27.08.2019 | Жаһандық Инновациялық Саммит-2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры Бәсекеге қабілеттік бойынша Жаһандық Кеңестер Федерациясының бас серіктесі ретінде қызметтегі және бұрынғы мемлекеттік басқару өкілдерін, индустрия және академиялық орта көшбасшыларын «Жаһандық Инновациялық Саммит-2019»ке қатысуға шақырады.

Саммит 2019 жылдың 17-18 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

10-шы мерейтойлық саммиттің тақырыбы «Бәсекеге қабілеттілікті трансформациялау! Ұлт – Энергия – Индустрия – Қалалар – Таланттар».  Жаһандық Инновациялық Саммит 2019 аясында мемлекеттік, академиялық орта мен индустрия көшбасшылары өңірлік, ұлттық және жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған трансформацияның нақты мысалдары мен әдістерін талқылайды.
Саммит 150-200 әлемдік және жергілікті өкілдердің қатысуымен өтетін интерактивті панельдік пікірталастар мен шеберлік сабағынан тұрады.
Саммитке қатысушылардың ішінде көшбасшы елдердің саяси, қоғам қайраткерлері, Бәсекеге қабілеттік бойынша Кеңестерінің жоғары лауазымды тұлғалары: Чарльз О. Холлидей (GFCC Төрағасы, Royal Dutch Shell Басқарма Төрағасы), Дебора Л. Винс Смит (GFCC Президенті), Ян Младек (Бұрынғы Сауда және Индустрия министрі, Чехия), Мичихару Накамура (Аға Кеңесші / Бұрынғы Президент, Japan Science & Technology Agency (JST), Жапония), Датук Мохд Юсофф Сулейман (Президент және Атқарушы директор, MIGHT, Малайзия), Агрис Прейманис (Басқарушы, Head of Kazakhstan, EBRD Қазақстан), Чарльз Эванс (Хатшы, GFCC Атқарушы вице-президент, Бәсекеге қабілеттік бойынша Кеңес, АҚШ), Симос Анастасопулус (Президент, Бәсекеге қабілеттік бойынша Кеңес, Греция).
www.gis2019.thegfcc.org. сайты арқылы Саммиттің толық бағдарламасымен және басқа материалдармен танысуға, сондай-ақ тіркелуге болады. Қазақстанның қатысушылары үшін «GISkz» қолданылады, тіркелу растау бойынша.

Поделиться: