28.08.2018 | «Конституция: құқық үстемдігінің, азаматтық қоғам мен қазіргі заманғы мемлекеттің құндылықтарын іске асыру» халықаралық конференциясы

2018 жылғы 28 тамызда Назарбаев орталығында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған  «Конституция: құқық үстемдігінің, азаматтық қоғам мен қазіргі заманғы мемлекеттің құндылықтарын іске асыру» халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады.

Сондай-ақ, Негізгі Заңның мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов Қазақстан Республикасының Конституциясына Жаңа Түсініктеме бойынша тұсаукесері өтті.

Конференция аясында «Үздік жас заңгер – 2018» конкурсының және конституциялық құндылықтар мәселелері бойынша конкурстың жеңімпаздары марапатталды. 

Халықаралық конференция ҚР Констиуциялық Кеңесі, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорымен, Еуропа Кеңесінің құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиясымен (Венеция комиссиясы), Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламасының Офисімен және елорданың жетекші университеттерімен бірлесіп өткізілді.

Оның  жұмысына Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының басшылары, беделді халықаралық ұйымдардың өкілдері, конституциялық бақылау органдары және 20-дан астам елдерден келген халықаралық дәрежедегі белгілі ғалымдар мен құқықтанушылар қатысты.

Конституциялық кеңестің Төрағасы Қайрат Мамидің айтуынша Қазақстан Конституциясы өзінің тиімділігінің жоғары екенін дәлелдеді, бейбітшілікті, келісімді, еліміздің қарқынды дамуын, қазақстандықтардың әл-ауқатының артуын, болашаққа бағдарланған мемлекетке деген сенімділікті және құрмет етуді қамтамасыз етті.

Пленарлық отырысқа ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова қатысты, ол ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың конференцияның қатысушыларына арнаған құттықтау сөзін оқыды.

Конституциялық сот әділдігі бойынша бүкіләлемдік конференцияның бас хатшысы Шнутц Рудольф Дюрр: «Астанадағы жыл сайынғы конституцияшылдардың конференциясы тәжірибе алмасу және жаңа идеялармен бөлісу үшін маңызды форумға айналды. Венециялық комиссия 2017 жылы Қазақстанда өткізілген Конституциялық реформаны қолдайды. Өткен жылы Конституциялық Кеңес жаңа демократия елдерінің конституциялық бақылау органдарының Конференциясында төрағалық етіп, өзіне маңызды міндетті жүктеді», – деді.

Болгария Конституциялық Соты Төрағасының Бориса Велчевтің  пікірі бойынша қолданыстағы Қазақстанның Конституциясы ежелгі әлемдік конституционализм стандарттарыына негізделген және қазіргі заманғы тұрақты мемлекеттің құқықтық іргетасын қалаған. Қазақстанның Ата заңы өткен уақыттың сын-тегеуріндерінің алдында төтеп берді және қазақстандық қоғамның өзгеріп отыратын мұқтаждықтарына сәтті бейімделуде. 2017 жылы Конституцияға жасалған ревизия кез-келген демократиялық басқарудың міндетті және негізгі компоненттері болып табылатын тежеу және қарама қайшылық жүйесіндегі билікті бөлу  принциптері аясында сәтті жүзеге асырылды.

Конференция барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына Ғылыми-практикалық түсініктеме берудің тұсаукесері өтті, оны биылғы жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры «Рухани жаңғыру» жобасының аясында ҚР Конституциялық Кеңесімен және ҚР Әділет министрлігімен бірлесіп іске асырды.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов: «Жаңа түсініктемеде Негізгі Заңның ережелеріне 2017 жылғы конституциялық реформаның нәтижесі және еліміздің жаңартылған заңнамасы ескеріліп, толық түсініктеме беріледі. Конституцияға түсініктеме әзірлген кезде бірінші рет қазақстандық авторлармен бірге белгілі шетелдік конституционалистер қатысты».

Одан әрі бағдарлама бойынша Тұңғыш Президент Қорының, Конституциялық Кеңестің және басқа да бірлесіп өткізген ұйымдастырушылар «Үздік жас заңгер – 2018» конкурсының және конституциялық құндылықтарды іске асыру мәселелері бойынша жеңімпаздарды марапаттады.

Іс-шаралар жас қазақстандықтар арасындағы кәсіби заңгерлердің, олардың конституциялық-құқықтық ой қабілетін және мәдениет деңгейін арттыру мақсатында өткізілді.

«Жас үздік заңгер – 2018» конкурсының жеңімпаздары марапатталды: «Заң ғылымдарына қосқан үлесі үшін» – М.Х. Хасенов, «Заң шығарушылық қызметіне қатысу» – С.К. Мектепбаева, «Құқықтық білім беру және ағартушылық» – М.М. Дауленов».

Студенттер арасында өткізілген Конституциялық құндылықтарды іске асыру мәселелері бойынша конкурстың 5 номинациясы бойынша: Дәуіржан Н.Ш., Жентрова К.С., Жаилканова А.Ш.,Гюнтер В.В., Өтепқалиева Т.О. марапатталды.

Түскі астан кейін Конституцияның азаматтық қоғам және адам құқығын қорғау институттарын дамытудағы рөліне арналған панельдік сессияларда баяндамалар оқылады.

29 тамызда Конференция өз жұмысын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде және М.С. Нарықбаев атындағы ҚазГЮУ университетінде жалғастырады.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының баспасөз қызметі

www.fpp.kz

Поделиться: