25.02.2019 | Алматыда жауынгер-интернационалисттермен кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Алматыдағы өкілдігінде Қор қызметкерлері жауынгер-интернационалисттер – «Казахстанская правда» газетінің атындағы Халықаралық майдандық клубының мүшелерімен достық кездесу ұйымдастырды.

Тұңғыш Президент Қоры мен «Казахстанская правда» газетінің атындағы майдандық клубы арасында көптеген жылдар бойы өзара құрметке, өзара түсіністікке және өзара қолдауға негізделген достық қатынастар сақталып келе жатыр.

Майдандық клубтың мүшелері Қордың қазақстандық өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған іс-шараларына белсенді қатысады. Өз кезегінде, Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен, авторлары клуб мүшелері – Ұлы Отан соғысының ардагерлері болып табылатын кітаптар шығарылады, ардагерлер мен жастардың қатысуымен поэмалық кештер және басқа да іс-шаралар өткізіледі.

Кездесуді аша отырып, Қордың Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров жауынгер-интернационалистерге алғыс айтып, оларға зор денсаулық, молшылық пен амандық тіледі.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылғы 15 ақпанда жауынгерлерді Ауғанстаннан шығаруды аяқтаған күннен 30 жыл өтті.

Ауғанстандағы соғыс ардагерлерін құттықтауға «Контингент» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері келді. Олар өлең оқып, гитарамен ән салып, жауынгерлердің  хаттарын оқып берді және 10 жылға жуық созылған ауған соғысы туралы баяндады.

Отан шекарасынан тыс парызын өтеу барысында ажал құшқан қазақстандықтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Кездесу естеліктерді еске алу мен одан әрі қарай ынтымақтастық туралы жоспарларды талқылаумен жалғасты.

Іс-шараны аяқтай келе, «Казахстанская правда» газеті атындағы Халықаралық майдандық клубтың вице-президенті, ҚР ҰҚК құрметті қызметкері, запастағы полковник, Алмматыдағы «Сыртқы барлау ардагерлері» қоғамдық бірлестігі бөлімшесінің жетекшісі Қабдолда Бекжанов Тұңғыш Президент Қорына қолдау көрсеткені және назар аударғаны үшін алғыс білдірді, ал жастарға жылы тілектерін айтып, қуаныш пен шаттықта ұзақ өмір сүрулеріне батасын берді.

Тұңғыш Президент Қорының атынан жауынгер-интернационалисттерге сыйлықтар табысталды.

 

ҚР Тұңғыш Президенті Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

Фото: Виталий Ткач

Поделиться: