25.08.2018 | «ЮНЕСКО Клубтарының ІІІ Шығармашылық Академиясы» гала-концертпен аяқталды

2018ж. 19-26 тамызы аралығында Алматы қ. «ЮНЕСКО Клубтарының ІІІ Шығармашылық Академиясы» өтті. Жоба осымен бірнеше жыл қатарынан Қазақстанның түпкір-түпкірінен ең жігерлі және талантты жастарды жинайды. Іс-шараның бағдарламасы еліміздің талантты жастарын дамыту мен қолдауға бағытталған.

«Шығармашылық академиясы» республикамыздың 14 облысынан 12-17 жас аралығындағы қатысушыларды қамтиды. Мұндай көлемді іс-шараның ұйымдастырушысы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры және Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы болды.

3000-нан астам бала байқауға қатысып, олардан финалға шыққан 300-ге жуық қатысушы Қазақстанның үздік шеберлерінен әр түрлі өнер салалары, яғни вокал, музыкалық аспаптарда ойнау, бейнелеу және хореография өнері, қарым-қатынас дағдылары және шеберлік өнер бойынша Академияның білім беру бағдарламасынан өтті.

Бір апта бойы өткен шеберлік сабағы мен шығармашылық пәндер бойынша сабақтар уақытында қатысушылар Жүргенов ат. Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының мен Чайковский ат. Алматы Музыкалық Колледжінің жетекші ұстаздарынан құнды білімдер мен дағдылар алды.

Бұл бастаманы іске асыру еліміздің шалғайдағы аудандарынан шыққан дарынды жастарды анықтауға мүмкіндік берді және әлеуметтік жағдайына қарамастан балалар мен жастарға озат білімдер алу және шеберліктерін арттыру үшін өнер салаларындағы үздік оқытушылармен кездесуге бірегей мүмкіндік берді.

– Шығармашыл-дарынды өскелең ұрпақты қолдау мен дамыту Тұңғыш Президент Қорының басты міндеттерінің бірі болып табылады және біз ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясымен бірігіп мемлекетіміздің болашақ потенциалын қалыптастыруға үлес қоса алатындығымызға қуаныштымыз. Биылғы жылғы «Шығармашылық Академиясының» Мемлекет Басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын дамытуға арналғандығының да бәр мәні бар. Мен барлығымыз бірігіп күш салып, бейбіт әрі тұрақты болашаққа негіз сала отырып,  ары қарай да жастарымызды ашуға және қолдауға ықпал етеміз деген ойлаймын, деді Қордың Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров.

Сонымен қоса, бағдарлама Академия түлектерінің кәсіби өзанықталымына және еліміздің Алматы қаласында орналасқан үздік Шығармашылық колледждері мен ЖОО-на түсуге дайындықтарына көмектесу мақсатында құрылған.

Академияның 80 сағаттан астам қарқынды сабақтарының қорытынды Гала-концерт пен көркемөнер бөлімі студенттерінің жұмыстарының көрмесі болды. Салтанатты іс-шара П.И.Чайковский ат. Алматы музыкалық колледжінің ғимаратында өтті.

ҚР Тұңғыш Президенті Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Алтынай Аманбаева

+7 (727) 220-92-16, +7 (701) 506-62-02

a.amanbayeva@fpp.kz, www.fpp.kz

Фото: Виталий Ткач

Поделиться: