27.08.2018 | Қазақстандық оқушылар Ұлыбританияның үздік аэроғарыштық мектебіне барды

Ағымдағы жылдың 19-26 тамызы аралығында оқушылар арасындағы көлік саласындағы республикалық байқау финалистері Крэнфилд университетінің (Ұлыбритания) аэроғарыштық мектебінде тәжірибеден өтті.

Байқаудың ұйымдастырушылары ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры және Ұлттық зияткерлік меншік институты болды. Бірлескен ұйымдастырушылар: Назарбаев университеті және Крэнфилд университеті. Серіктестер: Эйр Астана ұлттық тасымалдаушысы және «Samruk – Kazyna Trust» корпоративтік қоры.

Тәжірибе барысында балалар авиациялық ғылым және техника, ұшу принциптері мен авиацияға арналған аспап жасау және т.б. бойынша теорилық және практикалық білімдер алды. Сонымен қатар, олар симуляторлар арқылы ұшақты басқарды, аэродинамикалық құбырда еркін құлау тәжірибесін алды, аэроғарыштық мектеп өкілдерінің балаларға арнайы ұйымдастырған әр түрлі спорттық іс-шараларына қатысты. Тәжірибе Лондон және Кэмбридж бойынша экскурсиямен аяқталды.

Балалардың айтуынша олар баға жетпес тәжірибе мен пайдалы білімдер алып қайтты. Енді олар өздерінің болашақ мамандықтарынан жаңылмағандықтарына сенімді.

Естеріңізге сала кетсек, бұл байқау осымен қатарынан екінші жыл өткізіліп отыр. Байқауды өткізу мақсаты – білімдерді тереңдету және көлік саласына деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ оқушылардың бойынша мамандықты саналы таңдауға деген мотивация қалыптастыру. Байқау қатысушылары 16-дан 18-жасқа дейінгі жалпы білім беретін мектептердің оқушылары болып табылады. Аймақтық іріктеу турлары облыс Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімшіліктерімен жүргізілді. Финалдық іріктеу кезеңіне 85 адам келді. Әр топ 4 оқушы мен 1 топ басшысынан тұрады. Байқаудың финалы ағымдағы жылдың 24-26 шілдесі аралығында Астана қ. өтті. Соңғы іріктеу қорытындылары бойынша 40 адам көлеміндегі финалистер (2 жеңімпаз топ және әр облыстық топтан 2 оқушыдан) Крэнфилд университетінің аэроғарыштық мектебіне оқу-танымдық сапарға жіберілді.

Балаларға оқуда сәттілік және болашақ кәсіптерінде үлкен табыстар тілейміз!

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының баспасөз қызметі

Исабаева Айнур, тел. 8 7172 708 367

Поделиться: