29.05.2019 | Тұңғыш Президент Қоры жас ғалымдарды «SCIENCE SCHOOL KASKASU — 2019»-ға шақырады

2019 ж. 24-28 маусым аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасының Қоры жанындағы Ғылым бойынша Кеңес жас қазақстандық ғалымдар үшін «SCIENCE SCHOOL KASKASU» Жазғы пәнаралық мектебін өткізеді.

Беделді ғалымдар мен сарапшылармен тығыз ынтымақтастық атмосферасында Мектеп қатысушылары контент-талдаудың қолданбалы дағдыларын алып өздерінің ой-өрістерін кеңейте алады. Іс-шараның үлгісі әр түрлі ғылым салаларынан жас зерттеушілермен тұрақты қарым-қатынас жасауды қажет етеді.

 

 

 

Жазғы мектептің міндеттері:

  • Қатысушыларда бизнес-дағдыларды қалыптастыру.
  • Шығармашылық потенциалды ашу үшін жағдайлар жасау.
  • Командадағы қарым-қатынастарды модельдеу және көшбасшы дағдыларын дамыту.
  • Уақытты қолдану тиімділігін арттыруға көмектесетін бағалы құралдар алу.

Мектепке шақырылады:

  • Студенттік ұйымдардың жетекшілері.
  • ҚР ЖОО мен ҒЗИ ЖҒК төрағалары.
  • ЖОО оқытушылары, ҚР ҒЗИ ғылыми қызметкерлері.

Нәтижесінде қатысушылар:

  • өз уақытын басқара алады;
  • жобалық команда қалыптастыра алады;
  • бизнес-модельдер құра алады;
  • жобаларды басқара алады: мерзімдері, қаржыландыру, тәуекелдер;
  • потенциалды инвесторлардың алдында өз идеялары мен жобаларын қорғай алады.

Мектептің ұзақтығы: 5 күн

Жазғы мектептің жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы.

Қатысу шарттары:

Қатысуға байланысты шығындар (тамақтану, тұру) ұйымдастырушылардың есебінен жүзеге асырылады. Мектептің ұйымдастыру комитеті қатысушыларды іріктеу құқығын өзіне қалдырады. Іріктеу, жіберілген сауалнамалардан алынған деректер негізінде жүргізіледі. Мектептің ұйымдастыру комитеті іріктеуден кейін тыңдармандарды қатысуға шақырады.

Жазғы мектепке қатысу үшін қойылатын талаптар:

  1. Іріктеуге ғылыми қызметкерлер, оқытушылар қатыса алады.
  2. Конкурстық іріктеуге қатысушы келесі критерийлерге сәйкес келуі қажет:

— жасы 30-ға дейін;

— ЖОО-да, ҒЗИ-да жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.

Жазғы мектепке қатысу үшін өтінімдерге қойылатын талаптар:

  1. https://goo.gl/forms/6DteaQrjCqB1i3t32 сілтемесе бойынша Сауалнаманы толтыру.
  2. roza@fpp.kz поштасына келесі құжаттарды жолдау:
  • Жұмыс орны бойынша куәландырылған, кадрларды есепке алу бойынша жеке парақша.
  • Соңғы 3 жылдағы еңбектер тізімі (2.3 нысан).
  • Ынталандыру хаты*

*  Ынталандыру хатында неліктен Сіздің кандидатураның комиссия мүшелерін (ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры жанындағы Ғылым бойынша Кеңес)қызықтыруы қажет, неліктен Сіз осы Жазғы мектепке қатысқыңыз келеді, нені үйренгіңіз келеді, қандай тәжірибе алғыңыз келеді және нені білгіңіз келетіндігін сипаттаңыз.

Мектепке қатысу үшін 2019ж. 10 маусымы сағ. 00:00-ге дейін сауалнаманы толтыру және құжаттарды жолдау қажет.

Байланыс ақпараты:

E-mail:roza@fpp.kz.

Тел.: 8 (727) 220 92 24, Едигеева Роза Мақашқызы.

 

Поделиться: