29.06.2018 | Smart Zholy: қазақстандық стартаперлер Сингапурда

Қазақстандық стартаптардың бір тобы Оңтүстік-Шығыс Азияның үздік 100 жобасына енді және осы жылдың 28-29  маусымында Сингапурда  Echelon Asia Summit  ірі технологиялық алаңында еншілес инвесторлардың алдына шығады.

Сингапурлық инвесторлар қазақстандық жобаларды ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Astana Hub Халықаралық ІТ-стартаптар технопаркінің қолдауымен ұйымдастырған «Smart zholy» бағдарламасының аясында таңдады.

Бұл дербес Wi-Fi роутер «Nommi»; Көпқолданушысы бар кроссплатформалық онлайн ойын «Game of Drones», оның мәні әлемнің түпкір-түпкірінен жиналған ойыншылардың жердегі және әуедегі дрондарды басқаруда жарысуында; Қазақстандағы алғашқы мобильді автобөлшектер нарығы «KazMotors»; жасанды интеллект негізінде өнімдер шығаратын «AILabs» компаниясы; білім беру, жұмысқа орналасу және кәсіпкерлік қызмет саласындағы жастарға арналған «Neupusti» порталы; «OKauto» айыппұлдарды онлайн тексеру және төлеу және тағы басқалары.  Echelon Asia Summit – Азияның стартаптар,технологиялар мен инновациялар саласындағы ірі іс-шарасы.

Бірінші күні стартаптардың секторлар бойынша питчтары,нетворкинг және потенциалды инвесторлармен және серіктестермен кездесулер өтеді.

Сондай-ақ шара аясында азиялық елдердің инновацияларын дамыту бойынша мемлекеттік агенттіктер басшыларының арнайы форумы ұйымдастырылып, онда Astana Hub таныстырылады.

Поделиться: