26.08.2019 | Тұңғыш Президент Қоры балаларға арнайы қауіпсіздік жолақшалары бар оқушылар сөмкелерін сыйлады

1 тамыздан бастап еліміздің барлық аймақтарында жыл сайынғы «Мектепке жол» жалпыұлттық акциясы өткізілуде. Оның мақсаты – оқу жылының басталуына дайындық кезінде аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету.

Бұл акцияға қатысу ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры үшін дәстүрге айналды.

10 жыл ішінде Қордың атынан Қазақстанның барлық аймақтарынан 9 мың балаға мектеп сөмкелері мен кеңсе тауарлары түрінде материалдық көмек көрсетілді. Бұл жылы 500 балаға мектепке дайындалу үшін жағдай жасалды. Оның үстіне сөмкелер спорттық киіммен толықтырылды.

Бүгінде акция аясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Қостанай, Петропавловск қалаларын және Қазақстанның келесі шағын қалаларын қамтыды: Қаратау, Жаңатас (Жамбыл облысы), Шардара, Абай (Оңтүстік Қазақстан облысы), Үржар (Шығыс Қазақстан облысы), Сарканд (Алматыы облысы), Үшарал (Алматы облысы), Арал, Қазалы (Қызылорда облысы), Семей және Курчатов (Шығыс Қазақстан облысы), Қарағанды, Теміртау, Абай, Шахтинск, Мұстафино, Жезқазған, Павлодар, Құлсары (Атырау облысы), Форт-Шевченко, Жаңаөзен (Маңғыстау облысы), Жітіқара, Лисаковск (Қостанай облысы), Булaeвo, Мамлютка (Солтүстік Қазақстан облысы). Мектеп сөмкелері тек қалалар ғана емес, сонымен қатар еліміздің осы аймақтарының шалғайдағы ауылдарына да жеткізілді.

Биыл «Мектепке жол» кең ауқымды акциясы Ақмола облысы Қорғалжын ауылында ұйымдастырылған «Ұлы дала мәдениетіндегі құстардың символикасы» атты республикалық шығармашылық фестивалі барысында ұйымдастырылды. Фестивальға Ресей Федерациясы және Қырғыз Республикасын қосқанда 150 бала қатысты.

Мектеп сөмкелері жарық шағылыстыратын элементтермен жабдықталған. Бұл баланың қауіпсіздігне аса қажет. Сондай-ақ әр сөмкенің ішіне төтенше жағдай кезінде қажет қауіпсіздік жаднамасы, қалта шамы, дабыл құралы (ысқырық) салынған.

Поделиться: