28.08.2018 | Қазақстан алықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді. Корея. Сеул қ.

Ерекше Бейбітшілік пен келісім сарайы, Хан-Шатыр және Астананың басты бренді- Бәйтерек. Қазақтың кең жазық далалары мен еліктірер әсем көріністер, «Астана – ұлы дала інжу-маржаны» және «Undiscovered Kazakhstan» бірегей кадрларының арқасында Сеул тұрғындары Қазақстанды басқа қырынан танып, республикамыздың көркемдігі мен алуан түрлілігін бағалады. Мұндай мүмкіндікті 27 тамыз/дүйсенбі/2018ж. күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры мен Оңтүстік Кореядағы Қазақстан елшілігінің арқасында кез-келген ниеті бар адам ала алды.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Оңтүстік Кореяға әкелген фотокөрмесі Қазақстан бойынша саяхатқа билет болды. Сеул тұрғындары мен қонақтарына Қазақстанның беймәлім жерлері мен әсем-астана- Астана бойынша ерекше экскурсия жүргізілді.

Қазақстан астанасының 20-жылдығына арналған «Астана- ұлы дала інжу-маржаны» экспозициясын Сеул тұрғындары мен қонақтары 2018 жылдың 3 қыркүйегіне дейін «Korea Foundation»  ғимаратында тамашалай алады.

Сондай-ақ ағымдағы жылдың 27 тамызында Қзақстан Республикасының Тұңғыш Президенті -Елбасы Қоры мен Korea Foundation арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум алмасуға Корей Қорының Президенті – Ли Сихен, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Алматы қ. өкілдігінің директоры – Сергей Тохтаров және Оңтүстік Кореядағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахыт Дюсенбаев қатысты.

Корей Қоры («Korea Foundation») коммерциялық емес ұйым болып табылады, оның міндеті халықаралық  қоғамдастықта Корея Республикасы туралы ақпаратты тарату. Қор төрт негізгі бағыттар бойынша қызмет етеді: корейтану, мәдени алмасу, қоғамдық дипломатия, Корея туралы кітаптар шығару және бейнероликтер жасау.

Меморандум мәдени-гуманитарлық және ағартушылық салалардағы ұзақмерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Екіжақты ынтымақтастық біріккен іс-шаралар, Қазақстан мен Оңтүстік Корея жастарының достық сапарлары аясында жүзеге асырылатын болады.

– Қор қызметінің басым бағыттарының бірі ғылым-білім және мәдени-ағарту салаларындағы халықаралық ынтымқтастықты кеңейту болып табылады. Меморандум аясындағы өзара әрекетесу ҚР Тұңғыш Президенті Қоры мен «Korea Foundation» Корей қоры арасында ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ екі ел мен халықтың күштерін біріктіру, ғылыми-технкалық мүмкіндіктердің тығыз байланысына бағытталады. Пікір-талас алаңы ретінде Қор жанындағы әлемдік экономика және саясат институты берген Астана клуб Халықаралық пікірталас платформасы болады., деді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Алматы қ. өкілдігінің директоры- Сергей Тохтаров.

Оның үстіне, Меморандумға қол қоюмен қатар, ҚР Тұңғыш Президенті Қоры Сеул тұрғындары мен қонақтарын, танымал қоғамдық және саяси қайраткерлерді Қазақстанның салт-дәстүрлері мен мәдениетімен таныстырды. Оларға еліміздің мемлекеттік мерекелері, қазақтың салт-дәстүрлері туралы айтып, республикамыздың қорықтары мен ірі шипажайларын көрсетті. Іс-шарада талантты Саджана Мурзалиева ерекше атмосфера құруға көмектесті. Қобызда шебер ойнай отырып, әртіс фотокөрме қонақтарын ықыласқа бөлеп Қазақстанды жақынырақ тануға көмектесті.

Сонымен бірге, көрме қонақтарына ҚР Тұңғыш Президенті Қорының астананың 20-жылдығына арнайы тапсырыс беріп жасатқан «A day in Astana» фотоальбомдарын тарту етті.

 

ҚР Тұңғыш Президенті Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Алтынай Аманбаева

+7 (727) 220-92-16, +7 (701) 506-62-02

a.amanbayeva@fpp.kz, aaltynai.a@mail.ru.

Поделиться: