27.05.2019 | Қазақстанның он командасы Сингапурда өздерінің стартап-жобаларын ұсынды

Smart Zholy бағдарламасының аясында 10 ең перспективті қазақстандық стартаптар Сингапурдағы жетекші венчурлық қорлардың алдында өз жобаларын ұсынды. Бағдарлама 2017 жылдан бастап Тұңғыш Президент -Елбасының Қоры мен Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Echelon Asia Summit жетекші стартап-алаңымен серіктестікті жүзеге асырылады және перспективті жас қазақстандық стартаптарға Сингапур арқылы жаһандық нарыққа шығуға көмектеседі. Биылғы жылы қордың серіктесі сондай-ақ Еуразиялық Топ (ERG) болды.

Бұл алаң Оңтүстік-Шығыс Азия аймағындағы жетекші венчурлық қорлар, корпорациялар мен технологиялық кәсіпкерлер жиналатын, технологиялар мен стартаптар ортасындағы ірі алаң болып табылады.

2018 жылы бағдарлама аясында сингапурлық венчурлық  инвесторлардан қазақстандық Wunder.kz (онлайн бағдарламалау мектебі) стартапына инвестициялар тарту прецеденті құрылды.

Биылғы жылы 250 талантты жас қазақстандықтардың ішінен үздік ондық таңдалып алынды. Жеңімпаз- командалар: «Sagrad Forms», «Opera Build», «Turaqshare», «Pythonist», «Tastamat», «Verigram», «Biometric», «Otbasy», «Q-Bit», «GoCode». Олар компьютерлік көзқарас, финтек, логистика және интернет-заттар саласындағы өз әзірлемелерін ұсынды.

Echelon Asia Summit-тің негізін қалаушылардың бірі, Тадэус Коның пікірінше,  Smart Zholy-на қатысатын қазақстандық стартаптардың сапасы өсіп келе жатыр. Бұл азиялық венчурлық қорлар, корпорациялар мен инновациялар бойынша мемлекеттік агенттіктердің тарапынан қазақстандық стартап-экожүйеге деген назарды арттырады.

Поделиться: