29.05.2019 | Халық пен елге үлгілі қызмет еткені үшін алғыс

Осы айда Бірінші қорғаныс министрі және Қазақстан Республикасы әскерінің Бірінші генералы Сағадат Нұрмағамбетов 95 жасқа келер еді. Өз Отанының нағыз патриотына деген құрметпен Қазақстанның көптеген қалаларында Сағадат Қожахметұлыні еске алуға арналған іс-шаралар өтуде. Тараз қаласындағы мектептердің бірінде мүсін орнатылса, Ақтөбе қаласында ескерткіш тақта ашылды.

Алматы қаласы да назардан тыс қалған жоқ. Достық үйінде Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен «Бірінші қорғаныс министрі және Қазақстан Республикасы әскерінің Бірінші генералы, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы» атты әскери-тарихи конференция өтті.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бес жыл бұрын Тұңғыш Президент Қоры «Парыз, Намыс, Ерлік» атты аты аңызға айналған армия генералының тағдырына арналған деректі фильмнің тұсауын кескен болатын.

Конференцияның жұмысына Ұлы Отан соғысының ардагерлері, қоғам өкілдері, мектеп оқушылары мен студент жастар қатысты.

— Сағадат Қожахметұлының өз халқы мен Отанына үлгілі қызмет етуі, әскери парызын мінсіз орындауы, Отан қорғаудағы ерлігі мен батырлығы, ҚР Қарулы Күштерін құру мен дамытуға қосқан елеулі үлесі, жоғары патриоттық сезімі мен Қазақстан халқының алдындағы еңбегі қазақстандық жастар үшін және еліміздің барлық буын өкілдері үшін жетекші жұлдыз болып келе жатыр,- деді кездесудің ұйымдастыушыларының бірі, генерал-майор, «Генералдар кеңесі» президиумының мүшесі Махмут Телегусов.

Тәуелсіз Қазақстанның Бірінші қорғаныс министрінің қызметтестері мен тәрбиеленушілері Сағадат Нұрмағамбетовтың өмір жолын еске түсірді, сондай-ақ оның ҚР Қарулы Күштерінің офицерлік корпусын қалыптастыру мен тұрғызудағы үлесін атап өтті.

Конференция соңында қатысушылар ұрпақтар сабақтастығын нығайту мен көрнекті мемлекеттік және әскери қайраткерді мәңгі еске сақтау мақсатында Сағадат Нұрмағамбетовтың әскери-тарихи мұрасын насихаттау қажет деп тапты.

 

ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

 

Фотограф: Виталий Ткач

Поделиться: