26.03.2018 | Алматыда әлемдік балет жұлдыздары жас қазақстандық әртістермен өз тәжірбиелерімен бөліседі

2018 жылғы 29 наурызда сағат 11.00-де А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде Халықаралық Ballet Globe фестивалінің қатысушылары қаланың шығармашылық жастары және оқушыларымен шығармашылық кездесу өткізеді.

Оқушылар алдында public talk форматында «Париж-Опера» этуальдері Мириам Олд-Брам және Матиас Эйман, Ресей Үлкен театрының прима балеринасы және солисті Екатерина Крысанова мен Игорь Цвирко, «Ковент-Гарден» Корольдік театрынан шақырылған Яна Саленко прима балеринасы, Бордо Үлкен театрының этуальдері Сара Ренда мен Роман Михалев, Женева Үлкен театрының жетекші солистері Саша Рива мен Юми Айзава, Абай атындағы ҚМАОБТ-ның жетекші солистері Азамат пен Әсел Аскаровтар және «Астана Опера» театрының жетекші солистері Бақтияр Адамжан мен Мадина Басбаева сөз сөйледі.

Бұл қордың білім беру миссиясын іске асыратын және қазақстан жастарының шығармашылық әлеуетін ашуға шақыратын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры мен ArtClassic компаниясының бірлескен ауқымды жобасының шеңберіндегі әлемдік балет жұлдыздарымен екінші кездесуі болады.

Біздің жастарымыз үшін мұндай кездесулер – планеталық ауқымда үлкен кәсіби нәтижелерге қол жеткізген шынайы кумирларымен тікелей сұхбат. Сонымен қатар, олар да бір кездері бала болған, оқу оқыған, байқауларға қатысқан, кейде үміттері үзілген, бірақ олар армандауды қоймаған. Қазір олар, әлемнің жетекші театрларының премьералары болып табылады, олардың қолдау сөздері, өмірлерінде болған қарапайым әңгімелері балаларға зор болашақтарына деген сенім мен сенімділік береді, – деп Алматыдағы Қор Өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров айтып өтті.

27-29 наурыз аралығында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында ІІ-ші Халықаралық Ballet Globe фестивалі өтетіндігін еске саламыз, ол Мариус Петипаның 200 жылдығына арналған. Фестиваль бағдарламасында «Спящая Красавица» және «Баядерка» спектакльдері, сондай-ақ «Париж-Опера», Ресей Үлкен театрының, «Ковент-Гарден» Корольдік театрының, Бордо Үлкен театрының, Женева Үлкен театрының, Абай атындағы ҚМАОБТ-ның және «Астана Опера» театрының этуальдері қатысатын классикалық және заманауи Ballet Globe Gala балетінің кеші болады.

Фестиваль Алматы қаласындағы Францияның Бас Консулдығы мен Алматы қаласының Әкімдігімен бірлесіп ArtClassic компаниясымен ұйымдастырылды. Фестиваль Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен өткізіліп жатыр.

Мекенжайы: А. В. Селезнев атындағы АХУ – Алматы, Масанчи көшесі 67.

Поделиться: