маған тыңдау арқылы жаңа нәрселерді үйрену мүмкіндігін берсеңіздер, мен талмай еңбектеніп, талаптанып, ізденіп, оқып тек алға басар едім. Сонда бір күні мен де жас ұрпақтың аяғынан нық тұрып кетуіне, өз саласында табысқа жетуіне, өз халқына пайдасын тигізуіне көмектесер едім, – @kuanishbekov_am;

– «РокетФестке» қатысқым келетін себебі, мен ол жерден көп нәрсе үйренемін, ойыма ешқашан келмеген көптеген жаңа ақпарат аламын. Бұл менің болашағыма күшті серпін береді. Ол жерде жаңа адамдармен танысамын, жаңа достар табамын. Сонымен қатар өз мақсаттарыма жету үшін өте танымал, ақылды жандардан күш-қуат аламын, олармен танысып, өздерін көре аламын…, – @kontarova.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры.

Баспасөз-хатшысы Ақерке Берлібай, сот.87029118907

e-mail: akerke.berlibay@mail.ru

Поделиться: