28.08.2018 | Астанада Қазақстанның 2018 жылғы үздік заңгерін анықтады

Назарбаев орталығында «Конституция: құқық үстемдігінің, азаматтық қоғам мен қазіргі заманғы мемлекеттің құндылықтарын іске асыру» халықаралық конференциясының аясында «Үздік жас заңгер-2018» конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Ұйымдастырушысы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры болып табылады. Әріптестері: ҚР Конституциялық Кеңесі, ҚР Жоғарғы Соты, ҚР Әділет министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі және т.б.

Конкурс жоғары білікті заңгерлердің қоғамның және мемлекеттің алдындағы еңбегін мойындау, сондай-ақ Қазақстанның құқықтық саладағы беделді мамандарының пулын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған болатын.

Барлық номинациялар бойынша бірінші орынның иегерлеріне  «Үздік жас заңгер – 2018» атағы және 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы табыс етілді.

Конкурсқа қатысу үшін 106 өтінім келген. Оның 17 өтінімі «Заң шығарушылық қызметіне қатысу» номинациясы бойынша,  70 өтінім «Құқықтық білім беру және ағартушылық» номинациясы бойынша және 19 өтінім «Заң ғылымына қосқан үлесі» номинациясы бойынша болды.

Өтінім бергендердің ішінде облыстық, қалалық және аудандық соттар мен прокуратуралардың сот төрешілері мен прокурорлары, квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, орталық атқарушы органдар құрылымдарының жетекші мамандары, қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдерінің қызметкерлері, сот сарапшылары, адвокаттар мен нотариустар, еліміздің жетекші ЖОО-дарының профессорлық-оқытушы құрамының өкілдері, магистранттар мен студенттер бар.

Ең көп өтінім Қарағанды облысынан (17 өтінім), Астана  қаласынан (14 өтінім) және Алматы қаласынан (11 өтінім) келіп түсті.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер 2018 жылғы 1 наурыздан бастап 1 шілдеге дейін қабылданды.

Қатысушыларды іріктеуді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орыбасары Игорь Роговтың төрағалығымен қазылар алқасы жүзеге асырды. Қазылар алқасының құрамына ҚР Конституциялық Кеңесінің және конкурсты ұйымдастырушының өкілдері, белгілі заңгерлер, ЖОО-дарының және ғылыми институттардың басшылары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кірді.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов: «Елбасы өзінің бағдарламалық мақалаларында елдің бәсекеге қабілеттігі адами капиталдың сапасына байланысты болатын факторына баса назар аударады. Бұл ретте біз үшін бәсекеге қабілетті кадрлар – дарынды жастар ең маңызды болып табылады. Тұңғыш Президенттің Қоры жас журналистер, жазушылар, ақындар, фотографтар, ІТ-мамандары үшін тұрақты түрде конкурстар өткізеді. Жыл сайын жарқын мәдениет және ғылым өкілдері Қордың Лауреаттары атанады. Енді биыл біз жас заңгерлер конкурсын ұйымдастырып отырмыз.Біз конкурс дәстүрлі болады деген ойдамыз және келесі жылы еліміздің үздік заңгерлерінің жаңа есімдерін ашамыз деген сенімдеміз».

Қазылар алқасының шешімі бойынша үздік заңгер болып таңдалды:

«Заң шығарушылық қызметіне қатысу» номинациясы бойынша

Қатысушының Ф.А.Ә. Жүлделі орын
1 Мектепбаева Сәуле Қайыргелдіқызы 1 орын
2 Ахмеджанов Фарух Раушанұлы 2 орын
3 Наурызова Ақбота Айтбайқызы 3 орын


«Заң ғылымдарына қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша

Қатысушының Ф.А.Ә. Жүлделі орын
1 Хасенов Муслим Ханатович 1 орын
2 Мажитов Равиль Сидагатович 2 орын
3 Ақшатаева Жанна Байбекқызы 3 орын


«Құқықтық білім беру және ағартушылық» номинациясы бойынша

Қатысушының Ф.А.Ә. Жүлделі орын
1 Дауленов Мирас Мұхтарұлы 1 орын
2 Кан Александр Герасимович 2 орын
3 Ау Татьяна Ивановна 3 орын


ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының баспасөз қызметі

Исабаева Айнұр, www.fpp.kz, тел. 8 7172 708 367

 

Поделиться: