29.08.2018 | Қазақстандық балалар Қытай фольклоры мен бай дәстүрлі мәдениетімен танысты.

2018 жылдың/29 тамызы/сәрсенбі күні Алматы қ. «Жанұя» мамандандырылған кешенінде түзету мектеп-интернатары мен балалар үйлерінің балаларына, Білім күні қарсаңында қытай ертегілері-кітаптарының жиынтығы түріндегі сыйлықтар табыс етілді. Әлеуметтік мекемелердің оқушыларына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Қоры және Қытай Халық республикасының Алматыдағы Бас Елшілігі нағыз мейрам ұйымдастырды. Концерттық залда 250 бала, педагогтар мен жас әртістер жиналды. Іс-шара еліміздің басты мерекесі- Конституция күніне орай жасалды.

Алматыдағы ҚХР Бас елшілігі ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының қолдауымен оқу жылының басында Алмаы қаласының 13 әлеуметтік мекемесіне 70 қытай ертегілері кітаптарының жиынтығын берді. 

2100 кітап мемлекеттік тілге аударылып әшекейлендірілген. Сыйға тартылған халық ертегілері қытай балаларының арасындағы ең танымал және сүйіктілері болып табылады. Барлығы қазақ тіліне 30 қытай ертегісі аударылып, соның арқасында балалар Аспан асты елінің фольклоры және ба дәстүрлі мәдениетімен танысады. 

– Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының үлкен қолдауымен, барлық оқытушылар мен қызметкерлердің мұқият ұйымдастыруының арқасында, бізге алғаш рет осы жерге келіп, жас достармен танысудың сәті түсті. Бұл жарқын және қызықты ертегілерде адамдық пен тарих туралы зор білімдер жиналған, онда терең философия мен бай өмірлік кемеңгерлік жасырынған.

Бұл оқиғалардың арқасында оқушылар Қытайды одан әрі түсіну, Қытайды ұнату, және болашақта қытай-қазақстандық достықтың елшісі болу үшін, дәстүрлі қытай мәдениетінің әсемдігін сезініп, ертегілердің әрқайсысының шынайы мәні мен өмірлік философиясын аша алады деген үміттемін, деді құттықтау сөзінде Алматыдағы ҚХР Бас елшісінің міндетін атқарушы – Мяо Хунбу.

Қытай фольклоры қызықты аңыз кейіпкерлерінің алуан түрлілігімен танымал, олардың көмегімен ертегілер балаларға өнеге мен адамгершілікті жеткізе алады, сондай-ақ балалардың санасына мейірімділік, адалдық, достық пен шығармашылық ойлау ұғымдарын қалыптастырады.

– Біздің Қор балалар шығармашылығын дамытуға, балалардың интеллектуалдық, рухани және физикалық даму жағдайларын жасауға ерекше назар аударатындығын атап өткім келеді. Біздің Алматыдағы Қытай Халық республикасының Бас елшілігімен серіктестігіміз бүгін осындай керемет жобада көрсетілді. Біздің достық серіктестігіміз, білім, ғылым және мәдениет секілді салаларда жандандырылып жатқаны қуантарлық жайт. Біз қызықты жобалық бастамаларды жылжыту мақсатында келешекте де біздің серіктестік қарым-қатынастарды дамытуды жоспарлап отырмыз, деді Қордың Алматыдағы өкілдігінің Директоры- Сергей Тохтаров. 

Аударылған ертегілер қытай халқының философиясын көрсетеді және балаларға өнеге береді. Шетел ертегілерін оқу және танысу қазақстандық балаларға Қытай, оның мәдениеті, тарихы мен дәстүрлерін толығырақ білуге мүмкіндік береді. Балалардың жаңа мәдениетпен және ұлттық шығармашылықпен танысуы келешекте екі ел халықтарын жақындастыруға жаңа көкжиектер ашады.

Сонымен қатар балаларға мерекелік концерт дайындалды, тағамдар мен сыйлықтар әзірленді.

 

ҚР Тұңғыш Президенті Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Алтынай Аманбаева

+7 (727) 220-92-16, +7 (701) 506-62-02

a.amanbayeva@fpp.kz, www.fpp.kz

Фото – Виталий Ткач

Поделиться: