29.03.2018 | Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында Н. Назарбаев Қорының «Интеллектуалды павильонының» көрсетілімі болады

2018 жылдың 30 наурызы (жұма) Алматы қаласының Оқушылар сарайы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Наурыз мерекесіне орай мерекелік іс-шара өткізеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Наурыз мерекесін өткізудің мақсаты – бұл жас ұрпақтың ұлттық бірегейлік және қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген махаббат сезімін дамыту.

Іс-шара шеңберінде «Оқушылар сарайына» сыйлық ретінде берілген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының «Интеллектуалды павильонының» көрсетілімі және ол бойынша қызықты экскурсия өткізіледі.

«Интеллектуалды павильон» — бұл ҚР-ның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметіне және ел тәуелсіздігінің қалыптасуы тарихына арналған көрме кешені.

Павильонды, «ел өмірінің мұражайы» деп те атайды, ол алты тематикалық аймақпен ұсынылған. Әрбір аймақ келушілерге елдің ішкі және сыртқы саясатындағы стратегиялық бағыттарын, экономикалық және әлеуметтік салалардағы реформаларды, ғылым, мәдениет және білім жетістіктерін көрнекі түрде көрсетеді.

Экспозицияны «Құрмет пен ризашылық белгісі….» аймағы толықтырады, онда Президентке берілген құнсыз рәміздер сақталады. Алайда, көлемді экспонаттардың орнына, келушілер үш өлшемді цифрлық оған ұқсастарды көре алады. Жаңа IT-технологияларының арқасында экспонаттарды барлық жағынан көруге болады.

Кешен осы уақытқа дейін, Алматы қаласының Ганди көшесі 10 мекенжайы бойынша Қор Өкілдігінің ғимаратында орналасқан. Құрылған сәтінен бастап (2011 жыл) Қазақстанның мыңдаған мектеп оқушылары «Интеллектуалды павильонға» барған. Енді, Оңтүстік астанадағы «Оқушылар сарайында» көрме кешенінің экспозициясы барлық келушілерге ашық болады.

«Интеллектуалды павильонды» сыйға тарту салтанатты рәсіміне Алматы қаласындағы Қор Өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров, «Оқушылар сарайы» МББМ-нің директоры Айгүл Байысымақова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, қосымша білім беру мен топтардың мұғалімдері, оқушылар мен ата-аналар қатысады.

Экскурсиядан кейін павильон арқылы іс-шараның мерекелік бөлігі басталады, мерекелік бағдарламада «Мәңгілік ел» кітап көрмесінің ашылуы, концерт, «Қазақша күрес» ұлттық күрес сайысы, ұлттық ойындар, шахмат-дойбы турнирі, әртүрлі спорт түрлері бойынша жас спортшылардың демонстрациялық көрсетілімі бар.

Мерекелік іс-шара Наурыз-көже таратумен аяқталады.

Іс-шараның басталуы сағат 10:00. Мекенжайы: Алматы қаласы, Достық көшесі 124, «Оқушылар сарайы» МББМ алаңының алдында.

Құрметті журналистер, Сіздерді аталған іс-шараны жариялау үшін шақырамыз!

***

Қосымша ақпаратты «Оқушылар сарайының» телефон нөмірі бойынша алуға болады: 264-26-95, 264-39-90, сондай-ақ Қордың баспасөз қызметіне жүгіне аласыздар. Тел.: 220 92 16, 8 708 960 56 13, a.zhumashev@fpp.kz (Артур Жумашев).

Поделиться: